Ойын техникасы
Шабуылдағы ойын техникасы: Кідірістер, бұрылулар, өрнекті ойындар, алдау қимылдар.
Команданы жинақтай отырып, мұғалім төмендегідей маңызды мәселені шешеді: толып жатқан жеке ерекшеліктеріне қарамастан орта мақсатқа біріккен, жаттықтырылған, өзара түсіністік пен көмекке құрылған ойын тобын құру. Бұл жерде ойыншылардың тәсілдік- әдістік дайындығын ғана емес, сонымен бірге белгілі командаға тән ойындық бағыттарды да, сол кезеңдегі баскетбол дамуындағы тенденцияларды да есте ұстаған жөн. Баскетболшыға орын ауыстыру үшін жүру, жүгіру, жанымен жүгіру, секіру, тоқтау және әр түрлі бұрылыстар жасау жаттығуларын жасау қажет болады. Жаттығулардың бұл түрлері допты дұрыс бере білу және шығыршыққа тастау мақсатында қолданылады. Оқушылардың күш-жігер, төзімділігін жетілдіру мақсатында сабақта жаттығуларды қолданудың тиімділігі арта түсуде.
Доппен ойнау техникасы, бірінші және екінші доп берулердегі мергенділік. Допты тартып алған топ шабуылдаушы топ болады. Шабуыл - ойындағы топтың негізі функциясы болып табылады. Шабуылдаушы іс - әрекеттер арқылы топ басымдылыққа ие болып, қарсыласушыға тиімді тактикалық жоспарды пайдалануға міндет еткізеді. Шабуылдаушы топтың негізгі мақсаты - қарсыласушыныңқоржынына допты кіргізу. Бұл мақсатқа 30 с. Ішінде жету үшін арнайы ұйымдастаырылған,бұрыннан ойластырылып қойылған және дайындалған тактикалық жүрістерді пайдалану керек.
Ойын тактикасы
Қорғау тактикасы.Жеңістің ең басты шарты қарсылас шабуылшымен сәтті жасалған күрес. Өз кәрзеңкесіне еш доп жолатпай жеңуге болады. Қорғаныстағы команда әрекеті шабуылға жауап болып табылады. Тапсырманы орындау үшін команда тек өз кәрзеңкесін қорғап қоймай шабуыл да жасау керек. Қорғаныс әрқашан екі қызмет атқару керек: бұзу және құру, шабуыл жасауға мүмкіндік құру.Жеке әрекет. Әр ойыншының дұрыс шешім қабылдауы және оны жасау команданың сәтті әрекетін қамьамасыз етеді. Қорғаушының қандай да бір қатесі қарсыласқа пайда әкеледі, команданың әрекеттерініңұйымсыздығын көрсетеді. Қорғаныстағы әрекеттердің сәттілігі тек техникалық ұсталыққа емес, сенімді және ойынға да байланысты.
Жеке әрекеттердің негізгі тапсырмалары төмендегідей:
1. Қорғаныштағыға допты еркін бермеу.
2. Егер қорғаныштағы допты алса, оның әрекеттерін лезде байлау.
3.Допты тартып алуға әрекет жасау.
4.Бар күшпен шабуылшыға кәрзеңке доп салдырмау, қарсы тұру.
Қорытынды
Қимыл сипатына қарай барлық қозғалыстарды екі бөлімге бөлуге болады: шабуыл техникасы және қорғаныс техникасы. Бұлардың әрқайсысына доппен және допсыз орындалатын әр түрлі сипаттағы қозғалыстар тобы кіреді: орын ауыстыру техникасы, допқа ие болу техникасы, допты тартып алу және әдістерге қарсы қимыл. Мысалы, орын ауыстыру тобына неғұрлым ыңғайлы бастапқы жағдайда, ойыншының орын ауыстыруын қамтамасыз ететін немесе қозғалыстың тоқтауына әсер ететін тәсілдер кірген.
Допты тартып алу және тәсілдерге қарсы қимыл техникасы тобына допты тартып алып, қарсыластарға сәтті тәсіл қолдануға кедергі жасауды мақсат еткен барлық қозғалыстар кірген. Қандай да бір іс-қимылдың нәтижесінде жететін мақсат барлық қозғалыстарды тәсілдерге бөлуге мүмкіндік береді. Мысалы допты қағып алу, беру.
Тәсіл бұл техниканың негізгі буыны. Ойын кезінде пайда болған жағдайларда әр түрлі қозғалыстардың көмегімен бірақ мақсатқа жетуге болады. Сондықтан, тәсілді қолдануға әсер ететін әдістердің бірнеше түрі бар. Әрбір әдістің өзі де бірнеше түрге бөлінеді. Әрбір тәсілді сызба түрінде былайша көрсетуге болады: қозғалыс міндеті – қозғалыс жүйесі – қозғалыс нәтижесі. Қозғалыс жүйесінің өзі бөлімдерден және олардың өзара байланысынан құрылады.
Жүйенің бөлімдері, яғни оны құрайтын элементтер- фаза деп аталады. Бұл қозғалыс жүйесінің ең кіші элементі. Фазаның қашан басталғанын, ұзақтығын, қашан біткенін айырып анықтайды. Қозғалысты фазалар бірінен кейін бірі келеді. Бір мәрте қозғалыста үш фазалық құрам болады. Дайындық фазасы, жұмыс фазасы және соңғы фаза. Дайындық фазасы сыртқы жағдайдағы тәсіл қолдануға биімдеу мақсатына қызымет етеді, соның салдарынан ол ең қозғалғыш элемент. Жұмыс фазасы тәсілдегі ең енгізгі фаза. Ол тәсіл қолданудың сәттілігіне себепші болады. Жұмыс фазасы неғұрлым тұрақты болса, қозғалыс соғұрлым жетікболады. Соңғы фаза әрі қарай жасалатын қимылдардың мүмкіндігін немесе орындалған қозғалыстарды бақылауды анықтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы-Астана:Елода 2008ж.
2. Оңалбек Ш.К. Дене шынықтыру және спорттың ғылым-педагогикалық негіздері.Шымкент-2019ж
3. Қонарбоев Ш.О. Спорттық құрылыстар.Шымкент-2019ж.
4. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы-Астана:Елорда.
5. Тұрыскулов О.Ж. Жаттықтырушы-оқытушылардың ұйымдастыру әдістемелік құзыреттілігі.Шыкент-2017ж.
6. Омаров Б.Дене мәдениеті жане спорт педагогикасы А-2016ж оқулық.
Достарыңызбен бөлісу: |