Атырау инженерлік – гуманитарлық институының колледжі
РЕФЕРАТ
Пәні: Бейнелеу өнері әдістемесі
Тақырыбы: МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ
Мамандығы:
|
01120100 - Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
|
Біліктілігі:
|
4S01120102 - Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқыту ұйымдарының тәрбиешісі
|
Орындаған: 2 курс студенті Сүйесінова Ж..
Оқытушы: Калиева А.Т.
Атырау 2022
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУҒА ҮЙРЕТУДЕ ӘР ТҮРЛІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНЕ БАУЛУ
|
Көкіректе сәулесі жоқтың, көңілде сенімі жоқ, өнерсіз өмірден тез суынар.
Абай
Бала ес біле бастағаннан-ақ өзі жете түсінбес жарқын, тартымды нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды, мәселен, жылтыраған ойыншықтарды, әдемі гүлдер мен заттарды көрсе қуанады. Осының бәрі оның рахаттану, қызығу сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың өнері қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады. Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын, әсем атаулының бәріне жәй ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Бейнелеу өнері- көркемдік талғам қалыптастырудың өзекті құралы ретінде баланы өз халқының эстетикалық мұраларын игеруіне, халық өнерінің айшықты туындыларынан ләззат алуға, рухани дамуына және халық талантын қастерлеуге, сүйе білуге баулиды.
Бейнелеу өнерінде балалардың сурет салуға, өнерді қабылдауы тұрғысынан білім деңгейлерінің әр сатылы болуына байланысты, сурет салуға мүмкіншіліктерін анықтай отырып, сапалы білім беру. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
Сурет салу өнерін үйретуге төмендегідей мақсат қойдым:
- Сурет салу өнері арқылы мектеп жасына дейінгі баланың сезімдік эмоционалдық ортасымен эстетикалық талғамын және шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Алдымызға қойған бағытымыз:
Сурет салу іс-әрекеті арқылы, балаларды жан – жақты дамыта отырып тәрбиелеу;
Балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Сурет салу оқу іс-әрекеті арқылы;
- Күннің екінші жартысында бейнелеу өнері бойынша жеке жұмыстар жүргізу.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Әңгімелесу,кеңес беру,жиналыс,көрмелер ұйымдастыру,ашық есік күндері;
Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыс түрлері:
- Кеңестер беру;
-Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін өткізу;
Алға қойылған мақсатты жүзеге асыруда мынандай міндеттерді аламыз:
- Бейнелеу іс-әрекетіне қажетті негізгі техникалық дағдыларды меңгерту;
- сурет салу өнеріне деген қызығушылығын ояту;
- көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларын меңгерту;
Сурет іс-әрекетіне бейімдеу бағыттары:
- айналаны бақылау және қабылдауын дамыту;
- бейнелеу өнері түрлері және көркем өнер туындыларымен таныстыру, көркемдік талғамын арттыру;
- іскерлік дағдыларды меңгерту.
Баланың бейнелеу іс-әрекетінің негізгі түрлері болып саналатын сурет салу жапсыру,илеу әрекеттерімен шұғылдануы, өз кезінде, оған сан алуан түстер гаммасымен танысуға формалар, сызықтар, түрлі пішіндермен танысуға мүмкіндіктер бере алады.
Сурет салу іскерлік дағдыларын меңгерту балалардың заттық тақырыпта сурет салу дағдыларын бекітеді. Бірнеше заттарды бейнелеп мазмұндысурет салуға, композиция құра білуге үйретеді. Бояу қарындаштар, акварель бояу менқылқаламды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін меңгертеді. Жағыс түрлері: сүйкей жағыс, қылкалам ұшын тік бағыттау, жоғарыдан төмен қарай, солдан оңға қарай біртіндеп жүйелі тегіс бояу, сулау (дымқылдау) тәсілі, үрлеу тәсілі, бояуды шашырату арқылы сурет салу, үзіліссіз сызу, тамшы бояудан бейнеге келтіру, таяқшамен, саусақпен, қауырсынмен сурет салу тәсілдерін, қос бүктеп беттестіру арқылы симметриялы заттардың суретін салуға жаттықтырады. Балалардың қылқаламды еркін ұстап сызықты жіңішке, жуан, жалпақ түсіруге, бояуды қалыңдау жағу үшін қылқаламды көлбеу ұстап қаттырақ басу, сызықтың түрлеріне қарай бағытын өзгерту, қолдың қимыл қозғалысы мен көз мөлшерінің үйлесімділігін дамытады. Суреттің барлық бөлігін біркелкі бояу талабын ұштайды. Бояу түстерін тандап үйлесімді бере білуге дағдыландырады. Бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын меңгертіп, сурет салуға деген қызығушылығын арттыру көзделеді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |