2.4. ОЖ-нің негізгі функциялары:
Пайдаланушы мен компьютердің программалық-аппараттық құралдарының арасында интерфейс орнату;
Аппараттық қамсыздандыру мен программалық қамсыздандыру арасындағы интерфейс орнату;
Программалық қамсыздандырудың әр түрінің арасында интерфейс орнату.
Компьютер мен қолданушы арасындағы қарым-қатынасты жүргізу;
Мәліметтерді енгізу-шығару және басқару;
Компьютердің барлық аппараттық құралдарының жұмысымен келісілген ресурстарды басқару;
Үрдістерді басқару, яғни бағдарламаларды орындау, олардың компьютер құрылғысымен, деректермен өзара әрекеттесуін орындау;
Нақты қарапайым командаларды – ақпаратты өңдейтін операцияларды орындау;
Орындау үшін бағдарламаны іске қосу;
Басқа құрылғылар жұмысын бағдарламалық қолдау.
Барлық операциялық жүйелер пайдаланушылармен жұмыс істеудің пакеттік және диалогтық режимдерін қамсыздандырады.
Пакеттік режимде – операциялық жүйенің берілген командалар тізбегін автоматты түрде орындайды.
Диалогтық режимде – операциялық жүйе пайдаланушының командасын күтеді де, арнайы команда алған соң орындап, жауап қайтарады да, келесі команданы күтеді. Операциялық жүйе процессор үзілісі мен BIOS үзілісіне негізделген. ОЖ-нің жұмысты үзіп, әрекеттерге жауап бере алуын диалогтық режим деп атайды.
Пайдаланушы интерфейсі 2 түрге бөлінеді:
Графикалық емес ОЖ-де командалық жол интерфейсі қолданылады. Мұнда негізгі басқару құрылғысы – пернетақта. Басқару командалары командалық жолдарға енгізіледі, мұнда командаларды редакторлеуге де болады. Команданың орындалуы Enter пернесін басқаннан кейін жүзеге асады. IBM PC компьютерінің командалық жол интерфейсін MS-DOS операциялық жүйесі атқарады.
Графикалық ОЖ-де интерфейстің күрделірек түрі жұмыс істейді. Мұнда басқару органы ретінде пернетақтадан басқа – тышқан манипуляторы бар. Графикалық ОЖ-нің жұмысы экранның басқару элементтерінің активті және пассивті түрлерінің өзара әрекеттесуіне негізделген.
Активті басқару элементі ретінде тышқанның меңзері болады. Пассивті басқару элементі ретінде – қосымшаларды басқару элементтері (батырмалар, шарт белгілер, ауыстырғыштар, жалаушалар, ашылатын тізімдер, меню жолдары және т.б.) болады. Барлық операциялық жүйелер автоматты түрде жүктеледі.
Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар — тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |