Реферат Пән: Оптика Тақырыбы: Көз оптикалық жүйе. Көру. Визуал оптикалық құралдар. Оптикалық құралдардың ажыратушы күші



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі43,38 Kb.
#117149
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат педагогика

I. Көз оптикалық жүйе
Көз — оптикалық жүйе. Жарық адамдардың айналадағы нәрселерді көруіне мүмкіндік беретін энергияның бір түрі. Алайда көру арқылы ғана біз қоршаған әлемді танимыз. Көру мүшесі – біздің көзіміз. Көз өзінің құрылысы жағынан оптикалық жүйе ретінде фотоаппаратқа ұқсас, бірақ көздің оптикалық жүйесі әлдеқайда күрделі. Адам көзінің пішіні шар тәрізді, шамалы қысыңқы , диаметрі 23-25 мм. Көз сыртқы жағынан үш қабықтан қапталған . Сыртқы ақ түсті қатты және мықты қабығы склера немесе ақ қабық деп аталады. Ол көздің ішін механикалық зақымданудан сақтайды. Склераның алдыңғы мөлдір бөлігі – қасаң қабықша деп аталады. Көздің қалған бөліктеріндегі склера мөлдір емес , ақ түсті, ол белок деп аталады. Склераның ішкі жағынан көзді қоректендіретін күрделі өрімделген қан тамырларынан тұратын тамырлы қабық жанасқан. Бұл екінші қабық – көздің алдыңғы бөлігіндегі әр адамда әр түске боялған сұр, қоңыр, көгілдір және т.б. түсті қабыққа өтеді. Көздің сыртқы мөлдір қабығының ортасында қарашық деп аталатын тесік болады. Жарық қарашық арқылы көз алмасының ішіне өтеді. Түсту қабық – күрделі тамырлы бұлшықет тарамдары. Ол деформациялану арқылы қарашықтың диаметрун өзгерте алады. Көздің қарашығы – ерекше келген тірі диофрагмалар. Тамырлы қабықтың ішкі бетінде торлама немесе торламалы қабық орналасқан. Ол көздің алдыңғы бөлігінен басқа түбін толық жабады. Артқы жағынан қабық арқылы көзді мимен жалғайтын көру жүйкесі кіреді.Торлама негізінен көрі жүйкесі мен олардың ұштарындағы талшықтардың тармақталуынан тұрады және көздің жарық сезгіш бетін құрайды.
Түсті қабықтың артында мөлдір серпімді дене – көз бұршағы бар. Ол өзін склерамен жалғайтын бұлшық еттермен қоршалған. Көз бұршағының диаметрі- 8-10 мм кішкентай көздөңіс линза. Қасаң және түсті қабықтардың аралығында су тәрізді сұйық зат бар, ал көз алмасы қоймалжың затпен — шыны тәрізді денемен толған. Аталған төрт орта – қасаң қабық, су тәрізді сұйық, көз бұршағы және шыны тәрізді дене – оптикалық күші D = 58,5 дптр ( F=17,2 мм) болатын линзаға ұқсас оптикалық жүйе құрайды. Ол күрделі объективтің ролін атқарады. Көз бұлшық еттерінің босаңсыған күйінде фокусы көз ішінде жататын болса, онда оны жақыннан көргіштік деп аталады. Жакыннан көргіштікте көз алмасы үзарып, көз бүршағы аккомодацияға бейімділігін жоғалтады. Сондыктан жақыннан көргіш адам алыстағы нөрсені нашар кереді. Жакыннан көргіш адамдарда нөрсенің анык кескіні торламаның алдында болады, ал торламада кескін анық емес. Жақыннан көргіштікті жасанды түзету үшін—ойыс, шашыратқыш менискілік линзалы көзілдірік киеді Олар нәрсенің анық кескінін торламаға жылжытады. Мұндай линзалардың оптикалык күшінің алдына минус (теріс) таң-басы койылады: -0,5 дптр; -1,5 дптр жөне т.б.
Көздің екінші бір көру кемістігі — алыстан көргіштік адамның жасы ұлғая келе, шамамен 40 жастан асқан соң, біртіндеп артып отырады, бірак кейде туа біткен болады. Алыстан көргіштіктің себебі — көз бұршағының айналасындағы бұлшык еттердің босаңсуынан. Алыстан кергіш — адамда алыстағы нәрсенің де, жақындағы нөрсенің де анық кескіні торламада емес, көз алмасының сыртында, тордың артында болады Сондыктан торламаның өзіндегі кескін анык болмайды. Алыстан көргіштікті жасанды тузету ушін дөңес жинагыш менискілік линзалы көзілдірік киеді. Мұндай линзалар торламада нәрсенің аны кескінін алуға көмектеседі. Алыстан көргіш адамдарға арналған көзілдіріктің оптикалык күші +0,5 дптр, +2 дптр және т.б. Бір көзбен немесе екі көзбен көрудің айырмашылығы бар ма? Бір көзбен көру, бізге кай нәрсенің жакын, кай нәрсенің алыс тұрғанын толык айыруға мүмкіндік бермейді. Сондыктан нөрселер, бізге бір жазықтыкта жаткандай корінеді. Басты бұрмай, бір көзіңді жүмып түрып, жіпті инеден откізіп көріңдер. Екі көзбен кору — кору аймағын кеңейтеді, біз үлкен кеңістікті көреміз. Екі көздің бүлшык еттерінің келіскен әрекеті салдарынан, жақындағы және алыстағы нәрселердің арақашықтығы туралы айтуға, дененің кедір-бүдырын көруге болады. Екі көзбен көретіндіктен, біз нөрсені жазық емес, көлемді күйінде көреміз. Көз гигиенасы. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.
1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу;
2. Жүмыс орнындағы жарықты реттеп отыру; ол тым шаңқиған жарық немесе тым көмескі, әлсіз болмауы керек.
3. Үстелге коятын шамның жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты окығанда, іс тіккенде көзден 30-35 см қашықтықта ұстау.
5. Теледидарды ұзақ қарамау, 2,5-3 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Темекі тартпау, ішімдік ішпеу.
9. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
10. Серуендегенде, орман-тоғай аралағанда көзді бұтақ тиюден сақтау.
11. Көзге бөгде заттардың тиюі өте зиян, мұндайда көзге ақ түседі. Көз зақымданғанда көрсетілетін алғашқы жәрдем егер көзге бөгде зат түссе, дереу кайнатылған жылы сумен көзді сыртынан ішіне карай жуу; көзге қышқыл, сілті сияқты сұйықтықтар тисе, суды ағызып қойып жуу; көзді еш уақытта қолмен уқалауға, сүртуге болмайды; тек таза, жұмсақ шүберекпен сүртеді.
Көз алмасы (лат. bulbus oculi Bulbus — алма, oculus — көз) — пішіні шар тәрізді, алдыңғы бетінен артқы жағына қарай сәл қысыңқы келген көру мүшесінің негізгі бөлігі. Көз алмасының қабырғасы: сыртқы — талшықты (фиброзды) қабықтан, ортаңғы — тамырлы қабықтан және ішкі — торлы қабықтан құралған. Фиброзды қабық мөлдір қасаң қабыққа және ақ қабыққа бөлінеді. Тамырлы қабық алдыңғы жағындағы нұрлы қабықтан, кірпікті денеден және өзіндік тамырлы қабықтан тұрады. Торлы қабық пигментті эпителиймен қапталған, үш қабатта орналасқан нейроциттер қатарынан түзілген жүйке ұлпасы. Оның бірінші қабатын жарық пен түр-түсті ажырататын фоторецепторлы (таяқша, құтыша) нейроцитгер, екінші қабатын биполярлы (қос өсінділі) нейроциттер, үшінші қабатын мультиполярлы (көп өсінділі) ганглиозды нейроциттер құрайды. Мультиполярлы нейроциттер аксондары көз алмасы мен аралық миды жалғастырып, көру талдағышының өтгізгіш жолын құрайтын көру жүйкесін (ми жүйкесінің II жұбы) түзеді. Көз алмасының мөлдір сәулесындырғыш ортасын — қасаң қабық, алдыңғы және артқы көз қуыстарындағы көз сұйықтығы (шылауық) және шыны тәрізді дене құрайды.

II Көру
Көру - көру мүшелерінің және көру таңдағыштарының анализатор жарықты қабылдауы арқылы ағзаңың қоршаған орта нысандары (олардың шамасы, тұрпаты, түсі т.б.) жайлы ақпарат алуы.
