Астана халықаралық университеті
УХТиИЗО кафедрасы
РЕФЕРАТ
Пәні: Қазақстан тарихы
Тақырыбы: Қазақстан ежелгі тарихы бойынша археологиялық зерттеулер
Орындаған: УХТиИЗО-24А тобының студенті Мақсотова А.Р
Тексерген: Еримбетова Қ.М.
Астана, 2024 ж
Мазмұны:
I.КІРІСПЕ
II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы
2.2. Көне және орта ғасырлардағы Есік обасынан табылған «Алтын адам»
2.3. «Ботай мәдениетін»ғаламға жайған ғалым туралы не білеміз?
III.ҚОРЫТЫНДЫ
IV.ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстан жері ежелгі тарихы тереңде жатқан мәдениеттер мен өркениеттердің орталығы болып табылатын аймақтардың бірі. Бұл территория ежелгі дәуірлерден бастап көшпелі халықтар мен отырықшы мәдениеттердің тоғысқан жері ретінде белгілі. Археологиялық зерттеулер арқылы бүгінгі Қазақстан аумағында мыңдаған жылдар бұрын қалыптасқан өркениеттер туралы мол мәліметтер жинақталған. Солардың ішіндегі ең әйгілілері – сақ, үйсін, сармат, ғұн, түркі мәдениеттері. Әр дәуірдің өзіне тән мәдениеті мен өмір сүру салты болғанын археологиялық қазба жұмыстарынан табылған артефактілер дәлелдейді
Қазақстанның археология ғылымы ұзақ уақыт бойы зерттеулер мен қазба жұмыстарын жүргізген ғалымдар арқылы дамыды. Соның ішінде, көрнекті археолог, ғалым Кемел Ақышевтің еңбегі ерекше орын алады. К. Ақышев Қазақстан аумағында жүргізген археологиялық зерттеулерінің нәтижесінде елдің ежелгі тарихы жайлы көптеген құнды деректер жинақтады. Ол жетекшілік еткен экспедициялар кезінде табылған артефактілер Қазақстанның тарихи мұрасын зерттеуде үлкен маңызға ие болды.1950 жылдардың соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады. Көне және орта ғасырлардағы Қазақстан ескерткіштерің әлемдік маңызы зор Есік обасынан табылған «Алтын адам» (б.з.б. \/-І\/ ғасырлар), Бесшатыр (б.з.б. \/І-\/ ғасырлар), Отырар жәдігерлерін ашып зерттеді. Қола, ерте темір дәуірлерінің мәдениеттерін кезеңдеу және мерзімдей мәселелерін анықтады. Көне Қазақстан тарихының негізгі тұжырымдарын жасауға белсене қатысты. Орталық Азия өркениеті жүйесінде ежелгі Қазақстанның орнын айқындауға елеулі үлес қосты. Қ. Ақышевтің зерттеулері Қазақстан аумағындағы ежелгі өркениеттер туралы мол ақпарат берді..
Кемел Ақышев археологиялық зерттеулерінде ежелгі дәуірдің көптеген құпияларын ашып, қазба жұмыстары нәтижесінде түрлі мәдениеттердің тарихи даму жолдарын анықтады. Оның зерттеулері Қазақстанның археологиялық ғылымына ғана емес, әлемдік археологиялық қоғамдастыққа да үлес қосқан.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы
Бесшатыр – Солтүстік-Шығыс Жетісудың сақ тайпаларының этномәдени және сакралдық орталықтарының бірі болып табылады. Ол Алматы облысы, Кербұлақ ауданында, Іле өзенінің оң жағалауында, Шенгелді ауылынан шығысқа қарай 65 шақырым жерде, Алтын Емел табиғи қорығының территориясында орналасқан. Әрбір үлкен қорған жер асты және жер үсті құрылыстарды қамтитын алып сәулет ансамбль болп табылады, оған үйінді, қорған астындағы құрылыс – бөренелерден құрылған мазар, жер асты өтпе жолдар–үңгір жерлер, меңгірлер, шарбақтар, дуалдар кіреді. Құрылыстың басты жер үсті бөлігі – ірі тастан, шағылдан және т.б. бірнеше (3-тен 17-ге дейін) қабатынан құрылған үлкен үйінді. Под насыпью находится наземная деревянная бревенчатая гробница, сооруженная из крупных тянь-шаньских елей. Үйінділердің көп қабаттылығы археологтарға түбегейлі зерттеуге, сурет етіп салуға, фотоға иүсіруге және тіпті Бірінші қорғанның бөренелерден жасалған мазардың үлгісін дайындауға мүмкіндік беріп қорғандар ішіндегі құрғақ микроклиматтың пайда болуына, ағаш құрылыстарын ылғал мен шіруден сақтауға жағдай жасаған.
орған диаметрі 8 дан 70 м және 2 ден 20 м құрайтын 18 патшалық қорғаннан тұрады. Барлық қорғандардың ортақ белгісі–олардың бір типтігі мен қабыр, күрделі түрде құрылған лабиринтболып табылғандығы: коридор –есік алдындағы құрылыс – жерлеу камерасы.
Қорғанның ең ірі жерлеу құрылысы – Үлкен Бесшатыр қорған – 104 м құрайтын диаметріне және 15-17 м құрайтын биіктікке ие. Оның үйіндісі кесілген–конус тәрізді болып, тас жабынға ие. Үйінді айналасында 5-7 м ара-қашықтықта ені 2 м құрайтын, биіктігі 0,6 м құрайтын тас дуал орналасқан. Қорғанның тән ерекшелігі бұл – үлкен тас бағаналар (меңгірлер) мен алып қойтастардан құрылған дөңгелек шарбақтарының екі дөңгелек. Қорған айналасында жалпы 1957 жылы 94 шарбақ табылған. Қазіргі кезде сақталыныпп қалған дуалдар тас дуалынан 36 ден 70 дейін м құрайтын ара қашықтықтағы шиыршық бұрама түрінде үйінді айналасында орналасқан. Дөңгелек тәрізді дуалдардың диаметрі 2-3 м құрайды, олардың ара қашықтығы шамамен 3 м. Олар әдеттегідей 1 ден 2 дейін м биіктігі бар 5-7 тақталар мен қойтастардан тұрады. Олардың жанында жарты жөңгелек түрінде 3 тен 5 ке дейін ірі қойтастар қойылған, олардың әрқайсысының салмағы жүздеген килограммды құрайды
Бесшатыр шетінде қорымға байланысты бірқатар ескерткіштер табылды. Төбе үстінде солтүстік-шығысқа қарай 5 шақырым жерде Бесшатыр қорғандарының дуалдарына ұқсайтын алты дуал орналасқан. Төрт қойтас Бесшатырдан бастысқа қарай 3шақырым жерде орналасқан. Ақырында, қорғаннан батысқа қарай 10 шақырым жерде Іле өзенінің ескі жағалау террасасынан тау етегіне дейін оңтүстіктен солтүстікке қарай 450 м созылған 450 дуалдан тұратын ұзын тізбек орналасқан. Олардың кейбіреулерінде тау ешкілері, қабан мен қасқырдың белгілері соғып жасалған. Бесшатыр қорғандары үлкен салттық-жоқтау кешенінің орталық бөлігі болып табылады. Осында қазба жұмыстар барысында алынған материал құрылыс техникасының деңгейі, ағашты өңдеу әдістері мен жалпы сақ мәдениеті жайында ойлар өзгерді. Олар сақтардың ағаштан, тастан, қамыстан, киізден күрделі құрылыстарды сала алатындықтарын дәлелдейді. Бесшатыр қабірлері қамыс және киіз төсекпен жабылған коридорлар, ауыз үйлер, есік ойығы, тұрғын камерасы бар ағаштан салынған үйлердің құрылысы барысында қолданылған технологияларға тән құрылыс технолоогиясы арқылы салынған. Үйлердің осындай жобасын қола дәуірінен бастап Қазақстанды мекендеген тайпалар пайдаланды.
Бесшатырдың басты құпиялардың бірі жер асты жолдар болып табылады. Олар төрт үлкен қорғанда (Үлкен, Үшінші, Төртінші және Алтыншы) табылған. Қорған асында табылаған жер асты жолдардың жалпы ұзындығы № 6 - 55 м, тоннель биіктігі 1,0-1,7 м, ені 0,8 м құрайды. Жер асты жолдар жерлеу салтына тікелей байланысты екені күдік тудырмайды. Үйіндінің баурайында тегіс дөңдермен аяқталатын ойыстар табылған. Археологиялық зерттеу жұмыстары барысында ойыстар бұл - діни-жоқтау кешеннің әрекеті кезінде ашылған жер асты қуыстарға апаратын кіру есіктері болып табылғандығы анық болды. Кешенді сақтау алдында кіру есігі үйіндінің бір бөлігін бұзылып, бітеп тасталынған.
Бесшатыр қорғандарының ауқымдығы, олардың құрылыстарының күрделілігі және бөренелерден салынған мазарлардың жоба мен құрылыс техникасының бірегейлігі, діни-салттық құрылыстарының мегалитикасы Бесшатырды Еуразияның көшпенді ақсүйектерінің күрделі ескерткіштерінің қатарына қосады.
Қазба жұмыстары барысында алынған мәлімет Бесшатыр қорғанының үлкен қорғандарының бірін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді, осы жерде ашық аспан астында мұражайдың салынуы шетелден де мыңдаған туристтерді тартуға мүмкіндік беретін еді.
Қорым тек діни-тарихи ескерткіштердің қатарына ғана емес, сонымен қатар табиғи-мәдени көріністің ерекше түріне жатады. Алыптығы мен күрделілігі жағынан Бесшатырдың бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ. Бесшатыр ескерткіші тиграхауда сақтарының киелі «Герросы» болып табылатыны сөзсіз, Бесшатыр мұнаралары сәулеті жағынан қоршалатын кеңістікті аяқтайды, оған көз тартарлықты және осы жерлердің қызықтыратын құпиялылығын береді.
.
2.2. Көне және орта ғасырлардағы Есік обасынан табылған «Алтын адам»
«Алтын адам» — 1970-ші жылдарының басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды. Дәлірек айтқанда: Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі. 1969-1970 жылдары археолог К.А. Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін “хайуанат нақышында” жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынаға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген Сондай ақ «Алтын адамнын» медени манызы Алтын адам табылган кезде онын жанында куміс тостаган да болды, онын бетіне кене туркі жазуларынан уксас белгілер жазылган. Бул жазулар сактардын ерте кезеннен-ак жазу мәдениеті мен рухани әлемі дамығанын керсетеді.Алтын адамнын, табылуы ежелгі сактардын, жогары медениет пен шеберлікті игергенін дәлелдейді.Алтын адам " бірнеше себепке байланысты әлем археологиясында айтарлықтай маңызы бар:
Мәдени және тарихи маңызы: бұл артефакт ежелгі қолөнер мен өнердің көрнекті үлгісін паш етеді. Оның керемет орындалуы Орталық Азияның ежелгі өркениеттерінің технологиялары мен мәдениетінің дамуында жоғары деңгейімен ерекше.
Әлеуметтік маңызы: бұл артефактінің жерлеудегі орны оның иесінің ежелгі қоғамдағы жоғары әлеуметтік мәртебесін көрсетеді. Жерлеу контекстін зерттеу ежелгі қоғамдардың әлеуметтік құрылымы мен иерархиясын түсінуге көмектеседі.
Ежелгі мәдениеттер туралы білім: "Алтын адам" біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықта Орталық Азияда өмір сүрген сақ тайпаларының өмірін, әдет-ғұрыптарын, нанымдары мен өнерін түсінудің кілті болып саналады. Оны зерттеу аймақтың ежелгі өркениеттері туралы білімімізді тереңдетуге мүмкіндік береді.
Халықаралық маңызы: "Алтын адамның" табылуы бүкіл әлемнің археологтары мен зерттеушілерінің назарын Орталық Азияның тарихи және мәдени мұрасына аударды. Бұл археология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және білім алмасуға ықпал етеді.
Кимдердін, алтыннан жасалуы сак дәуіріндегі байлык пен билік иелерінін мәртебесін білдіреді. Алтын адам - сактардын, коғамындагы элитаның өкілі ретінде маңызды рөл атқарған. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адамды және оның жерлеу кешенін толыққанды зерттеу, насихаттау мақсатында Елбасының бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық бағдарламасының аясында Қазақстан Респбуликасы Үкіметінің 2010 жылдың 30 қаңтарындағы Бұйрығының негізінде «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрылды. Қазіргі таңда Алтын адам қорық-музейдің негізгі экспонаты және негізгі ғылыми зерттеу объектісі болып табылады. Бүгінгі таңда Алтын адам Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының ерекше бір қырына айналды. Бүгінгі таңда Алтын адам Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің символына айналып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласының ерекше бір қырына айналды.
Қазақстан орталық мұражайы (Алтын адам)
1-сурет
2.3 «Ботай мәдениетін» ғаламға жайған ғалым туралы не білеміз?
Ботай (Кекшетау, Кызылжар, Костанай ) мәдениетінің (б. д.д.
IV-III мынжылд.) кальптасуына еткен әсері қомақты болды. Бұл мәдениеттің өкілдерінің әлемде жылқыны алғаш қолға үйретумен кеңінен айналысқандығы жөніндегі мәліметтер бізге дейін жеткен.
1983 жылы жылкы малы алгаш рет Казакстанда колга уйретіліп
багылгандыты женіндегі жаналык жарияланган еді. Қазақстанның археология ғылымының жетістігін әлемге танытқан дүлдүл ғалымдарымыздың бірі Виктор Зайберт Федоровичь. Виктор Федорович 1947 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Петропавл педагогикалық институтының тарих факультетін "Тарих мұғалімі" мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде бастаған. Әр жылдар ішінде ол археологиялық коллекцияларды қалпына келтіруші, ғылыми қызметкер, музейдің археология бөлімінің меңгерушісі болды.Ғалымның қажырлы да тынымсыз еңбегінің арқасында бүгінде Солтүстік Қазақстан тарихи-өлкетану музейінде ежелгі Ботай қонысынан табылған екі жүз мыңнан астам жәдігер бар.
Зайберт сенсациялық жаңалық ашты: ғаламшардағы алғашқы жылқы Қазақстан аумағында қолға үйретілді. Бұл зерттеу жылқыны қолға үйретудің бұрынғы теориясын түбегейлі өзгертті. Зайберттің есімі археологиялық ортада тек елімізде ғана емес, сонымен қатар шетелде де кеңінен танымал. Ол Солтүстік Қазақстанның ежелгі тарихы бойынша 100-ден астам кітап пен мақалалардың авторы. Белфаст, Кембридж, Оксфорд, Ньюкасл, Эдинбург университеттерінде дәріс оқыды. ІІ дәрежелі "Достық" (2017), "Парасат" (2021) ордендерімен марапатталған.Ғылыми-педагогикалық және басқару жұмыстарын жүргізді, әртүрлі институттар мен ғылыми орталықтарда басшылық қызметтер атқарды, Солтүстік Қазақстан және Көкшетау археологиялық экспедицияларын басқарды.Кейінгі жылдары академик әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде "Археология және дала өркениеті" ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жұмыс істеді.
Виктор Зайберт – өзін толығымен ғылымға арнаған, өзін "Қазақ халқының неміс ұлы" деп атаған ғалым.Ол 40 жылдан артық уақыт бойы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізумен айналысып, әлемге әйгілі болған «Ботай мәдениетін» ашқан . Виктор Зайберттін, жетекшілігімен 1980 жылы Солтустік Казакстанда Ботай конысында казба жумыстары басталды.. Ол Қазакстаннын,археологиялык, мұраларын сактау жене зерттеу жумыстарына белсенді атсалысқан. Осы жаңалықты ашуға негізгі ұйытқы болған, 40 жыл бойы Ботайдың ежелгі адам қонысы екенін дәлелдеуде жүздеген артефактілер тауып, талай археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген. Алайда, Ботай жері сақтаған жұмбақтар әліде бар. Әлі де ежелгі адамдардың тайпалас адамдарды қалай жерлегені анықталмаған. Бірнеше ежелгі адамдардың қалдықтары табылып, археологтарға жаңа жұмбақтарға кенелтті. Олар бұзылған тұрғын-жайлардан табылды. Әсіресе, адамның бас қаңқасы қызығушылық туғызды. Ол қазірде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сақтаулы тұр. Ботай жеріндегі қазбалар жалғасуда.
2-сурет
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ елінің археологиялық ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер орта ғасырлардағы ғалымдармен тарихшылар, географтар мен саяхатшылардың еңбектерінде кездеседі. Олар өз еңбектерінде өздері тікелей көзімен көрген немесе өздеріне айту бойынша мәлім болған қалалармен қоныстардың жұрттарын, оқиғаларды айтып кеткен. Қазақстан жеріндегі археологиялық зерттеулердің жаңа кезеңі Ғылым академиясы құрылғаннан кейін жаңа қарқынмен жүрді. Қазақстан жері тек республикалық ғана емес, сонымен қатар әлемдік маңызға ие болған тарихи және археологиялық ескерткіштеріне бай, осындай әлемдік археологиялық ескерткіштердің арасында Бесшатыр бар. Мың жыл бұрын ол қазіргі Қазақстанда тұрған көне сақтарға табыну жері болды. Осында 2 шаршы шақырым жердегі алаңда Жетісу жерінің көне халқы «сақтардың» алыптығы мен композициялық күрделілігі жағынан ең маңызды археологиялық ескерткіші орналасқан.
Қорым жайындағы алғашқы дерек тарихшы В. Городецкийдің жұмысында болған, онда В. Парфентьев Іле өзенінің оң жағалауындағы қорғандарға 1924 ж.барғаны туралы айтылады. Тек 33 жыл соң К. Акишев басқарған Жетісу археологиялық экспедиция қорғандарды зерттуге кірісті. Бесшатыр қорғаны 2 шаршы шақырым жерді алып жатады, оның солтүстіктен оңтүстікке қарай созылған ұзындығы 2 шақырымды, батыстан шығысқа қарай – 1 шақырымды құрайды. Бесшатырдың басты құпиялардың бірі жер асты жолдар болып табылады. Олар төрт үлкен қорғанда (Үлкен, Үшінші, Төртінші және Алтыншы) табылған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Акишев А. Искусство и мифология саков. – Алма-Ата: «Наука»
2. Маргулан А.Х., Акитер К.А.,Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культ Ненгрального Казахстана. А
3. https://elib.skolib.kz/коллекции/sko-vov/история/-ботай-м-дениет-н-алам-а-жай-ан-алым.html
Достарыңызбен бөлісу: |