Педагогикалық біліктілік және оның тәрбиедегі мәні
Қазіргі әлемде шығармашылық әлеуметті тану әрі дамудың жоғары деңгейіне көтерілу үшін тұлғаға өмір бойы оқу қажеттілігін сезіне отырып, өзін-өзі дамыту үлкен мәселе болып табылады. Нәтижесінде жаңа құндылықтар пайда болды: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі білімдендіру, өзін-өзі таныту. Олар тұлғаға бағытталған білім беру парадигмасының негізіне айналды.
Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашаландыру міндетін қояды, ал оның мақсаты – кадрлардың кәсіптік жеке дамуына арналған жағдай туғызу, бұл - өзіне-өзі дамыту, бойындағы кәсіптік қасиеттерін жетілдіру үшін қайта білім алу, барлық білім беру үрдісі субъектілерінің ұстанымдары мен іс-әрекеттерінің құндылық-мәндік келісімдер механизмін меңгеру деген сөз.
Білім беру қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін арттыру және қайта даярлау үздіксіз үрдіс болып табылады.
Педагогика саласында «біліктілік» термині әр түрлі аспектіде, соның ішінде кәсіби даярлық, кәсіби шеберлік мәселелеріне жақын қарастырылады.
Н.Кузьмина «кәсіби біліктілік – іс-әрекеттің сапалылығының сипаттамасы және еңбектің ең жоғарғы бағасы, ал іс-әрекеттегі кәсіби біліктілік – бұл маманның кәсіби міндеттерді шешуде бүгінгі заманға сай мазмұн мен жаңа әдіс-құралдарды, оларды жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін меңгеру дәрежесімен сараланатын, іс-әрекеттің субъектісіне, нақты мамандық өкіліне, сапалы мінездеме мен баға беру» деп атап көрсетті.
Кәсіби біліктілік – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстінде болатынын өзін-өзі дамыту үрдісі. Осыдан келіп кәсіби біліктілікті іс-әрекеттегі субъекттің жеке интегративті қасиеттерінің мінездемесі ретінде қарастырудың өзектілігі туындайды.
Оқытушының кәсіби біліктілігіне сипаттама жасағанда, педагог тұлғасына тән педагогикалық міндеттерді тиімді түрде шешуге себепкер болатын немесе керісінше кедергі келтіруі мүмкін қасиеттерді ерекше атап көрсеткен жөн. Тұлғаның кәсіби шеберлігінің негізі іс жүзінде педагогиканың барысында қаланып, нақты бір педагогтың іс-тәжірибе барысында байқалады.
ХХІ ғасыр маманның кәсіби шеберлігіне өте жоғары талаптар қойып отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жаңа мыңжылдықта білім беру нарығы жағдайында жеке тұлғаның кәсіби қызметі мен детерминацияланған талаптарымен өлшенетін оның өн бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың танудың қажеттілігін айқындап берді. Бұл жерде нақты айтып өтетін болсақ, қазіргі таңда қоғам өзгеріске түсіп, адам саласы да өзгерді, қоғамдағы өзекті деген мәселелерді шешудің жаңа жолдары табылады. Бұл шешімдердің қатарына жаңа технологиялар арқылы білім беру идеяларын жүзеге асыруға, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін интенсификациялауға, оның сапасы мен тиімділігін көтеруге арналған жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мүмкіндігін қолдану жолдарын ұсынуда.