МЕДИЦИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ «АЯЖАН»
РЕФЕРАТ Пән: «Жалпы гегиена» Тақырыбы: Салауатты өмір салты
Орындаған: Раймкулова Д.А.
Топ: Сд 111 «В»
Отеген батыр
2022 жыл. МАЗМҰНЫ
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
«Салауатты өмір салты» ұғымдарының мәні мен мазмұны.
Қорытынды бөлім
Қолданылан әдебиеттер
Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Адам денсаулығын қалыптастыру және нығайту – медицинаның ғана емес, сонымен бірге барлық оқыту мен тәрбиелеу, білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты мен міндеті. Себебі, шәкірт денсаулығының жағдайы оның оқу үлгеріміне , мінез – құлқына, қарым – қатынастарына тікелей әсер етеді. Осы орайда мектептегі алғашқы сабақтың 4 – 5 минуты гимнастика жаттығуыннан басталса, ерте тұрып таза ауада жүгіріп және арнайы жаттығулар жасалса. Түрлі спорттық ойындар мен секцияларға қатысудың да артықтығы болмас еді. Сөйтіп, жан дүниемізді байытып шынықтырар едік.
Егемен еліміздің болашағы – жастар. Қоғамда болып жатқан жат, жаман әдеттерден бойын аулақтап, төзімділік, табандылық танытқан, адамгершілік құндылықтарды бағалай білген жанның келешегі кемел, өмірі мәнді болмақ. Дүниенің қызығы мен тамашасы сол.
Салауаттану – тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тән, дене, психологиялық, имандылық – адамгершілік және әлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді әрекеттерінен қалыптасады. Кез – келген өзара әсер әрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Әлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның әлеуметтік биологиялық мәні арасындағы қарама – қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты – салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауаттану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу әдіснамасын, денсаулықты сақтау және нығайту амалдары мен әдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі – адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі және өлі табиғатпен өзара әсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып та табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден – дені сау адам, екіншіден – оны қоршағандардың барлығы және денсаулыққа әрекет етуші факторлар, үшіншіден – аурудың пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден – сақтандыру және сауықтыру шаралары болып табылады.