3 Көшбасшылықтың анықтамасы Көшбасшылық (ағылшын тілінен lead – басқару, ал leadership – басқара алу қабілеті деген мағынаны білдіреді) – бұл адамдарды өз-өзін белгілі бір мәнерде ұстауына мәжбүр ету арқылы олардың мінез-қылықтарына әсер ету үшін басқарушының қолданатын құралы. Көшбасшылық- бұл адамның ішкі күшінің, өзіне деген сенімділігінің көрінісі. Менің ойымша көшбасшы болу үшін мынадай қасиеттер қажет: ынта, тіл тапқыштық, ұйымдастырушылық және талапкерлік.
Жақсы көшбасшы – бұл жан-жақты дамыған тұлға. Ол бос уақытын өзін-өзі жетілдіруге жұмсайды. Көпшілік алдында жақсы сөйлей біледі. Өз күшіне деген сенімділікті жоғалтпайды, эмоцияға берілмейді және төтенше жағдайларда тез шешім қабылдауды біледі. Көшбасшы адамдарды бір мақсаттың төңірегінде біріктіріп, үлкен жетістіктерге жетуге итермелейді. Мұндай адамның мінезі мықты болады. Ол өмір қиындықтарынан қорықпайды және соңынан ерген адамдардың проблемаларын шешуге көмектеседі. Қазіргі қоғам бұл адамдарсыз өмір сүре алмайды. Өйткені, ең маңызды шешімдерді солар қабылдайды. Топ болып жұмыс істеу өте қиын, ал оны басқару одан да ауыр. Себебі, көшбасшы әр топ мүшесінің тілін тауып, оларға үнемі қолдау көрсетуі қажет. Басқалардың пікірі өзінікіне ұқсамаса да, оларды тыңдай білуі керек.
4
Тағайындалған және жүре пайда болған көшбасшылық Кейбір адамдар өздерінің ұйымдағы ресми лауазымына байланысты көшбасшы болып саналса, енді біреулер топтың өзге мүшелеріңің оған қалай реакция танытуына орай көшбасшы болып есептеледі. Көшбасшылықтың осы жалпы екі формасы тағайындалған көшбасшылық және жүре пайда :көшбасшылық- тағайындалған көшбасшылық. Топ жетекшілері, кәсіпорын менеджерлері, бөлім басшылары, директорлар және әкімшілер- мұның бәрі тағайындалған көшбасшылардың мысалдары.
Алайда көшбасшылық лауазымға тағайындалған адам белгілі бір жағдайда әрқашан шынайы көшбасшы бола бермейді. Басқалар адамды лауазымына қарамай. Топтың немесе ұйымның ең ықпалды мүшесі ретінде қабылдаған шақта әлгі адам жүре пайда болған көшбасшылықтың үлгісін көрсетеді. Адам жүре пайда болған көшбасшылыққа ұйымда оның мінез-құлқын қолдайтын және қабылдайтын өзге жұрттың арқасында қол жеткізеді. Көшбасшылықтың бұл түрі лауазым арқылы бекітілмейді, дұрысы, ол белгілі бір уақыт ішінде қарым-қатынас нәтижесінде пайда болады. Оған аппаратын кейбір пайдалы коммуникациялық мінез-құлықтың қатарына: ауызшы қарым-қатынас, құлағдарлық, өзгелердің пікірін тыңдау, жаңа идеяларға бастамалық жасау, сондай-ақ қатал, бірақ қатыгез болмау жатады.
Зерттеушілердің дерегінше, көшбасшылықтың жүре пайда болуында коммуникациялық мінез-құлықпен қатар адамның тұлғасы да маңызға ие. Мәселен, Смит пен Фоти (1998) 160 ер жынысты студент қатысқан зерттеуде белгілі бір тұлғалық қасиеттердің көшбасшылықтың жүре пайда болуына байланысты туғанын анықтаған. Әлдеқайда үстемшіл, интеллигент әрі өзінің қайраткерлігіне және ісінің өнімділігіне сенімдірек адамдарды мақсатты топтың өзге мүшелері көшбасшы ретінде көбірек қарастырған. Бұл қорытындының әйелдерге де тән не тән еместігі белгісіз болғанымен, Смит пен Фоти жүре пайда болған көшбасшы ретінде қабылданатын адамдарды анықтауда омы үш тұлғалық қасиетті пайдалану мүмкін екенін мәлімдеді.
Көшбасшылықтың жүре пайда болуына жынысқа қатысты соқыр сенім де әсер етуі мүмкін. Аралас жынысты колледж студенттерінен құралған 40 топ қатысқан зерттеу барысында Уотсон мен Хоффман (2004) мынаны анықтады: өзінің мақсатты топтарын сапалы шешім қабылдауға көндіру тапсырылған әйелдер дәл сондай тапсырма берілген ерлермен бірдей нәтижелі іс тындырды. Әйелдер өз топтарында сол ерлернмен тең ықпалға ие көшбасшы болғанымен,
5 олардың рейтингісі салыстырған ерлерге қарағанда, айтарлықтай төмен болды.
Оның үстіне, ықпалды ерлерге қарағанда, ықпалды әйелдер әлдеқайда тартымсыз көрінеді. Бұдан байқайтынымыз- кейбір ортада әйелдердің көшбасшы ретінде қалыптасуына әлі де кедергілер бар.
Көшбасшылықтың жүре пайда болуы туралы айрықша көзқарасты әлеумеғттік бірегейлік теориясы ұсынады. Бұл көзқарас бойынша, көшбасшылықтың жүре пайда болуы- адамның топ бірегейлігіне жалпылама сәйкес келетін дәрежесі. Топтар уақыттың өтуімен дамитындықтан, топтық прототип те жетіле түседі. Топтың прототипіне мейлінше басымырақ ұқсайтын адам сол топтың көшбасшысына айналады.
Прототиппен ұқсастық көшбасшыны топқа сүйкімді көрсетіп, оларға ықпал етеді.