Реферат шқО-ның негізгі орографиялық бірліктері және олардың атауының шығу тарихы Тексерген: Айзада Далеловна



бет4/7
Дата27.09.2023
өлшемі175,85 Kb.
#110833
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
sro(20210411-8319)(1)

Өсімдіктер
Алтайдың баурайын шымды-астық тұқымдас шөптер даласы, одан төменірек бетегелі-селеулі, ал жоғарырақта қайыңды-теректі шоқтоғай аралас шөпті-селеулі дала алып жатыр. 700 м және одан биіктеу жерлерде астық дақылды аралас шөпті шалғын алмасқан қылқан жапырақты орман белдеуі басталады. Кенді Алтайда самырсынды-шыршалы-қара самырсынды ормандар басым келеді, ал Оңтүстік Алтайда олармен сібір қара самырсыны аралас өседі. Сауыр жотасының жапырақты ормандарында Тянь-Шань шыршасы өседі. Кенді Алтайда орманды белдеуден жоғары субальпілік, альпілік шалғындар өседі, одан биікте олар қыналарға ауысады. Тарбағатайда алма ағаштары және теректі ормандар тараған.
Жануарлар
Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай. Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген. Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған.
Орография жер бедерінің шығу тегін, түзуші факторларды және даму тарихын қамтымай, тек сыртқы көріністерін ғана айқындайды. Мысалы, Қазақстан аумағының Орографиялық ерекшеліктері ретінде жазықтар, үстірттер және ұсақ шоқылардың оның батыс, орталық және солтүстік аймақтарын қамтитындығы, ал биік таулар шығыс және оңтүстік-шығыс шетін көмкеріп жатқандығы, соның нәтижесінде жер беті солтүстігіне және батысына қарай ашық, әрі осы бағытта аласара беретіндігі атап көрсетіледі. Ең төмен жатқан жері – Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы (-132 м) мен ең биік жері Тянь-Шаньдағы Хантәңірі шыңының (6995 м) арасындағы биіктік ауытқуы 7127 м. Орография элементтері ретінде Солтүстік Қазақ жазығы, Сарыарқа, Каспий ойпаты, Торғай үстірті, Үстірт, Алай, Жетісу (Жоңғар) Алатауы, т.б. сипатталады.
Алтай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Батыс Сібір ойпатынан Гобь шөліне дейін жан-жаққа таралған. Оңтүстіктегі табиғи шекарасы Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, ал батыс бөлігі Сарыарқадан Қалба жотасы арқылы бөлінеді. Солтүстік-шығыста Шығыс Алтайдың Шапшалы жотасы Батыс Саянмен жалғасады. Алтай таулары 4 мемлекеттің шекараласқан территорияларында орналасқан: Қазақстан (Кенді Алтай — Шығыс Қазақстан облысы), Моңғолия (Гобь Алтайы — Баян-Өлгей аймағы, Ховда аймағы, Алтай аймағы, Увс аймағы ) Ресей (Алтай өлкесі, Алтай Республикасы), Қытай (Шыңжаң-Ұйғыр аутономиялы өлкесінің, Алтай аймағы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет