Реферат орындағандар: Кеңес Дильназ, Мусаев Имран Курс : 1 курс



бет3/3
Дата17.10.2023
өлшемі320,44 Kb.
#117654
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Microsoft Word Document

Негізгі бөлім:
Кешенді қосылыстар немесе координациялық қосылыстар – жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі химиялық қосылыстар. Олар қатты күйінде де, еріген күйінде де өз құрамын тұтас сақтайтын күрделі молекулалардан тұрады.
Комплекс түзуші ион – ал комплексті қосылыстың молекуласының орталығында орналасқан,көбінесе ол оң зарядты болады.
Комплекс түзушілер- олар негізінен босс орбитальдары бар d және f элементтерінен құралатын иондар.
Лигандалар – орталық атомды қоршай орналасқан молекулалар немесе иондар.
Координfциялық сфера 2- бөлінеді; iшкі және сыртқы болып. Ішкі сфераға лигандалар және орталық атом жатады. Ішкісфераның сыртында әрқашан тік жақша болады. Ал сыртқы сфераға жақшаның сыртындағы элементтер жатады. Әр күрделі заттардағы сияқты оң, теріс болады. Мысалы: K4[Fe(CN)6]
Мұндағы: K-катион, [Fe(CN)6]- анион болып келеді.
Ал комплексті молекула – тек ішкі сферасы ғана болатын кешенді қосылыстар. Мысалы:[P6(NH3)2CI2]. Мұнда сыртқы координациялық сферасы,сол себептен комплексті молекула деп аталады.
Лиганданың өзінің әртүрі бар: Аквакешенді, гидроксокешен,аммиакаттар және ацидокешенді болып жіктеледі.
Аквакешенді-H2O болады. Ол әрқашан +2 тотығу дәрежесін көрсетеді. Мысалы: [Al(H2O)6]CI2. Мұндағы- H2O лиганда.
Гидроксо кешенді лиганда- ОН- болады. -1 тотығу дәрежесін көрсетеді. Мысалы: Na[Al(OH)4]
Аммиакаттар – NH3 молекулалары болады. Мысалы: [Ag(NH)2]CI.
Ацидокешенді – қышқыл қалдықтарының аниондарынан құралатын молекулалар. Мысалы: K4[Fe(CN)6], Мұнда CN- қышқыл қалдығы.
Координациялық сан дегеніміз- ол тік жақшаның іщіндегі лигандалар саны.
Мысалы: Na3[Zn(OH)4]
Мұндағы:Na3- сыртқы координациялық сфера
Zn-кешен түзуші металл.
ОH- лиганда
4- координациялық сан
Кешенді қосылыстар химиялық талдауда, сирек кездесетін маңызды металдарды бөліп алуда, тазартуда т.б. қолданылады. Кешенді қосылыстардың өсімдіктер мен жануарлар организміндегі биологиялық зат алмасу процестеріндегі маңызы зор. Мысалы: мырыштың комплекс қосылысы диабетке қарсы препат-инсулин болып келеді.

Қорытынды бөлім:
Кешенді қосылыстар- жай химиялық қосылыстардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін құрамы күрделі қосылыстар. Кешенді қосылыстар теориясын алғаш Швейцария химигі А. Вернер ұсынды және оны координациялық теория деп атады.Комплексті заттар мен химиялық байланысты заттар,біз күнделікті қолданып жүрген заттардың құрамында кездеседі. Сондықтан химиялық және биологиялық тұрғыданда маңызы зор.Комплексті заттарда көбінесе d мен f металдардан құралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет