Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
РЕФЕРАТ Тақырыбы: Қоғамның саяси жүйесі және режимдер
Орындаған: Талягизова Н
Тексерген Аманиязова Б А
Ақтөбе 2023
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Саяси жүйе
2.2 Саяси режимдер
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Саяси билікті жүргізудің нақты бағыттарын және саяси жүйенің сипатын анықтауда «саяси режим» түсінігі үлкен маңызға ие болады. Саяси режим деген не және оның негізгі түрлері қандай деген мәселелер осы рефератымның мазмұнында қарастырылады.
Саяси режим – мемлекеттің, қоғамның және жеке адамның арасындағы қарым-қатынастардың сипатын анықтайтын мемлекеттік билік органдарының қызмет-әдістерінің жиынтығы. Басқаша айтқанда, мемлекеттік белгілі бір типіне тән билік жүргізудің тәсілдері мен түрлерінің жиынтығын саяси режим деген түсінік арқылы білдіруге болады. Ең бастысы – саяси режим қоғамындағы саяси бостандық деңгейін бейнелейді. Саяси режим мемлекеттік басқару нысанымен, қоғамдағы сан алуан саяси күштердің ара салмағымен және мемлекет билігін ұйымдастырудың қалыптасқан дәстүрлерімен сипатталады.
ІІ Негізгі бөлім 2.1 Саяси жүйе Саяси жүйе қоғам, мемлекет және тұлға арасындағы байланысты жүзеге асырады. Осы байланыстың әлеуметтік өмірдің басты субъектілерінің арасында қалай және қандай тәсілдердің, құралдардың, күштердің көмегімен қандай ұйымдасқан формада жүзеге асатыны - өте маңызды мәселе. Бұл жағдай қоғамды, мемлекетті, тұлғаны өзара әрекеттесуші субъектілердің жүйесі ретінде көрсетеді. Мұндағы субъектілер дербес элементтер және олардың арасындағы өзара әрекеттесудің өзіндік тәсілі «саяси режим» ұғымымен белгіленеді.
Қоғамның пайда болу кезеңінен бастап адамдарды қауымдастыққа қалай біріктіруге болады, жеке адамдардың мүдделері мен тұтастай қоғамның мүдеделерін қалай біріктіруге болады деген әлеуметтік проблемалар «мәңгілік» болып қала берді. Осы проблеманы шешудің шынайы тәжірибесі зерделенген саяси ойлар тарихында оларды біріктірудің авторитарлық және демократиялық деп аталатын екі тәсілі бар. Демократиялық және антидемократиялық режимнің өзінің ішкі бөлінуі (дифференциясы) және нақты түрі(модификациясы) бар.
Демократиялық режим дегеніміз - мемлекеттік биліктің халық алдында есеп беру мен сайлау негізінде қалыптасқан саяси құрылым болып табылады.Сондай ақ барлық азаматтардың заң алдында тең праволық фактілеріне сүйенеді.
Саяси биліктің демократиялық режиіміне мыналар жатады:
1.Баламалы және белгілі мерзімде өткізілетін ашық сайлаулар .Үкімет сайлау нәтижесінде қалыптасады және көпшіліктің үкіметі болып табылады;
2.Жеке адамның құқығы мен еркіндігі заң жүзінде қорғалады;
3.Азшылық құқы жүзінде қорғалады.
Демократиялық емес тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып екіге бөлінеді. Демократиялық емес тәртіп түрлеріне мыналар жатады:
1.Мемлекеттік биліктің ел азаматтарынан толық тәуелсіз болу;
2.Заң орындарына атқару билігінің есеп бермеуі;
3.Жеке адамның мемлекеттік аппарат алдындағы дәрменсіздігі;
4.Жеке адам мен азшылық құқының аяқ асты болуы.
Демократиялық емес тәртіптің неғұрлым оспадарсыз түрі тоталитарлық тәртіп болып табылады.Оның негізгі белгілері мынадай:
1.Бүкіл қоғамның саяси өміріне ықпал жүргізетін бірден-бір бұқаралық парияның болуы;
2.Қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып отырған идеологияға мемлекеттің қожалықтың болуы;
3.Экономия мен саясаттың бірігуі,экономиканың саясаттануы;
4.Адам өмірінің барлық саласына аппарат тарапынан жаппай бақылаудың болуы;
5.Азаматтық қоғамның болмауы,жеке адамға террор мен зорлықтың қолдануы.
Тоталитарлық қоғамның тарихи мысалы ретінде фашизм мен сталинизмді атауға болады.
Сонымен, тоталитарлық жүйе дегеніміз – үстем билеуші элитаның күштеуге негізделген ұйымдасқан саяси үкіметі. Билеуші элита біртұтас бюрократиялық аппарат болып қалыптасқан және оны белгілі бір көсем басқарады.
Авторитарлық тәртіптің негізгі белгілері:
1.Саяси және жеке тәртіпті бұзбау және өкіметке қарсы шықпау негізінде кейбір еркіндіктерге мақсат етілу;
2.Көппартиялықтың болуы;
3.Диктатураның идеологиялық болмауы.
Авторитарлық режинің мәні, діндік немесе саяси ұйымның шексіз билігі. Авторитарлық билік заңдастырылған әлеуметтік құқықты және легитімді болу мүмкіндігі(Сауд Аравиясы,Иордания т.б). Қазіргі кезде авторитарлық тәртіптің мынадай нақты түрлері бар:
- теократиялық тәртіп, яғни діндік элитаның абсолюттік билігі(Иран);
- әскери басқару - әскери жоғарғы шендегілердің билігі (Чили, Аргентина, Греция т.б елдерде болды)
- авторитарлық монархия - самодержавиенің монархтық трүрі(Сауд аравиясы, Иордания);
- жеке адам өктемдігі(тирания)-жеке адамның билікті басып алып уысынан шығармауы.
Авторитарлық режим айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтанбилік, билік құрушы субъекті өз беделінің сақталуы мен өсуіне үнемі қамқорлық көрсетеді. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушынығ келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады. Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассациативтік бірлестігінің бастапқы кезеңдерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, моральдық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авториторизм, авторитарлық – тек біртүбірлі сөздер емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Авториторизм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер айқындалған, саяси жинақылық төмен.
Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әртүрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.
1. Дәстүрлі авторитарлық режим.
Табиғи-тарихи дамудың негізінде барлығы осы баспалдақ арқылы өтті. Мұндай авторитарлық режимдер саяси тұйықтық пен оқшаулану жағдайында қалыптасып, қызмет етеді. Дәстүрлі авторитарлық режимді жабық қоғамға тән кесел – саяси оқшаулану жағдайына бейімделу деп есептеуге болады. Осы саяси жүйенің тұрақтылығын тұйықтық, сыртқы әсерлердің өте төмен деңгейі қамтамасыз етеді. Бұл режимдер пайда болудың әр түрлі негіздеріне ие және әртүрлі кезеңдерде өмір сүруі мүмкін.
Көптеген партиархалды-феодалдық, феодалдық мемлекеттердің дамуының бастапқы кезеңдері үшін дәстүрлі саяси режим ғана тән болды. Құқықтық мәдениет мүлдем болмады. Билік құрушы субъект өз ережелеріне сүйеніп басқарды, билік күшпен тартылып алынды, кейіннен тақты біртіндеп мұраға қалдыру қалыптаса бастады. Мұндай режимдер салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі олар модернизацияға жеңіл ұшырайды.
2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим.
Мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі мен қоғамдық сананы манипуляциялау мүмкіндігінің арқасында пайда болатын ерекше режим. Белгілі себептерге байланысты ол тоталитарлық режимге айналуы мүмкін. Бұл режим фашистік Германияға, КСРО-ға, Қытайға, Солтүстік Кореяға, Кубаға тән және басты ағым ретінде социалистік жүйенің көптеген елдерінде болды.
Мұндай режимге мемлекеттің экономикалық рөлінің басымдылығы, адамдарды біріктіретін идеологияның күштілігі, өзгеше ойлауды қудалау, қоғамның жабықтығы тән.
3. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимі.
Бұл режимнің өзіне тән басты ерекшелігі – билік үшін өз арасында бір-бірімен күрес жүргізетін олигархиялық топтардың болуы.
Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дәрежесі мен саяси бәсекелестіктің болуы тән. Саясат элитарлық әрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында ашық, заңдастырылған саяси күрес жүреді. Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң әлеуметтік қарсы тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия режиміне өзгеруі мүмкін.
4. Авторитарлық-бюрократиялық режим.
Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең басты саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік дағдарыстың, таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне ұласып кетпеуін қадағалау. Сондықтан да үстемдік етуші саяси элита өзінің ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға ұмтылады, әлеуметтік демогогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, популистік бағдарламаларды ұсынады.
Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады.
5. Авторитарлық-әскери режим.
Әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырғанрежим. Оған дағдарыстан шығудың жолдын іздеу және төтенше, әскери тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән. Бұл режим кезінде халықтың саяси белсенділігі айтарлықтай жоғары болмайды, қоғамда төтенше заңдар әрекет етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы шектелінеді, жаппай күш көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады. Әскерилер экономиканы тиімді басқара және әлеуметтік мәселелерді жемісті шеше алмайтындықтан, әскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып алады.
6. Тоталитаризм.
Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен, яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай реттеудің қажеттілігін ежелгі грек философы Платон (б.д.д. 428-348 жж.) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда тәртіп орнатуға міндетті.