Реферат орындаған: Сүлеймен Есіл Тақырыбы: «Салауатты өмір салты»



бет6/9
Дата27.11.2023
өлшемі35,56 Kb.
#129051
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ұұ

Қорыта айтқанда, оқушылардың дене тәрбиесінің нәтижесін арттыруда оқу және сыныптан, мектептен тыс жұмыстарының көптеген құралдары мен амал тәсілдерін кеңінен пайдалану ықпалын оның педагогикалық міндеттерін іс жүзінде шешуге ықпалы және мүмкіншілігі зор.
 
 
 
 
 
II-тарау. Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру.
 
 
2.1. Психалогиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер.
Денсаулық- физикалық, психологиялық және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.
«Салауатты өмір салты» деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді. Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні, керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің абайламай айтқан сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді.
Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады, кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.
Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша барлық аурулардың 45% күйзеліспен байланысты болмақ. Сондықтан күйзелістің тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет