Бастапқы жағдай – аяқ иықтың бойымен бірдей, параллель немесе екіншісімен алға (келесі әрі қарай берудің бағытына байланысты) тізеден бүгілген. Қол түзелген және алға-төмен бағытталған, шынтақ жақындасқан, саусақтар біршама байланысқан. Кеуде аздап алға бұрылған әдісті жүзеге асыра отырып, ойыншы әрі қарай беру кезнде доп алдында тұратындай етіп тұрады.
Доп саусаққа жақындап иықпен қабылданады. Түзу қол қозғалысымен алға-жоғары иық буынымен ғана жүзеге асырылады. Кеуде түзеліп, аяқ бүгіледі.
Допқа ілесетін қимыл-қозғалысты аяқ және кеуденің бүгілуімен, қолдың алға-жоғары жылжуы, доптың соңынан кеудені түзеп, аяқты бүгіп түзеледі. Бұл амалдың техникасы ойыншыға доптың ұшу жылдамдығымен және оынң траекториясының биіктігіне байланысты. Доп белдік деңгейінен төмен баяу ұшқанда, ойыншы нық тұрғанда, оны төменнен қолдың алға-жоғары түзелген қозғалысымен қабылдайды.
Кейде допты оның бір жағынан ұшып бара жатқан кезнде ұстауға тура келеді. Бұл жағдайда ойынша доп жаққа бұрылады, біріккен қол келе жатқан допты қағып алады. Кеуде доптан басқа жаққа бұрылады, сол кезде бір иық доп ұшқан жаққа қарай көтеріліп, екнші иық түседі. (егер қолдар допқа қарай бағытта ашық болмаса, ол сол жаққа бағытталады).