Реферат пән «Педагогика» ожсөЖ №2 Тақырыбы: «Педагог-педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі. Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тұлғасына қойылатын талаптар»



Дата11.10.2024
өлшемі56,14 Kb.
#147844
түріРеферат
Байланысты:
ОЖСӨЖ №2


Alikhan Bokeikhan University
Заң факультеті



РЕФЕРАТ
Пән «Педагогика»


ОЖСӨЖ №2 Тақырыбы: «Педагог-педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі. Қазіргі білім беру жүйесінде педагог тұлғасына қойылатын талаптар»


Тексерген: Оспанова Б.К.
Орындаған: Сагадиева Ұлжан
Топ: БИО(ПП)-21, 1 курс
Семей, 2024 ж.
Мазмұны:
I-Теориялық бөлім.
1.1. Педагог . кәсіби қызметінің саласында
1.2. Педагог мамандығының тарихи аспектісі.
1.3. Педагогтың педагогикалық позициясы.
1.4. Мұғалім педагогикалық әрекеттің субъектісі.
1.5. Педагогтың жеке тұлғасына қойылатың талаптар.
III-Қорытынды.
IV-Қолданылған әдебиеттер.

Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде


Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.
Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.
Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.
Педагогтың әлеуметтік позициясыжалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.
Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияныда анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.
Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог:
1. Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы.
2. Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас.
3. Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, онда ол – диктатор.
4. Егер ол осторожное уговариваниені пайдаланса, онда ол – кеңесші.
5. Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – сұраушы.
6. Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол – вдохновитель.
Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін.
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлықретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.
Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммадаберіледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:
- жалпы азаматтық сапа,
- мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,
- мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.
Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.
А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:
- жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),
- жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),
- коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),
- өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу).
Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады.
Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағыныңпедагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.
Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.
Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершіліктіатап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық моралькодексіне сүйенеді.
Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің самоотверженность болып табылады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға болады.
Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық тактмәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет.
Педагогикалық шындықмұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделіненкөрінеді.
Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.
Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі - өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.
Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. Оның негізгі көрінісі – ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады
Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық.Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қанақоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігінешығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу –сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы Ғафу Қайырбеков.
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен.
Қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек?
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты -бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім.
Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше артықшылығы - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын терең меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған,
толысқан шығармашыл тұлғалық құзыреттілігі.
Қазіргі заман ұстазының кәсіби шеберлігінің негізі Мұғалімнің
өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Пәнді жетік білуі,
ойын оқушыларға жеткізу үшін жан жақты, терең
дайындықпен баруы, оқушылар бойына әдеп, әдет, дағды
сияқты жақсы қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды
білуі. Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс тәсілдерін міндетті түрде
меңгеру. Білім берудің ұлттық моделін қолданушы ойшыл,
зерттеуші, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді
шебер меңгерген, психолог -педагогтік сын көзбен қарай
білетін іскер мұғалім қажет.
Күнделікті іс-тәжірибеде мұғалімнің кәсіптік білімін көтеруіне мектеп
қабырғасында жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми әдістемелік кеңес пен бірлестіктердің және зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын
жоғарыда атап өткен мәселелермен қатар,әр мектепте заманауи талапқа сай оқу құрал-жабдықтарымен қатар интернет жүйесі тұрақты жұмыс істеуі қажет.
Ұстаз алдындағы басты міндет ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін,
дүниежүзілік мәдениетті танитын, төл мәдениетін құрметтей білетін,
рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық
құжаттық мәдениеті, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай
белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу,
арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы.  
Педагог – зерттеуші. Педагог зерттеуші ретінде өзінің педагогикалық
қызметінде қайшылықтар мен қиындықтарға кездеседі, оны шешуге
деген қажеттілік туындайды. Жұмысқа шығармашылықпен қарау,
шабыттану – зерттеушіліктің қозғаушы күші болып табылады.
Педагогикалық инновацияның дамуына байланысты, педагогикалық
эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік
қабілетін дәлелдей алады. Сондықтан педагогикалық негізгі
міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып
табылады
Қорытынды:
Педагог - шығармашылықпен өзін- өзі дамытушы тұлға. Педагог – зиялы
тұлға және мәдениет адамы. Педагог – рухани бай тұлға. Педагог –
адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Педагог – бәсекелестікті тұлға.
Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың
биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз бен жанжақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары, зерделі, жанжақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 


1.Мәмбетов Мұталхан. Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті, // Қазақстан мектебі №8.
2. Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987.
3. Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру. Автореферат: п.ғ.к. Алматы. 2002 ж. 26б.
4.Есенғұлова М.Н. Студенттердің қарым – қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары. Пед. ғыл.кан. ...дисс. Түркістан 2007 ж. 57б..
5. Леонтьев А.А. Педагогическое общение. М., 1996.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет