Реферат по дисциплине Физика Тема Механика (оценка)


Материялық нүктенің орын ауыстыруы



бет4/6
Дата15.11.2023
өлшемі270,77 Kb.
#122416
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физика

Материялық нүктенің орын ауыстыруы
Механикалық қозғалыс туралы сөз болғанда, кей жағдайда қозғалыстағы денені нүкте ретінде қарастырады. Мәселен, дененің өлшемдері өзінің жүріп өткен қашықтығымен салыстырғанда немесе оның өзінен екінші бір денеге дейінгі арақашықтықпен салыстырғанда тым аз болған кезде, дененің әрбір нүктесінің қозғалысын сипаттаудың қажеті жоқ. Ондай жағдайда дененің өз өлшемдерін ескермесе де болады. Демек, дене қозғалысын сөз еткенде, кейде сол дененің бір нүктесінің қозғалысын сипаттау жеткілікті.
Материялық нүкте деп қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын денені айтады. Шындығына келгенде, табиғатта ешқандай материялық нүкте жоқ. Ол нақты дененің ойдан алынған үлгісі болып табылады. Бұл ұғым механикадағы кейбір мәселелерді шешудің ыңғайлы әрі қарапайым болуы үшін енгізілген.
Метериялық нүкте ретінде қарастыруға келмейтін жағдайлар:
Кеме - жағадан аттанарда немесе жағаға келіп тоқтағанда.
Бала - таңертеңгілікдене шынықтыружаттығуларын жасап жатқанда.
Дененің немесе материялық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қозғалыс траекториясы деп аталады.
Пойыз жүретін темір жол - пойыздың, тас жол (шоссе) - автомобильдің, ұшақтың артында қалған тұманды із - ұшақтың, соқпақ жол - жаяу адамның қозғалыс траекториясын көрсетеді.
Қозғалыс траекториясының түрлері:
1.Түзу сызықты
2.Қисық сызықты:1)Шеңбер бойымен,2)Парабола бойымен
Қандай да бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы осы уақыт ішінде жүрілген жол деп аталады.
А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы S әрпімен белгіленеді.
Дененің (материялық нүктенің) орын ауыстыруы деп дененің бастапқы
9
орнын келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, яғни векторды айтады.
А пунктінен В пунктіне жеткен дененің жүрген жолы орын ауыстыруы S әрпімен белгіленеді.
Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс
Дене түзу бойымен қозғалса, қозғалыс түзу сызықты деп аталады. Егер қозғалған дене кез келген өзара тең уақыт аралығында бірдей жол жүрсе, ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады. Сондықтан қарастырылатын дененің қозғалысы түзу сызықты бірқалыпты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет