Байланысты: Реферат п ні Саясаттану Та ырыбы Сайлау ж йелері ж не сайлау О
Сайлау саяси институт ретінде Сайлау институт ретінде қоғамның барлық саласында әрекет етеді. Нормативті институтционализм, негізгі өкілдері Дж. Марч, Й. Ольсен, жэне Дж. Отт. Саяси институттар функцияларын жүзеге асыру үшін ережелерге және нормаларға сүйену керектігін көрсеткен. Бірақ олардың ойымен келісетін болсақ, онда институттың негізгі элементі оның қүрылымы емес, субъектінің мінез — қүлқы жэне шешім қабылдаудың ережелері мен нормаларының жиынтығы болып саналады.
Рационалды таңдау теориясы. Саяси институттардың рационалды таңдау теориясы өзінің негізін экономикалық теориядан алған болатын. Сонымен қатар, оны «демократияның экономикалық теориясы» деп те атайды. Д. Норт, Э. Дауне, Е. Остром алғашқы болып экономикалық үлгілер мен эдістерді саяси институттарга, сайлауға анализ жасағанда қолданған болатын.
Тарихи институтционализм. Бүлар институционалды таңдаудың рөліне назар аударады, К. Телен «Ертеден мемлекеттің тарихи кезеңдері саяси жүйені толық қамтыған немесе саяси жүйенің жеке бөлігіне ғана эсер ету арқылы даму мақсатына ие болған», деп корсете отырып, бүл бағыт өкілдері алғашқы саяси институттың тарихи таңдауы, оның қүрылымдық және қүқықтық жақтары болашақта саяси дамуына үлкен эсері болады деді. Ягни, болашақта саяси институттың кейбір қүрылымдық өзгерістерге үшырайтыны жайлы айтқан. Тарихи институтционализм саяси үдеріске эрі қарай өз әсерін толығымен тигізеді.
Құрылымдық институтционализм. Осы бағыттың жақтаушылары индивидтердің мінез — қүлықтарында күрылымдық стратегияның бар екенін растайды. К. Уивер жэне Б. Рокман, «Институционалды анализ мемлекет пен қоғам арасындағы қарым — қатынасты зерттегенде өте пайдалы» деп түжырымдады. Күрылымдық институционализм бойынша, саяси институттар, оның ішінде сайлау, элеуметтік топтар мен мемлекеттік сектордың субьектілерінің арасындағы қарым — қатынас қүрылымын анықтайды.
Әлеуметтік институтционализм. Бүл бағыт француз мектебімен үсынылады, оның негізін салушы М. Ориу, институт — белгілі бір ортада жүзеге асырылатын нақты бір ой жиынтығы деп аталады. Егер кез -келген элеуметтік топ оның субьектілерінен өзге еркіндікке ие болатын болса, он да ол институтқа айналады. Яғни, институттар қатарына кэсіподақтар, шіркеу, мемлекеттің өзі кіреді.
Сайлау саяси институт ретінде, ең біріншіден, билікті қалыптастырушы бола отырып, басқару органдарын қүру тэсілі ретінде жүмыс атқарады. Сайлаудың өзге билік органдарын құру тэсілдерінен айырмашылығы олардың сайлауда өкілді билік органдарының қүрылуы азаматтардың саяси еркіндігінің ережелеріне негізделеді. Сайлаудың негізгі қүрылымдық компоненттері: сайлау жүйесі, сайлау қүқығы, сайлау үдерісі жэне сайлау кампаниясы[8, 96-98 бб.].
Сайлауды тағайындау — тағайындау, мерзімі, сайлау уақытының мерзімін белгілеу жөнінде шешім қабылдау, шешімді жариялау.
Сайлауды өткізуге дайындық — сайлау округтерінің, сайлау бөлімшелерінің қүрылуы, сайлаушылар тізімдерінің қүрылуы, кандидаттарды үсыну (кандидаттар тізімдері) оларды тіркеу, сайлау алды үгіт, қаржыландыру, техникалық дайындық болып табылады. ‘ Сайлауды өткізу — дауыс беру, ақпараттандыру, бақылау.
Сайлау қорытындысын шығару — дауыс беру қорытындысын анықтау жэне оны жариялау.
Сайлау нәтижесін іске асыру — сайлау үдерісінің қосымша кезеңдері болып сайлау үдерісіне қатысушылар жауапты бола алады, яғни қайта дауыс беру немесе дауыс берудің екінші туры.
Сайлауды тағайындау кезеңдері — заң шығарушы нақтылайды, негізгі тағайындау субъекті және қосымша, кепілдік болып табылады.
Сайлау үдерісінің эрекет етуі барысында халықтың сайлау эрекетінің қоғамның саяси мэдениетімен тығыз байланысы орнайды. «Сайлаушы», «Электорат», «Сайлау белсенділігі», «Электоралды жүріс — түрыс» сияқты категориялар кеңінен қолданыла бастады. Бүл үғымдар ресми, ғылыми басылымдарда да синоним секілді параллель жүреді.
«Электорат» француздың «elektorat» сөзінен шыққан жэне сайлауда белгілі — бір саяси партияға дауыс беруші сайлаушылардың жиынтығы деген мағына береді. Бүл үғым сайлаушылардың саяси үстанымын корсетеді.
Сондықтан қатаң қүқықтық нормаларға негізделген сайлау жүйесі ғана мемлекетте еркін, әділ сайлаулар арқылы өкілді билікті қалыптастыру мүмкіншілігіне ие[9, 12 б.].