ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТІРЛІГІ
Т. ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
РЕФЕРАТ
Пәні: Өнер саласындағы арт менеджмент
Тақырыбы: “Тиімді менеджер”
Дайындаған:Балгашов Бекжан
Тексерген: Старший преподаватель кафедры «История Казахстана и социальные науки» Тауенов Канатбек Ергазыевич
Менеджменттің жалпы сапасы - ұйымдардағы стратегияны, үрдістің және мәдениеттің өзгертілуі арқылы толассыз жетілуді басқару техникасы.
Тиімді менеджер - жан-жақты сауатты болып, ішкі және сыртқы рынокты жақсы білуі керек. Ол үшін рынокқа қандай тауар қажет, көпшілік сұранымына сәйкес қандай өнімдер керек, қай жерде қандай тауарлар өтімді, тауарлар мен өнімді сатып алушы клиенттердің мүмкіндігі мен қаржы жағдайы қандай деген мәселелерді анықтап отырады.
Менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады. Менеджмент мақсат қоюға, жоспарлауға және саясатты қалыптастыруға міндетті. Ол үшін болжам жасайды.
Менеджментте басты тұлға, әлбетте, менеджерлер (басқарушы) болады. Менеджерлік қызметтің мәні өзгеріссіз қалады, тек менеджердің функциялары мен оның қызмет әдістері ғана өзгереді.
Осы заманғы менеджерді қоғамдық өндіріс жүйесінде былайша көрсетуге болады: басқарушы, дипломат, лидер, тәрбиеші, жаңашыл (жаңа идеяларды тез қабылдайды деген мағынада), адамдық асыл қасиеттерді бойына сіңірген тұлға.
Басқарушы-менеджер. Бұл әуел бастан менеджерге тән боп келген дәстүрлі функция. Осы функцияны орындау арқылы менеджер қолына билік тиген қызметкерге айналады. Басқарушы менеджер өз сөзінде тұратын, шыншыл, адал, кең пейілді болуы керек. Оның жоғары кәсіби дайындығы болуы тиіс әрі іскерлік сұхбатқа машықтануы, яғни дағдылануы қажет.
Оның зияткерлік көкжиегі кең болғаны дұрыс (күрделі тұжырымдамалардың мәнін түсіну, дәл талдай білу, тілі бай, оқи білуге, жазуға және т.б. қабілетті болуы. («Оқу мен жазу туа бітеді, ал береке тағдырдың тартуы» (У. Шекспир)).
Дипломат менеджер. Көптеген менеджерлік ептіліктер келіссөз процедураларымен байланысты болады. Орта және жоғары буын менеджерлері өзінің жұмыс уақытының көбін негізінен адамдық байланыстарды шешуге, дамытуға, іскерлік байланыстарды тереңдетуге, мәмілелерді бекітуге, қайшылықтарды шешуге, билік өкілдерімен қарым-қатынасты жақсартуға жұмсайды.
Әр қилы делдалдық әрекеттерге менеджерлерді қатынастырудың қажеттілігі артып келеді. Бұл, әсіресе, көбейіп келе жатқан халықаралық байланыстарда маңызды орын алатын дипломатиялық қабілетті қажет етеді.
Лидер менеджер. Лидердің міндетті ісі мен менеджердің міндетті ісі бірдей емес. Көбінесе менеджерліктің міндетті ісі ретінде бизнестің материалдық қосалқы жүйесінің қызметін (ресурстар, процедуралар, өндіріс, технологиялық процестер) қолдауға қажетті кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығы ұғылып жүр.
Лидерлік функция екі қосылмалы кәсіби-технократиялықтан және эмоционалды-тұлғадан тұрады.
Тәрбиеші менеджер. Өндірістік үрдістер күрделене түсуіне байланысты қызметкерлерге қойылатын талап күшейіп отыр. Ең алдымен қызметкерлердің технологиялық эрудициясын көтеру қажет. Осымен қатар олар өмірдегі өнегелік жақтарын жетілдіруі керек. Техника мен технологияның күрделене түскен үрдісі мамандарды тұрақты түрде кәсіби оқытуды талап етеді.
Қызметкердің тәрбиелік деңгейі, асқан өнегелілігі экономикалық
прогрестің (жетістіктің) шешуші шарты болып табылады.
Жаңашыл менеджер. Бұл арада менеджердің инновациялық түрі айтылып тұр. ҒТП қарқыны жоғары болып тұрғанда инновацияға (жаңаны енгізу) немқұрайлы қараушылық артта қалдырады. Тозған құралдарды ұдайы тәртіпке келтіріп, жаңаны енгізуге жұмсалатын қаражатты үнемдегеннен гөрі жаңа техника мен технологияны өндірісте қолдану еңбектің өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыруда әлдеқайда тиімді.
Адами қасиеті мол менеджер. Ол әлеуметтік сапаларға ие тұлғаны білдіреді. Әрбір менеджердің өз мінезі бар – өз-өзін ұстау тәртіптерінің жиынтығы.
Менеджмент бойынша капиталдық еңбек менеджер тұлғасынан табылатын сапа мен мінездік сипатының тізбелерін қамтиды. Мысалы, Ф. Тейлор мінсіз менеджерді ақылды, білімді, техниканы жете меңгерген, күш-жігерлі, сыпайы, батыл, адал, оң мен солын, яғни жақсы мен жаманды айыра алатын адам ретінде сипаттайды.
Бағыныштыларды, яғни қол астындағыларды басқарғанда
«адами тәсілдемеге» ие болуы керек. Менеджер жемісті еңбек етуі үшін мыналарды естен шығармайды: жұмыскерлер оған емес, ол – жұмыскерлер үшін қызмет етуі керек. Жүйе тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін ол екі жаққа да пайдалы болуы керек (Питер Э. Лэнд).
Өз кәсіпорны үшін жаңа нарықты таба алатын әрі нарықтағы өзгерістерге бәсең (әлсіз) жауап беріп қана қоймай, нарықты өзгертуге ықпалы бар маман, білікті менеджер болып саналады.
Менеджердің жұмыс тиімділігі қол жеткен нәтижелер мен кәсіпорын шығындарының арақатынасымен өлшенеді. Мұндай ұйымдағы менеджменттің мақсаты – аз шығынмен мол нәтижеге қол жеткізу болып табылады.
Тиімді басшылық пен басқаруды мұны қалай істеуді білетін адам емес (бұл өте маңызды болса да), мұны істей алатын адам ғана жүзеге асыра алады! (Питер Э. Лэнд).
Басшылық ісінде жетістікке жету үшін менеджердің үш ептілігі (амалы) болуы керек: біріншісі – нақтылығы, мұның мағынасы былай: ол нақты пәндермен (құралдармен, саймандармен, өндіріспен және т.б.) жұмыс істей алу керек; екіншісі – тұжырымдамалығы, яғни тұжырымдамалық ептілігі; үшіншісі – адами – ең басты ептілігі.
Танымал менеджер Ли Якокка менеджердің рөліне қатыстымаңызды қорытынды шығарған болатын: «Барлық шаруашылық операцияларын түпкі түйінінде үш ауыз сөзбен айтуға болады: адамдар, өнім, таза табыс. Адамдар алдыңғы кезекке шығады. Егер сіздің сенімді тобыңыз болмаса,, онда басқа факторларда көп нәрсе тындыра алмайсың».
Әлбетте, менеджер – ол топтың өзінше жаттықтырушысы, оның міндеті – топты жасақтап, олардың өзара әрекетін қамтамасыз ету.
Менеджмент кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметтерді іріктеу (әлеуметтік жағы) туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері (психологиялық бөлігі) туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы. Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатнастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады. Менеджмент тура мағынасында «адамдарды басқару» ұғымын білдіреді. Менеджменттің отаны болған АҚШ-та корпаративтік бизнеспен мүлікке билік жүргізуді жүзеге асыру бойынша міндетті заңға сәйкес өз мойнына алатын тұлғаны менеджер деп атайды. «Менеджмент» термині американдықтар үшін фирманың алға қойған мақсаттарна қол жеткізудегі материалдық және адамдық ресурстарды әлде қайда тиімді пайдалануды және интеграцияны қамтамасыз ететін процесті білдіреді. Басқаша айтқанда, менеджмент – бұл нарық жағдайында фирманы және оның қызметкерлерін басқарудың теориясы мен іс тәжірибесі. Менеджмент – нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі. Менеджмент еркін кәсіпкерлік, бәсекелестік, экономикалық уәждеме (мотивация) жағдайларында туған нақты басқарудың өзінше тұжырымдамасында пайда болып, ресімделеді. Әміршілдік-әкімшілдік, технократиялық, жоспарлы-директивтік, өктемшілік (авторитарное) басқарулар оның қарсы түрлері болуы ықтимал. Басқару типі ретінде менеджменттің негізгі белгілеріне мыналарды жатқызуға болады: 1.Адам, онвң қажеттіліктері, мүдделері, уәждері (мотивы), құндылықтары, нұсқамалары басқаруды ұйымдастырудың бастапқы сәті мен оны жүзеге асырушы болып табылады. 2.Басқарудың тәсілдемесінде, птинциптерінде және әдістерінде экономикалық құралдар мен басқару әдістеріне артықшылықтар беріледі. Бұл әсіресе маркетингте – тұтынушылардың мүддесін алдыңғы орынға қоятын басқаруда жиі білінеді. 3.Менеджермен қызметкерге қойылатын басты талап ретінде көрінетін кәсіби тұрғыдан басқару менеджментке тән. Менедже,р экономикалық және әлеуметтік – психологиялық білімдерді игеріп оқуы керек. 4.Ұйымдастыру ісінде менеджментке жағдайдың өзгеруіне қарай және инновациялық типті ұйымдастыруда, яғни жаңашылдыққа жылдам бейімделе алатындай басқаруды икемді ұйымдастыру тән. 5.Менеджмент менеджменттің жеке басына қойылатын талаптардың кешенін танытуы керек. Олардың ішіндегі негізгілері-тапқырлық, байланысқа бейімділік (коммуникабельность), сенімділік. Менеджменттің басқару өнерімен қатар қойылатыны кездейсоқ емес. Менеджменттің мыналарды қамтамасыз ететін ең маңызды деп саналатын сәттерін бөліп көрсетуге болады: еңбек өнімділігін арттыру; бәсекеге жарамдылық; тұтынушыға бағдарлану (маркетинг); іс-әрекетте еркін болу әрі ереже бойынша жұмыс істеу. Басқару процесі кез келген ахуалға ғылыми тәсілдемені қолдану өнері болып табылады. Менеджмент әрдайым жағдайларға қарай басқаратын ахуалдық басқаруды білдіреді. Менеджментте бастысы – ең алдымен кәсіпорынның мүддесін көздейтін нақты мақсаттарды (ұзақ мерзімді, алдағы кезендік және ағымдық) белгілейді. Ескі стилді ұсынатын кәсіпорын басшыларынан менеджерлердің басты, яғыни принциптік айырмашылығы, міне, осында. Жеке кәсіпорынмен тұтас экономиканың экономикалық жағдайы түпкі есебінде үш негізгі факторлармен анықталады: техника мен технологияның деңгейі; жұмысшы күшінің сапасы және еңбек уәждемелерін кеңінен пайдаланылуы; өндірісті ұйымдастыру және басқару )менеджмент). Менеджменттің жағдайы техникамен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент – бұл экономикалық қатнастардың ерекше саласы.Аса көрнекті экономист Альфред Маршалл (1842-1924 ж.ж.) басқаруды үш дәстүрлі – капиталмен, еңбекпен және жермен қатар өндірістің жеке факторы ретінде бөліп көрсетуі тегін болмаса керек. Техника мен жаңа технологияның дамуы өндіріс ауқымының өсуі басқаруды қиындатып, оны арнайы білімді талап ететін ерекше қызмет түріне бөлді.Мәселені шешу қажеттілігі тәжірибені белсенді түрде байытуға, өндіріс пен еңбекті басқарудың тиімді әдістерін іздеструге, басқару ғылымының пайда болуына әкеп соқты. (Басқару тәжірибесін жүйелеуге талпыныс Англияда ХІХ ғасырдың басында орын алды. Басқару бойынша алғашқы оқулық – математика, инженер профессоры, ағылшындық кәсіпкер Ч.Бебиджаның “Экономика машин и производства” (1832 ж) атты кітабы болды.) Бұл анықтамадан бөлек басалардың көптеген анықтамалары бар. Оның біреуі менеджментті адамдармен қалай қарым-қатнас жасаудың тәсілі ретінде, билік және басқару өнері ретінде, ептілік және әкімшілік машық (административные навыки) және т.б. ретінде қарастырады. Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұны тікелей байланысты. Танымал америкалық менеджер Ли Якокка “Карьера менеджера” кітабында адамдармен қарым-қатнас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді. Осы заманғы басқару ғылымы – пән аралық болады. Басқарудың әрбір функциясы айрықша ғылымға жатады: индустиялық социология, инженерлік социология, әлеуметтік психология, әлеуметтік инженерия және т.б. Шетелдегі менеджменттің дамуы басқарудың нарықтық тұжырымдамасын тудырған басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктірді. Менеджмент мәселелерімен бүгінгі таңда әр түрлі білім саласының мамандары – математиктерден антропологтарға дейін айналысады.
Достарыңызбен бөлісу: |