4. Металл туралы түсінік
Адам ағзасындағы металдар.Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан
белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды
игеруі мен қолданылуына орай, тарихта бүтіндей металл дәуірлеріні ң аты
қалды.
Гоелогия мен металлургияның негізін салған, белгілі металдарды зерттеуші
Георгий Агрикола ХVI ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз
өмір сүре алмайды…егер металдар болмаса…адамдар жабайы аңдардың
арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді» — деп.
Сонымен қатар адам ағзасына металл қажет екенін біз мектеп курсынан
білеміз.Бұл металдардың ағзаға тигізер пайдасы мен олардың кері әсері де
болады. Организм тіршілігінде d элементтердің рөлі ерекше. Олардың көбі
микроэлементтер болып табылады. Мысалы: мыс (Сu), мырыш ( Zn), кобальт
( Со), марганец (Мn), темір (Fe). Ал өсімдіктер мен жануарлардың
организмдерінде олардың мөлшері болар болмас, бірақ олар тіршілікке
қажет. Ал бұдан басқа нағыз сілтілік металдар мен сілтілік жер металдар да
болады. Олар натрий(Na), литий(Li), калий(K) және кальций(Ca), магний
(Mg).
Натрий ( Na) ағзаның өн бойына толық таралған; қан сарысуында,
арқажұлын сұйықтығында, көз сұйығында, асқорыту сөлдерінде,өтте,
бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида таралған.
5.Өмір сүруге қажетті және улы металлдар
Натрий ( Na) ағзаның өн бойына толық таралған; қан сарысуында,
арқажұлын сұйықтығында, көз сұйығында, асқорыту сөлдерінде,өтте,
бүйректе, теріде, сүйек ұлпаларында, өкпеде және мида таралған.
Кері әсері. Na ионының ағзада көп мөлшерде болуы ас тұзын
мол пайдалануға байланысты. Бұл
су алмасуын бұзады, қанды қоюлатады, бүйрекке әсер етеді
және зат алмасуға жүрек-тамыржүйесіне зиянды.
Мыс (Cu). Тірі ағзада адамда мыс, темір тәрізді қан құрамында кездеседі.
Cu элементі аз болса жануарларда амения (қан аздығы),