III. Қорытынды.
Қорытындылай келе, мотивация мен ынталандырудың әртүрлі
әдістерін оның бірлігінде біріктіру ғана әрбір оқушының оқудағы
табыстылығын қамтамасыз ете алады деп айта аламын.
Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және
психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Өз ойымды қорыта келе топ,ұжым болып өмір сүру өмір
заңдылығы.Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-
қатынас
жасауды
қажетсінеді.
Ұлы адамдардың топ,ұжым болып өмір сүру,бір-бірімен дұрыс қарым-
қатынас жасау тақырыбына байланысты нақыл сөздерін мысалға келтіргім
келіп отыр.
1.
Дүниеде жалғыз қалған адам-адамның өлгені. (Абай Құнанбаев)
2.
Ұжым әрқашан адамды көтеріп,аяғынан нық тұрғызады.(Н.А.
Остраградский)
3.
Адам өміріндегі тамаша нәрсе- оның басқа адамдармен қарым-
қатынасы.(А.Линкольн)