Көру түйсігі – айналадағы заттардың пішінін, бедерін, көлемін, түсін, арақашықтық мөлшерін сол қалпында санада бейнелеуге мүмкіндік беретін жүйке қабілеті; біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуі нәтижесінде пайда болатын түйсік. Зерттеу нәтижелері адам жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықтаған. Бұдан біз К. т-нің өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз. Көз арқылы жарықтың қуатын, кері шағылған сәуленің әсерімен заттың түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақын тұрғанын, оның қозғалысын көріп білеміз. Заттар мен құбылыстардың жеке сипаттарын санада айнытпай толық бейнелеу, ең алдымен К. т. арқылы жүзеге асады. К. т. түстерді айырып қабылдай алатын мүмкіндігін қамтамасыз ететін жарық толқынының ұзындығы 390 – 780 миллимикрон (миллиметрдің миллионнан бір бөлігі). К. т-нің жарық толқындарын әр түрлі ұзындық дәрежелерін ажырататын қабілеті бар. Жарық толқындарының ұзындығын айыру әр түрлі түстерді көруге жағдай туғызады: егер жарық толқынының ұзындығы 687 миллимикрон болса, онда қызыл түс, 580 миллимикрон болса сары түс, ал 430 миллимикрон болса жасыл түстерді көре аламыз. К. т. тек түстерді ажыратуға ғана байланысты емес, ол кеңістіктегі заттардың түрлі көлемдік және қашықтық қасиеттерін ажыратуға бейімделген. Көру талдағышы ең жақсы дамыған қүрылым. Оның қызметі нәтижесінде организм қоршаған ортаны бағдарлап, айналасындағы заттардың түсін, пішінін, көлемін жөне оларға дейінгі ара қашық-тықты ажыратады. Эволюциялық даму барысыңда көру мүшесі жарық пен түсті ажы-ратуға бейімделген. Адам мен сүт қоректі жануарларда ол дамудың ең жоғары деңгейіне жеткен. Көру талдағышының негізгі мүшесі-көз алмасы. Ол бас сүйектің алдынғы жағындағы екі ойықта — көз шарасында, орналасқан. Көру мүшесі оптиқалық, фоторецепциялық жүйелерден және қосымша қор-ғағыш аппараттан қүралады.
Көз алмасы шар пішінді қүрылым. Онъщ алдына қарай шығыңқы келген бөлігін көздің алдынғы полюсі, ал артқы жағын — артқы полюсі деп атайды. Сырт жағынан көз алмасы үш қабықпен қапталған. Ең сыртқы фибриозды қабық — ақ қабық, ортаңғы -тамырлы қабық және ішкі — торлы қабық.

Сыртқы қабықтың аддынғы бөлігін «қасаң қабық» деп атайды. Ол түссіз, мөдцір, дөңгелек, дөңес, сағат әйнегіне үқсас келеді. Қасаң қабық арқылы көздің ішіне жарық сәулесі сындырылып өткізіледі. Осы фиброзды қабықтың артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сыр-тын қаптап, нерв қабын түзеді. Ақ қабықты астарлай тамырлы қабық орналасады. Бұл қабатта көзді қоректендіретін қан тамырлары орын тебеді. Тамырлы қабық-тың қасаң қабьгқты астарлай орналасқан алдьщғы бөлігін нұрлы қабық деп атайды. Көздің түсі осы нүрлы қабықтағы бояғыштарға (пиг-менттерге) байланысты болады. Нүрлы қабықтың ортасында қара-шық деп аталатын тесік болады. Ол арқылы жарық сөулесі көздің ішіне өтіп, торлы қабыққа жетеді. Нүрлы қабықта сақиналы және сәулелі бағытта орналасқан ет талшықтары болады. Сақиналы еттер жиырылғанда көз қарашығы тарылады, сәулелі еттер жиырылған-да — ол кеңейеді. Осының нәтижесінде кез алмасының ішіне өтетін жарық сәулесінің шоғыры көбейіп, не азайып отырады да, көз жа-рық күшіне бейімделеді — көз адаптациясы жүреді. Қарашықтық артында екі беті дөңес линза пішінді мөлдір дене —көз бұршағы орналасады. Ол сыртынан белдемшелі жүқа қабықпен қапталады. Қабық беддеміне циннов байламы бекиді. Бүл байлам тамырлы қабықтың қүрылымы — кірпекше еттермен жалғасады. Кірпікшелі дененің жиырылуы нәтижесінде көз бүршағының пішіні өзгеріп, ол не қабысып, не дөңестеліп отырады. Қасаң қабьгқ пен көз қарашығының арасындағы қуысты көздің алдыңгы камерасы, ал қара-шық пен көз бүршағы арасындағы қуысты — көздің артқы камерасы деп атайды. Бүл камералар мөлдір сүйықпен — шылауықпен толған. Көз алмасының көз бүршағының артында жатқан қуысын шыны тәрізді денедеп аталатын түссіз, мөлдір, қоймалжың сүйық зат тол-тырып түрады. Аталған қүрылымдар — қасаң қабық, шьглауық, көз бүршағы жөне шыны төрізді дене, — көздің оптикалық, немесе сын-дырушы жүйесі, деп аталады. Оптикалық жүйе, өсіресе көз бүршағы, көздің ертүрлі қашықтықтан айқын көруге бейімделуін — аккомода-ция процесін, — қамтамасыз етеді. Торлы қабықта жарық сезгіш рецепторлар — таяқшалар мен сауытшалар орналасады, сондықтан оны жарьгқ сезгіш, немесе фоторе-цепциялық, бөлім деп атайды. Торлы қабықтың қүрылымы өте күрделі, ол 10 қабаттан түрады. Оның тамырлы қабықпен жанасатьш сыртқы қабатын пигментті тор-шалар түзеді. Бүл торшалар қүрамында жарықтың шағылысуына мүмкіндік бермейтін фусцин деген пигмент болады. Пигментті қабаттың ішкі бетінен онымен жанасатын келесі бетті бойлай орналасатын өсінділер шығып, олар фоторецепциялық торшаларды қоршап жата-ды. Көзге тым күшті жарық түссе, пигмент дәндері эпителиальдық торшалардан олардың өсінділеріне ығысып, таяқшалар мен сауытша-ларды күшті жарықтан қалқалайды. Түнгі тіршілікке бейімделген жануарларда пигментті торшалар мен фоторецепторлар арасында ерекше кристалдан, немесе талшьгқ-тан, қүралған жарықты кері шағылыстыратын қабат болады. Жарьгқ-тың кері шағылысуы нөтижесінде жарық түскенде түнгі жануарлар көзі жарқырап түрады. Осыдан фоторецепторларға тікелей түскен сөуле ғана емес, шағьглысқан сөуле де өсер етіп, олардың қараңғыда жарықты сезіну мүмкіндігі артады. Кейбір жануарлардың (сиыр, жьглқы, мысық) қараңғыда көзі жарқырап түрады. Бүл көздің түбінде, тамырлы қабықтың алдыңда ерекше шағылдырғыш жар-ғақтың (тапетум) болуына байланысты. Аталған жарғақ күміс крис-талдар сіңген талшықтардан қүралады да, көзге түскен жарықты кері шағылыстырады.
Торлы қабықтьң келесі қабаты сауьггшалардан қүра-лады. Сауытшалар күндізгі көру аппараты, олар күшті жарқыраған жарықпен ғана тітіркенеді, ал таяқшалар түнгі көру аппараты, олар елсіз, қарауытқан сөулелердің өсерімен тітіркенеді. Таяқшалардың жалпы саны 130 млн., сауытшалар саны 9 млн. Үй қүстарында (тауьгқ, үйрек) сауытшалар көп болады. Торлы қабықтың ортаңғы бөліміңде сауытшалар, ал шет жағыңда таяқшалар көбірек шоғырланады.
Фоторецепторлар екі буыннан — ішкі жөне сыртқы, — түрады. Сырт-қы, гшгментті қабатқа жақьгя орналасқан буында жарыққа сезімтал көру пигменті болады, ал ігггкі буында торшалардағы қуат алмасуын қамтамасыз ететін ядро мен митохоңдриялар орналасады. Фоторецеп-торлар буындары бір-бірінен мембранамен бөлінеді. Бүл мембрана ар-қылы 16-18 жіңішке жіпшелерден — фибриллалардан, құралған шоғьф өтеді. Ішкі буыннан өсіңділер басталады. Олар арқылы қозу фоторецеп-торлардан олармен түйісетін қос өрісті (биполярлы) торшаларга беріледі. Қос өрісті торшалар түйінді (ганглиозды) торшалармен жалғасады. Соңғы торшалар өсінділері көру жүйкесін қүрайды. Әрбір қос өрісті торшалар көптеген таяқшалармен байланысады, ал түйінді (ганглиозды) торшалар өз кезегінде көптеген қос өрісті торшалармен түйіседі. Ал өрбір сауытша тек бір ғана қос өрісті торшамен байланысады, сиг-налды соған ғана береді. Демек, қатар жаткан таяқшалардан шыккан сигналдар бір-бірімен тоғысса, қатар жатқан сауытшалар сигналдары жеке-жеке беріледі. Көру таддағышының өткізгіш жолын көру жүйкесі қүрайды. Бүл жүйке арқылы импульстер латеральдық имек дене ядроларымен төрт төмпешіктің алдыңғы екі төмпешігіне бағытталады. Ал соңғы құрылымдар нейрондарының аксонымен импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының шүйде бөлігінде орналасқан көру талдағышының орталығына беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет