Реферат Пәні: Педагогика Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға Эссе Орындаған: Альтенова Ақжан Ерікқызы



Дата16.10.2023
өлшемі17,43 Kb.
#116173
түріРеферат
Байланысты:
Педагогика эссе


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Химия факультеті

Реферат


Пәні: Педагогика

Тақырыбы: Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға Эссе


Орындаған: Альтенова Ақжан Ерікқызы

Тобы: ФХ-22-1К

Қабылдаған: Аяған Е.С

Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жандар.


«Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» - деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, ұстаздардың еңбегі ерен. Шәкірт санасы на білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару – екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата – анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру.

Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған.
«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім – тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім.Қазақта «шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген сөз бар, педагогика саласындағы мақсатымызды айқындап алу үшін де алдымен шәкірт талантына жүгінеріміз сөзсіз. Дарынды тұлғаның талантын ашуда қатесіз жол таңдап, дұрыс бағыт көрсету де оңай жұмыс емес.Ұстаз – ол балаға білім нәрін себетін, ақылын айтып, білім үйрететін асыл жан. Бауырлас түріктерде мынадай нақыл бар - «Bana bir harf öğretenin kırk yıl kölesi olurum». Қазақша тәржімаласам: «Бір әріп үйреткенннің, қырық жыл қызметінде бол». Бұл сөз оларға Хз. Алиден жетсе керек. Осы бір нақылмен-ақ, ұстаз деген ұлы тұлғаның аты асқақ екені көрініп тұр. Ұстаздан аларымыз, үйренеріміз көп. Ұстаздың сөзін ұғыну – біздің міндетіміз.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, – деген Абай атамыздың өлең шумақтарын білмейтін қазақ жоқ шығар. Шынында да ұстаздық – дүниедегі барлық мамандықтың төресі. Осы себепті де ұстаздың еңбегін бағалай білуіміз қажет. Ағарту майданында еңбегі сіңген олар – өмірлік ұстаздар.
Ол ұстаз ғой алғаш әріп үйреткен, – демекші әліпбиді үйретіп, сандарды жаттатқан аяулы жанның бейнесі өмірдің қыр сырын білуге, сан қилы құбылыстарын терең түсінуге, адамгершілік құндылықтарға баулитындығымен жадымыздың көңіл төрінен ұмытырмастай орын алары сөзсіз. Менің ойымша, кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі, ұстаздық өнердің тағылымы терең. Қасиетті өнер әр адамның бойына қона бермейді. Шын ұстаз болу үшін ізгілікті ізденіс, ерен еңбек қажет. Шәкірт тәрбиелеуде тәлімгердің алар орны ерекше. Өйткені мұғалім әр бір баланың бойындағы қабілеті көзін ашып, үлкен өмірге бейімдейді. Ғылым иесі – ғалым да, инженер де, құрылысшы да, темір балқытқан жұмысшыда, егін еккен диқан да, мал баққан шопан да, барлығы дерлік ұстаздан білім алып, тәрбие нәрімен сусындаған. Сондықтан да парасатты педагогтерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Қиындығы мен қоса қызығы да жетерлік, ең бастысы жауапкершілігі жоғары бұл мамандықты таңдағандар бұл мәртебелі кәсіпті мақтаныш санайтыны даусыз. Шәкірті биік тұғырдан көрінсе ұстаздың еңбегі ақталғаны. Өйткені қазіргі өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Қытай философының «Маған жай айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс- әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген даналығы көп нәрсені ұқтырып тұрғандай.

Ұлы ағартушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің айтқаны ешқашан ескірмейді: «Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі.» Александр Македонский: «Даңқ пен абыройға кенелуімде мен бір адамға қарыздармын, ол – ұстазым Аристотель» - деген екен.


«Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп хакім Абай айтқандай, мұғалім өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім – тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі педагог-мұғалімдердің қолында.

Ұстаз деген сөзді естігенде не көргенде ойымызға тек мектептегі, унивеситетттегі лекция оқып, конспект жаздыратын мұғалім ғана келмеуі керек. Өйткені спортзалдағы бапкер, зауыт, фабрикалардағы мастер-наставник те ұстаз болып есептеледі. Олар енді ғана келген практиканттарды өзі таңдаған кәсіптің қыр-сырына баулиды. Олар болашақта дүбірлі додаларда көк байрағымызды көкте желбірететін – чемпиондарды, өнеркәсіпте жұмыс істейтін жұмысшыларды тәрбиелейді. Олардың іскер маман, білікті жұмысшы, намысқой спортшы болуы тікелей ұстаздың компетенциясына байланысты.


Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың баласы бас қосса, төр мұғалімдікі» деген ұлағатты сөзі ешқашан жадымыздан өшпек емес. Ұлт ұрпағының ұғымтал болып өсуі ұстаздарға байланысты. Өйткені халқымыз ертеден мектеп табалдырығын аттаған әр баланың санасына «Мектеп – екінші үйің, ұстаз – екінші ата-анаң» деген ұғымды сіңіріп келеді.
«Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» деп қытайдың кемеңгер ойшылы Конфуций айтқандай, яғни мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, өз ісінің шебері болуы керек.

Ұстаз – өзгелерге үйретуден шаршамайтын, өзі де үйренуден, ізденуден тынбайтын мәртебелі мамандық. Осы мамандықты таңдауыма не себеп болды екен… Мүмкін білім берген ұстазыма еліктегендіктен болар.


Алғаш мектеп табалдырығынан аттап, бейтаныс жанның бала көңілінен орын алып, оны білім нәрімен сусындатқан жан – ұстаз.
Осындай қасиетті, таңғажайып әлемге жол сілтеген қарапайым жандардың ыстық аялы жүрегі мен шәкірт үшін ұмытылмас күндер еді. Арадан қанша жыл өтсе де ұстаздың берген білімі мен тәрбиесі ұмытылар емес.Академик , жазушы З.Қабдолов: «Ұстаз көрмеген кісі – үлгі, өнеге көрмеген кісі. Ал үлгісіз, өнегесіз кісіде қандай қасиет болмақ. Асылы адам өзінің азаматтығы үшін алдымен ұстазға қарыздар!» — деп жұрттың көңіліндегі ойды жазушылық құдіретімен шебер жеткізген.
Сол секілді шәкірттердің көңілінен жол таба білген жан.
Қызығы мен қиындығы қатар бұл мамандық – менің өз қалауым еді. Арадан қанша жылдар өтсе де шәкірттерімнің бірі қалада, бірі ауылда, тіпті біреулері көршілес елдерде өмір сүріп бірі – ұстаз, бірі- дәрігер т.б салада маман иесі. Мен оған қуанамын, жігеріме қанат біткендей болады, шәкірттерімнің түрлі салада маман иесі болғанына ризамын. Кей шәкірттерімнің балалық қылығына қынжылатын да кез болды. Ұстаз болу – оңай емес екендігін өз тәжірибемнен, әріптестерімнің тәжірибесінен де көріп жүрмін. Ұстаз болу – жүректілікті, даналықты кезі келсе керек жерінде бала болуды талап етеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет