Реферат тақырыбы : «Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде әйел денсаулығын қорғау»



бет1/2
Дата21.04.2023
өлшемі73,69 Kb.
#85222
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық (1)



«Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасы
РЕФЕРАТ


Тақырыбы: «Жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде әйел денсаулығын қорғау»


Орындаған: Мырзатаев Р.С
Тобы: ЖМҚА-06-21
Қабылдаған: Кабылбекова Д.Х

Шымкент 2023


Жоспар :
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әйелдердің жүктілік, босану және босанғаннан кейін кезеңінде денсаулығын сақтау туралы заңдар
2. Әйел денсаулығын әлеуметтік қорғау
3. Әйел денсаулығын медицина қызметкерлерінің бақылауы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Әйел адам жүктілік кезінде және босанған соң денсаулық сақтау жүйесінің мемлкеттік және муниципальды мекемелерінде азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған қаражаттың есебінен мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Ана денсаулығын қорғау қазіргі кезде мемлекеттің басты мәселелерінің бірі болып табылады.


Бұл мәселе тек қана Қазақстанның ғана емес, көп мемлекеттердің алдыңғы қатарлы проблемаларына айналып отыр. Әр мемлекет өз демографиялық жағдайын жақсарту мақсатында, өз мемлекет тұрғындарына тиімді заң жобаларын ұсынып отырғаны белгілі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” ҚР-ның Кодексі (2014 жыл)
17-тарау Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
Mutterschutzgesetz
(Ана денсаулығын қорғау 2002жыл өңделген нұсқасы)
Ана мен бала өлімін азайту. Ана денсаулығын қорғау.
Дүниеге дені сау сәби алып келу.
17тарау
Адамның ұрпақты болу құқықтарын қорғау
97-бап. Әйелдердiң жүктiлiк, босану және босанғаннан
кейiнгi кезеңiнде денсаулығын сақтау
1. Әйелдiң жүктiлiк кезеңiнде, босану кезiнде және босанғаннан кейiн, оның iшiнде шарананы тiрi туудың және өлi туудың халықаралық критерийлерiмен айқындалатын мерзiмiнен бұрын босанғаннан кейiн Қазақстан Республикасының аумағында рұқсат етiлген әдiстердi қолдана отырып, денсаулығын сақтауға және көмек алуға құқығы бар.
2. Жүктi, босанатын және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында медициналық, консультациялық көмек тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шегiнде ұсынылады.
3. Жүктiлiк кезеңiнде зерттеп-қарау, емдеу және медициналық араласу әйелдiң немесе оның заңды өкiлiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
Зерттеп-қарауды, емдеудi және медициналық араласуды кешеуiлдету әйелдiң және баланың (шарананың) өмiрiне қауiп төндiретiн жағдайларда зерттеп-қарауды, емдеудi және медициналық араласуды жүзеге асыру туралы шешiмдi дәрiгер немесе дәрiгерлiк комиссия қабылдайды.
Mutterschutzgesetz
(Ана денсаулығын қорғау туралы заң)

  1. Әйелдiң жүктiлiк кезеңiнде, босану кезiнде және босанғаннан кейiн, оның iшiндегі сәбидің тiрi туудың және өлi туудың халықаралық критерийлерiмен тексеру.

  2. Жүктiлік кезінде және босанған әйелдерге денсаулық сақтау жүйесi ұйымдарында медициналық көмекті тегін көлемде алу.

  3. Жүктiлiк кезінде жүргізілетін барлық манипуляцияларды(УДЗ, скринингтік тесттер, анализдерді т.б. тек қана көрсетілімдер бойынша).

  4. Жүктілік кезінде жалақысын 20 пайызға көтеру.

  5. Жүктілік кезінде, босанғанға дейін жұмыс орнын босатпай демалысқа кету(жүктілік бойынша демалысқа дейін).

  6. Босанғанға дейін егер жұмысы(жұмыс орны) босанушы әйелдің денсаулығына зиян келтірсе-дәрігердің тағайындауы бойынша (жұмыс орны сақталады) демалысқа шығу. Демалыс уақытында ең аз көлемдегі жалақы мөлшері төленіп отырады.

Ана және бала денсаулығын қорғау – мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралар жүйесіндегі негізгі мәселе, оның медико-әлеуметтік мағынасы болып ана денсаулығын сақтау, ана және бала өлімін азайту, дені сау ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Ана мен бала денсаулығының көрсеткіштері қоғамның әлеуметті-экономикалық дамуының сезімтал индикаторы ретінде саналады. Сол үшін бұл екі мемлекеттің негізгі мәселелерінің
Бастыларының бірі.

Әйел денсаулығын медициналық тұрғыда қорғау

  • Жүктіліктің басынан аяғына дейін жүкті әйел әйелдер консультациясының бақылауында болады. Жүктіліктің дұрыс өтуін бақылау үшін қажетті тексеру жұмыстары мемлекеттің қаражаты есебінен тегін жүргізіледі. Жүктілікті уақытында бақылап отыру - ана мен бала денсаулығына тиетін қауіпті дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Егер жүктілік кезінде қауіп-қатердің алдын алу мүмкін болмаса, ана денсаулығын қорғау үшін жүктілікті жасанды үзу жүргізіледі. Бұл ДДҰ-ның жүргізетін қағидалардың бірі

Скрининг жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет