Невропатия (neurіtіs, грек. neuron – жүйке) – шеткі жүйкенің қабынуы. Бұл ауру әр түрлі жұқпалы аурулардың (безгек, сүзек, күл, т.б.) салдарынан, организмнің улануынан және витамин жетіспеушілігінен, зат алмасуының бұзылуынан, жүйкелердің жарақаттануынан және олардың қанмен толық қамтамасыз етілмеу әсерінен болады. Клиникалық белгісі: адам ауырсынады, бұлшық етінің сезімталдығы кеміп, ол бірте-бірте семеді. Мысалы, бет жүйкесінің Невриті ортаңғы құлақтың қабынуынан (қысқаша Отит) болады. Бұл кезде бет еттері жартылай не түгелдей салданады. Есту жүйкесінің Невритінде құлақта шу пайда болады, адамның басы айналып, есту қабілеті төмендейді. Ал беломыртқа жотасында шоғырланған жүйке талшықтары мен шонданай жүйкесі қабынғанда, адамның белі шойырылады, қол-аяғы қатты сырқырап ауырып, ұйиды, бұлшық еттері әлсізденіп, аяғын баса алмай қалады. Кейде терісі көгеріп, терлегіш не тоңғыш келеді. Емі: Невритке шалдықтыратын ауруларды емдеу, қан тамырын кеңейтетін және зат алмасуды жақсартатын, ісік қайтаратын дәрілер беру, витаминдерді пайдалану, физиотерапия, инемен емдеу
Неврит – жүйке тіндерінің құрылымындағы күрделі өзгерістерді қамтитын және қабыну сипаты бар ауру. Ауру жүйке ұштарының зақымдалған аймағының барлық бөліктеріне әсер етеді, соның ішінде жүйке тамырларының, байламдарының және өрімдерінің қалыпты жұмысының өзгеруі.Неврит – жүйке ұштарының сезімталдығының төмендеуімен, ауырсынудың болуымен сипатталатын ауру. Сондай-ақ қозғалтқыш функцияларының органдарының жоғалуы мүмкін. Жедел түрінде бұл дененің зардап шеккен аймақтарының сал ауруына айналуы мүмкін.