Реферат пәні: Қазақстан тарих



Pdf көрінісі
Дата10.12.2023
өлшемі226,69 Kb.
#135718
түріРеферат
Байланысты:
Сақтар - Альбина Амиля



Шығыс-Қазақстан облысы білім бөлімінің Өскемен қаласы бойынша 
«Заки Ахметов атындағы №16 орта Мектебі» КММ
 

 
 

 

РЕФЕРАТ
 
Пәні: Қазақстан тарих
Тақырыбы: Сақтар,Үйсін,Ғұн
Орындаған: 10"Б” Сынып оқушылары 
Жұмағалиева Альбина 
Сапаргалиева Амиля 
Сынып жетекші: Абселенова Айжан
Жакыпбековна 


Сақтар
(б.з.б. 1 мыңжылдық – б.з. І ғ.) – қазақ жерінде 
өмір сүрген ежелгі тайпа.Б. з. б. I мыңжылдықта 
Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және 
Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта 
жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген 
тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ. ) және 
баска антик тарихшылары оларды Азия Скифтері деп 
атаған. Fылымда сақтардың бұл топтарының Орта 
Азия мен Қазақстан аумағында шоғырланғаны туралы 
көптеген болжамдар бар. Олардың біреуіне сәйкес 
Шаш (Ташкент ауданы),Солтүстік Қырғызстан 
аумағында және Қазақстанның оңтүстігінде 
тиграхауда-сақтар мекендегені,Бұл сақ тайпаларының 
этникалық аумағы кеңірек болған, оған Оңтүстік Орал 
еңірі мен Таулы Алтайда мекеденген.
Сақтардың әлем құрылымы жағынан үш түсінігі бар. 
Олар: аспан әлемі, жер әлемі және Жер астында әлем 
бар деп сенген. Сақтардың түсінігінде әлемнің төрт 
бұрышы оң, сол, Артқы және алдынғы жағы болған. 
Сақтардың ғарыш туралы түсінігі Есік қорғанынан 
Табылған сақ ханзадасының ас киімінде бейнеленген. 
Бұлар- күн, қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің 
суреті. Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше 
белгісі болып саналады.
Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны 
өңдеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері 
жоғары дәрежеде дамыған еді. Қола дәуіріндегі 


сияқты, темір мен мыстың, қалайы мен қорғасынның, 
алтын мен күмістің бұрыннан белгілі кенді 
орындарында жұмыс толастап көрмеген. . Сақ 
ісмерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі 
ұштарын, аттың қайыс-әбзелдерін, әшекейлер мен 
айналар, сол сияқты қазандар мен құрбандық 
ыдыстарын жасаған, олардың көбісі көркем өнердің 
таңдаулы туындыларының қатарына жатады.
Соғыстары туралы айтып кетсек Көне жазбаларға 
қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І 
Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде 
жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің 
құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, 
Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. 
Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де 
Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде 
көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып 
Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан 
атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). 
Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, 
Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. Б. з. б. 1 ғ-дың 
ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. 
Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі 
халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. 
Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: 
сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар 
Сақтардың ұрпағы екенінің бір дәлелі.


Ежелгі заманда Орталык Азия аумағын мекендеген ең 
ірі ру-тайпалар бірлестігі көшпенді хунну - ғұн тайпасы 
болды.Ғұндар тарихынын басталуы Қытай 
дереккездері бойынша Шань-Гуй-фан,Іжоу-Хянь-Юнь 
жэне Хань-Хун-Ну әулеттері тұсындағы Яо дэуіріне 
(б.з.д.2356- 2256 жж.) қатысты. Ғұндарды Шань-жун-
таулык жундар деп атаган. Ол замандарда ғундар 
Қытайдан солтүстікке және солтүстік-батысқа қарайғы 
өңірде өмір сүрген. Қытайдын олар туралы ең Ежелгі 
аңыздары Шу-цзин деп аталады.
Шаруашылық-мәдени типінің негізі – көшпелі мал 
шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты 
рөл атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік 
дамыды.Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған. 
Ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, 
егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Ғұндардың 
негізгі баспанасы киіз үйлер болған. 
Ғұндардың діни-наным, сенімдері ата – бабаның 
аруағына сенуі – дүниеге табуныдың дәлелі. Жалпы 
ғұн тайпалары пұтқа табынған. Алайда, «ғұн 
державасы» орасан үлкен, бірақ саяси жағынан 
батыраңқы, экономикалық жағынан әлсіз, этникалық 
жағынан ала-құла біріккен ел болды. Ішкі 
қайшылықтар, билік жүгізу үшін күрес және сыртқы 
сәтсіздіктер б.з.б. I ғасырда ғұндар державасының 
құлдырауына әкеліп соғып, ол ыдырай бастады. Б.з.б. 
59 жылы ғұндардың өз арасында соғыс басталды. 
НДАР


Б.з.б. 47 жылы ғұндар державасы оңтүстік және 
солтүстік ғұндар болып бөлінді. Оңтүстіктегі ғұндар 
хань империясына бағынды. Ал Чжичжи-шаньюй 
бастаған солтүстіктегі ғұндар тәуелсіздігін сақтап, 
Солтүстік Монголияға және Шығыс Туркістанның 
солтустік аймақтарында көшіп қонып 
жүрді.Қазақстанның оңтүстік батыс және Арал бойына 
Ғұн тайпаларының келе бастаған екінші толқыны б.з. I 
ғ. Басталады (93 ж.). Кейбір археологиялық 
материалдарға қарағанда олардың ескерткіштері 
Испания жерінен табылған. Сондықтан Европа 
деректемелерінде олар гундар деген атпен белгілі. 
Сонымен ғұн тайпаларының шығыстан, батысқа қарай 
жылжуы б.з.б. I ғ. Басталса, б.з. IV ғ. Дейін созылған. 
Алайда, олардың жылжуы жай ғана жүрген жоқ, олар 
бүкіл Евразия және Қазақстан жерінде өмір сүрген 
тайпалар мен халықтардың саяси картасына, 
этникалық құрамына үлкен өзгерістер 
туғызды.Тарихта бұл жылжу тек ғұн тайпаларында 
болып қойған жоқ, басқа да ірі тайпалармен жаңа 
құрыла бастаған халықтардың да жылжуына әсерін 
тигізген. Бұл тарих сахнасына «халықтардың ұлы 
қоныс аудару» мезгілі деген атпен белгілі . 


ҚОРЫТЫНДЫ
 
Ежелгі түркі мәдениеті ежелгі заманнан бері өмір 
сүріп келе жатқан түркі тайпалараның негізінде 
қалыптасқан жалпы мәдениет. Түркі мәдениетінен 
қалған мұралар мен көне тарихи ескерткіштер қазіргі 
таңда тарих саласы үшін құнды деректер болып 
табылады. Түркі мәдениетінің бізге берер тағылы мол, 
мағынасы терең, ерекше мәдени тобы болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет