Реферат семестрлік жұмыс Пән атауы: Әлеуметтік-саяси білім модулі Мамандығы: Аспап жасау


Көшпелілер мәденитінің даму ерекшеліктері



бет5/6
Дата29.04.2022
өлшемі78,63 Kb.
#32766
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Семестірлік жұмыс.Орынбаев Муса

Көшпелілер мәденитінің даму ерекшеліктері

Ол көшпелілердің тіршілік қарекетінің, тұрмысының ерекшеліктерінен туындайды. Кейбір батыстық зерттеушілер: «Көшпелілер өз бетінше мәдени кұндылықтар жасауға кабілетсіз, олар тек басып алған отырықшы халықтардың мәдениетін қабылдайды. Ал отырықшы халықтардың мәдениеті оларға өтей мәдениет болып қала береді», — дейді. Бұл — мүлде қате пікір. Көшпелілер өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған [Ыдыс-аяқ|ыдыс-аяқтарын], бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Көшпелілердің рухани мәдениеті тіптен бай. Мал шаруашылығы — егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар көшпелілер отырықшыларға қарағанда табиғатқа жақынырақ, онымен өмір сүрген. Көшпелілерде табигатка негізделген дүниетаным, ақынжандылық, қиялшылдық, түптеп келгенде, шығармашылықпен ойлау жүйесі қатты дамыды.

Көшпелілер мәдениетінің тағы бір ерекшелігі — олардың мәдениетінің көбінесе синкретті (біртекті ғана емес, көпқырлы) болып келуінде. Көне заманда қазақ жерінде өмір сүрген тайпалар (сақ, ғүн, үйсін, сармат, т.б.), одан кейін орта ғасырлардағы түркілер бүкіл Еуразиялық көне және ортағасырлық өркениеттер мен әр түрлі себептер арқылы (миграция, жаулап алу, бейбіт көршілік жағдайында) араласты. Сол аркылы көшпелілер өздеріне түрлі халықтардың жақсы мәдени жетістіктерін қабылдады, өздерінің мәдени үлгілерін басқа халықтарға жұғыстырды. Көшпелілер түрлі мәдениеттердің бірбірімен араласуына, жақындасуына қозғаушы күш болған, дәнекер қызметін атқарған.

Көне жазулар күміс тостағандағы жазу (Есік) Көне түркі әліпбиі Қазақ жерінде жазу-сызу сақ дәуірінен бастап пайда болған сияқты. 1960 жылы Ертіс өзенінің оң қанатынан табылған б.з.д. V—IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған түмарда жазу болған. Оны ғалым Алтай Аманжолов оңнан солға қарай «Ақ сықын» — «Ақ марал» деп оқыған. 1970 жылы Есік қаласының түбінен табылған «Алтын адамның» қабірінен жазуы бар күміс тостаған шықты. Тостағанның сыртында екі жолға жазылған 26 таңба бар. Олар бір жағынан, көне түркілердің руникалық жазбаларына үқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне алфавиттік таңбаларға, өсіресе грек, арамей өріптеріне ұқсас. Оны да А.Аманжолов көне түркі тілі сияқты оңнан солға қарай оқыған. Жазудың мазмүны мынадай екен: «Аға, саған (бүл) ошақ! Бөтен (жат ел адамы) тізеңді бүк! Халықта азық-түлік (мол болғай!)!» Зерттеушінің пікірінше, бүл сақ дөуірінде түркі тілінде жазылған, яғни бүдан 2500 жыл бұрын түркі тілдес сак тайпалары әліпбиін жазуды білген. Өткен ғасырдың 60-жылдары Іле өзенінің оң жағасындағы Тайғақ шатқалынан көне тибет жазуы, көне грек әліпбиіндегі жазу табылды. Ғалымдардың пікірінше, грек алфавитімен жазылған жазудың сыртынан айналдыра тибет жазуын жазған. Жазуды грек әліпбиін білетін буддалық монах жазған болуы керек. Қарлүқтар заманында (VIII ғ.) Жетісу жеріне келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалык дүғаларын ойып жазған. Әліпби жазу дүниежүзілік мәдениетке косылған үлкен үлес болып есептеледі. Көне түркілер алғашқы әріп жазуының бір түрі — руналық жазуды ойлап тапқан және пайдаланған.

1. Қытайда тарихи кезеңдер ел басқарған әулеттер билік еткен уақытпен бөлінеді. Тарихта аттары қалған әулеттер ретінде: Чжоу, Цинь, Таң және Сұн, Цин белгілі. Чжоу кезеңі- шамамен б.з.б. ХІ-ІІІ ғғ., бұл кезең сауда және экономикалық өркендеумен мәлім. Б.з.б. ҮІІІ ғ. бастап Чжоу әулеті әлсіреп, билікке ұсақ патшалықтар таласа бастаған. Бұдан кейін үлкен мемлекеттер пайда болып, олар өзара билікке таласты 250 жыл бойы жүргізген. Барлығынан билікті Цинь пашалығы жеңіп алады. Император Цинь Шихуанди Қытайды біріктіреді, ол б.з.б. 221-207 жж. дейін билік етті. Елде бұдан соң билікке талас, көтерілістер өтеді.Б.з.б. 202 ж. шаруа Лю Бан өзін император етіп жариялайды. Сөйтіп Хань әулеті пайда болады. Қытайдың нағыз гүлденген уақыты ретінде тарихта ҮІІ ғ. басы мен Х ғ.- Таң және Х-ХІІ ғғ. Сұн әулеттері көрсетіледі.

Ежелгі Қытай тұрғындары әлем екі қарама-қарсы күштердің: Ян (оң-ер адам күші) және Инь (теріс, әйел дам күші) соқтығысынан туындады деп түсінген. Қытайлықтардың дүниетанымы да осы негізде қалыптасқан. Б.з.б. ІІ мыңжылдықта қытайлықтарда табиғатқа табыну: тау, жер, өзен, күн, ай, жаңбыр, жел т.б. табиғат құбылыстары иесіне сыйыну үстем болған. Олар сыйынды, құрбандық шалды, өздеріне олардан жақсылық тіледі. Олардың арасындағы «ең жоғары» құдайшылық болды. Ол - барлық рухтар мен өлгендер рухынан биік тұрды. Кейіннен патша билігін құдайшылықпен теңестіру пайда болды. Патша аспан баласы, яғни құдайдың жердегі өкілі ретінде есептелді. Б.з.б. ХІІІ ғ. бастап патшаларды белгілеу кезінде «жоғары» құдайшылықты көрсеткен иероглифпен берілген.

Б.з.б. І мыңжылдықтың орта шенінен Қытайда үш негізгі идеологиялық бағыт пайда болып, кейіннен олар діни-фәлсәфәлық жүйеге айналды. Олар: даосизм, Конфуций ілімі және буддизм.

Даосизм негізін салған Лао-Цзы данышпан. Ол б.з.б. ІҮ-ІІІ ғғ. өмір сүрген, «Дао және дэ туралы кітап» деген еңбек жазған. Даосизмнің басты фәлсәфәлық катеогриясы-дао-заң, ереже, жол, мән, тәртіп болып табылады. Бұл бағыт бойынша бүкіл әлем бір заңға- даоға бағынышты. Дао барлық тіршіліктің бастауы, оны анықтаушы белгі- табиғилық.

Дао бойынша табиғат-шынайы өмір даоға тәуелді, басқа ешқандай жоғары күшке бағынбайды. Адам заттардың табиғи ретін өзгертуде әлсіз, сондықтан ол оқиғалардың табиғи барысын күтеді. Дао соңына дейін танылмаған болып, тек адам абыройы- дэ арқылы жүзеге асырылады. Даосизм мәңгілік өмір ілімін уағыздады. Олар мәңгілік өмірді тән өмірін шексіз ұзарту арқылы жету деген сенімді негізге алды.

Б.з.б. ҮІ ғ. соңы мен Ү ғ. басы Қытайда маңызды діни-дүниетаным жүйесі- конфуцийлік пайда болған. Оның негізін салған Кун-Фу-Цзы (б.з.б. 551-479 жж.) еуропалық транскипцияда Конфуций. Оның ілімі ережелер жиынтығы, мораль қағидаларына негізделген. Онда жасқа, лауазымға байланысты өзара сыйласу, құрметтеу дәстүрі негіз болып табылады. Қоғамдағы барлық тәртіпсіздік пен тұрақсыздықты адамдар адамгершілігінің төмендеуінен болады деп түсіндірген. Конфуций патша және аруақ рухына табынуды насихаттады. Бұл ағым саясаттанған болды десе де болады. Конфуций ілімі- патша билігі- халық тәуелдігі немесе салт-дәстүрлерді сақтау арқылы халықты басқару.

Жазу. Б.з.б. ХҮ ғ. Қытайда 2000 иероглифтен тұратын иероглифтік жазу қалыптасқаны белгілі. Көне қытай әдеби шығармаларына б.з.б. І мыңжылдық басындағы «Әндер кітабы»- «Ицзин», онда 300-ден астам ән мен өлеңдер енген, және «Өзгерістер кітабы» жатады. Қытайлықтар жібек матаға табиғи бояумен жазған, б.з. қарсаңында тушь пен қағазды ойлап шығарды. Бұл кезде иероглиф саны 3000-ға жетті. Иероглифтердің дамуы б.з. байланысты болды: б.з. ІІ ғ. иероглиф саны 10 000, ІІІ ғ.-18 000-ға жеткен. Қазіргі кезде ортақ жазу-путунхуа (хань) жазуы енгізілген. Осы кезде алғашқы сөздіктер пайда болып, император сарайларында кітапханалар ашылған. Б.з.б. ІІ ғ. қытайлықтар жылды 12 айға, айды- 4 аптаға бөлді. Б.з.б. Ү ғ. аспан денелерін зерттеп, нәтижесінде 28 жұлдыз бөліп көрсетті. Б.з.б. ІҮ ғ. әлемде алғаш рет 800 жұлдыз аттары енген жұлдыз каталогын жасады. Б.з. б. 28 ж. қытайлықтар Күндегі даққа сипаттама берген. Кейін Чжан Хэн деген астроном – ғалым әлемде алғаш рет аспан денелері глобусы жасалған.

2. Үнді көркем мәдениетінің қайнар көздері Инд пен Ганг өзендерінің жағалауларында пайда болған өте ежелгі өркениеттерден басталады. Жоғары дамыған Хараппа өркениеті (б.з.б. 3-мыңжылдықтың ортасынан 2-мыңжылдықтың ортасына дейін) кезеңіне Сангхол мен Лотхал тәрізді ірі қалалар жатады. Оларға бірыңғай жоспарлау, жолға қо-йылған сумен қамтамасыз ету және құбыр жүйесі, күйдірілген кірпіштерден салынған көп қа-батты құрылыстар, шомылуға арналған қоғамдық бассейндер тән. Б.з.б. 2-мыңжылдықтың ортасынан 1-мыңжылдықтың ортасына дейінгі Солтүстік Үндістанмәдениетіне әдеби деректер мен неғұрлым кейінгі кезеңдерге тән мүсіндік және көркемсуретті бейнелер бойынша баға беруге болады. Құрылыстар ағаштан, саз бен құрақтан салынды.

Үндістан халықтары — өте ежелгі, терең өзіндік ерекшеліктері бар музыкалық мәдениеттің мұрагерлері болып табылады. Оның қайнар бұлақтары халықтардың әр салалы еңбек және рухани қызметіне байланысты халықтық және ұжымдық әдет-ғұрыптардан басталады. Театр, музыка мен би өнері жөніндегі “Натья-шастра” (1 ғасыр) трактаты өзі жарық көргенге дейінгі заманда үнділіктерде өзіндік ерекшеліктері мол, қайталанбас, жоғары дамыған музыка жүйенің өмір сүргенін дәлелдейді. Үнді музыкасына суырып салмалық тән. Үндістанға Кіші және Орталық Азиядан келгендер орныққаннан кейін үнді музыка мәдениеті мұсылмандық Шығыстың музыкалық мұрасымен тығыз байланысқа түсті. Нәтижесінде үнділіктер мен мұсылмандардың дәстүрлі өнерін ұштастырған жаңа стиль пайда болды. Көптеген вокалдық стильдердің ішіндегі неғұрлым танымалдары: дхурупад (бастауын ежелгі храмдық ән айтудан алады), кхиял (дхурупадтың парсы музыкасымен бірігуі нәтижесінде кейінірек пайда болды). Сондай-ақ махаббат қуаныштары мен өкініштері жөніндегі әсем лирикалық ән-тхумри, негізін Пенджабтың халық әндері құраған лирикалық шығарма — таппа, Бенгалия халық музыкасының үлгілеріне жақын бхаджан мен киртан да кең тараған. Кәсіпқой музыка өз бастамасын фольклорлық үлгілерден алғанымен де, классик. және халықтық музыка жанрлары бір-бірінен елеулі түрде ерекшеленеді.

Халықтық театр қойылымдары өте ежелгі заманда пайда болып, әр түрлі әдет-ғұрыптар, ойындар мен билер орындаудан құралады. Халықтық театрдың көптеген формалары шамалы ғана өзгерістермен осы уақытқа дейін келіп жетті. “Рамаяна”, “Махабхарата” эпик. поэмаларының мазмұнын сахнада бейнелеу көпшілік халықтық театрлық қойылымдардың негізі болып табылады.

3. Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444-429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді. Аполло Олимп. Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды.

Посейдон. Классикалық грек трагедиясының негізін қалаушы — ұлы Эсхил (біздің заманымызға дейінгі 525—456 жылдар) болды. Эсхилге дейін бүкіл кейіпкерлерді бір-ақ актер ойнайтын болса, енді сахнаға екінші актер шығарылды, соның арқасында драмалық сахна көріністері жандана түсті. Осы орайда, драмалық қойылымдарда маскалардың, декорациялардың қолданылуы да Эсхилдің есімімен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Эсхил трагедияларында шындық, өділеттілік, діни-этикалық мұра ұғымдары одан әрі айқындалып, азаматтардың рақымшылдығы мен адамгершілігі, өз еліне деген сүйіспеншілігі басты орынға шықты. Мысалы, «Құрсаулы Прометей» трагедиясының басты тақырыбы патриотизм мен рақымшылдық болса, ал «Орестей» трилогиясында адам тағдыры кеңінен көрініс тапқан. Адам тагдыры мөселесі грек трагедиясының дарынды өкілдерінің бірі Софоклдың (біздің заманымызға дейінгі 497—406 жылдар) шығармашылығында өзінің занды жалғасын тапты. Ол өз шығармаларында еркіндікке толы азамат еркінің әділетсіз қатал тағдырға қарсылығын тамаша суреттей білді. Софоклдың «Эдип патша» деп аталатын ұлы трагедиясының күні бүгінге дейін элем сахналарынан түспеуі көп нөрсені аңғартса керек.

Біздің заманымызға дейінгі 480—406 жылдар аралығында өмір сүрген Эврипид психологиялық драманың негізін қалады. Оның «Медея» және «Федра» трагедиялары да адам өліміне өкеліп соғатын шым-шытырық өмірлік уақиғаларға толы болып келеді.

Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады. Ұрылар сияқты қоғамға жат элементтермен қатар, ақылы мен арын сатқан ел билеуші философтарды да әжуаға ұшыратады. Оның 138 «Салт аттылар», «Бейбітшілік», «Лисистрата» және тағы да басқа комедиялары саяси мазмұндағы шығармалар қатарына жатады. Аристофан грек театрының халықтың дөстүрлеріне сүйене отырып театр сахналарында мималарды (өмірдің күнделікті жағдайларын бейнелейтін шағын көріністер) кеңінен пайдаланды. Дөл осы кезенде пантомима жанрының туындауы комедия жанрын одан әрі түрлендіріп, оның халықтық сипатын айқындай түсті. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет