Реферат тақырыбы : Линзалар Орындаған:Құнанбай Ажар Тексерген: Тунгушбекова Мейрамкул Какенова 2023 жыл



бет3/5
Дата06.02.2023
өлшемі109,59 Kb.
#65498
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Линзалар Құнанбай Ажар

Линзалардың түрлері:

2. Жазық дөңес линза


3. Дөңес ойыс линза
4-6 суреттердегі линзалар, шашыратқыш линзалар қатарына жатады.
4. Екіжақты ойыс линза
5. Жазық ойыс линза 
6. Дөңес ойыс линза
Суреттегі линзаның басты элементтері: NN – оптикалық ось, О – оптикалық центр, F – фокус аралығы, F' – кескін, H – кескін биіктігі.



Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады.
Линза (лат. Lens - чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық беттен шектелген) денені айтады.
Ортасы шетінен қалың болатын дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын ойыс линза болып ажыратылады. Осы линза түрлерін 89 а (дөңес) және 89 б (ойыс) суреттерде кескінделген және олардың шартты белгісі бейнеленген.
Сфералық беттердің с1 және с2 центрлері арқылы өтетін түзу сызық линзаның бас оптикалық осі деп аталады. Осы осьтегі о нүктесі линзаның оптика центр деп аталады.
Дөңес және ойық линзалардағы сәулелер жолы әр - түрлі.
Дөңес шыны линзалар ауада параллель жарық шоқтарын бір нүктеде түйістіреді, сол себепті оларды жинағыш деп атайды.
Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын шашыратады, сол себепті оларды шашыратқыш линзалар деп атайды. Жинағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің созындылары қиылысатын F нүктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линза да жалған болады.
Кез - келген линзаның әр жағында екі бас фокус болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, онда осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады.
Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген әріппен белгіленеді: F – линзаның фокус орталығы.
Линзаның фокус орталығы оның бетінің қисықтығына байланысты болады. Беті дөңестеу линза жарықты бетінің дөңестігі нашар линзаға қарағанда күшті сындырады, және сол себепті фокус аралығы қысқа болады.
Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау үшін оған күн сәулесін бағыттау қажет. Линза артындағы экранда күннің айқын кескінін алып, линзадан экранға дейінгі қашықтықты өлшеу керек. Күн өте қашықта орналасқандықтан линзаға келіп түсетін сәулелер параллель шоқ болады, онда кескін линзаның дәл фокусына орналасады.
Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді және де линзаның оптикалық күші деп аталады. D=1/F. Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші соғұрлым көп болады, онда ол жарықты күшті сындырады. Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі м(- 1) болады. Басқаша бұл бірлік диоптри (дптр) деп аталады. 1 дптр – бұл фокус аралығы 1 метр болатын линзаның оптикалық күші. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзаның фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есптелінеді. Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет