Алматы технологиялық университеті
Реферат
Тақырыбы : Тұрғындарды инженерлік бақылау
Орындаған: Жандарбекқызы Жанна
Группа: ТММП 21-13
Курс: 2
Тексерген : Дәуметова Салтанат
Алматы 2023
Жоспары :
Қорғаныс құрылымдары;
Қорғаныс құрылымдарын классификациялау ;
Паналардың ядролық күштен зақымдануы;
Паналардағы санитарлық желілер;
Бытыратып орналастыру;
Эвакуациялау органдары;
Қорғаныс құрылымдары - бұл радиоактивті, химиялық, бактериалдық зақымданудан және жарылғыш заттардан келетін шығындарды болдырмау және максимальды төмендету үшін арнайы арналған инженерлік құрылым.
Қорғаныс құрылымдарын классификациялау :
1.Қорғаныс қасиеті бойынша:
- паналар;
- радиацияға қарсы тасалар (РҚТ);
- қарапайым тасалар.
2. тағайындалуы бойынша:
- тұрғындарды қорғау үшін;
-басқару органдарын орналастыру үшін (басқару пунктін, байланыс желілерін).
3. орналасуы бойынша:
- кірістірілген қорғаныс құрылымдары;
- бөлек тұрғандар .
4.Құрылыс мерзімі бойынша:
- бейбіт уақытта алдын -ала салынған ;
- жедел салынған (басқыншылық қаупі кезінде салынады)
2) Паналар жасырынған адамдарды ядролық қарудың зақымдаушы факторының есептік әсер етуінен (тікелей түсуді есепке алмағанда), бакте-риальдық (биологиялық) құралдардан (БҚ), уландырғыш заттардан (УЗ), сонымен қатар ,қажет болған жағдайда, күшті әсереткіш улы заттардан (КӘУЗ), ядролық энергияқондырғылардың қирауы кезінде радиоактивті өнімдерден, жоғарғы температура және өрт кезіндегі жану өнімдерінен қорғаумен қамтамасыз етеді.
Барлық паналар жасырынған адамдардың ядролық жарылыстың соққы толқыны шебінде артық қысым әсерінен - 100 кПа (1 кгс/см) қорғанысын қамтамасыз етуі және иондалушы сәулелену радиациясының мөлшерінің әлсіреу деңгейінің 1000-ға тең болуы керек. Паналардағы өмірді қамтамасыз ету жүйесі оларға екі тәулік ішінде үздіксіз есептік мөлшердегі жасырынатын адамдар келіп отыруын қамтамсыз етуге міндетті. Сыйымдылығы бойынша паналар келесідей бөлінеді:
- 300 адамға дейін -кіші сыйымдылықты;
- 300-600 адам - орташа сыйымдылықты:
- 600 адамнан көп -үлкен сыйымдылықты.
Паналарда негізгі және көмекші бөлмелер бар. Негізгілерге мыналар жатады :
- жасырынатын адамдарға арналған бөлмелер;
- басқару пункті;
- санитарлық пост (медпункт). Көмекшілерге мыналар жатады:
- сүзгіліжелдетпелі бөлмелер;
- санитарлық желілер;
- қорғалған дизельэлектростанциялар;
- электрліқалқандар;
- азық-түлік сақтауға арналған бөлмелер;
- ауыстырып құю бекеті ,
- балондық бөлмелер;
- тамбур-шлюздер;
- тамбурлар.
Нардың екіқабатты орналасуы кезінде бір жасырынған адамға аумақ мөлшері 0,5 м және үшқабатты орналасуы кезінде 0,4 м . Бір жасырынатын адамға арналған бөлменің көлемі - 1,5 м.3.
Бөлме биіктігі 2,15-ден 3, 5 м-ге дейін. 1,85 м кем емес болуы керек. Есептен жатуға арналған орындар көлемі : нардың 2 қабатты орналасу кезінде 20% сыйымдылықта және нардың 3 қабатты орналасуы кезінде 30% сыйымдылықта болады.
Сүзгіліжелдету жүйесі 2 режим бойынша жұмыс жасайды:
- таза желдету - ауа радиоактивті шаңнан тазартылады,
-сүзгіліжелдету - ауа сүзгіде тазартылады , одан басқа, бактериалды және улағыш заттардан да тазарады.
Бір жасырынған адамға берілетін ауа мөлшері
- таза желдету режимі бойынша- 13 м3 дейін;
- сүзгіжелдетудің режимі бойынша- 3 м3 дейін.
Паналардағы санитарлық желілер - екеуден кем емес, ерлер және әйелдер үшін бөлінген.
Паналардағы жылыту, паналар жасырынатын адамдармен толғаннан кейін сөндіріледі.
Бір жасырынған адамға тәулігіне 3 литр апаттық су қоры қарастырылады.
Кіші сыйымдылықты паналарда панадағы бөлмелерге ауа беру және тарату үшін электр қолдық желдеткіші қондырылады.
Орташа және үлкен сыйымдылықты паналар үшін қорғалған дизельэлектрстансияларын қондыру қарастырылады.
Паналарда екі шығыс болу қажет, оның біреуі апаттық шығыс ретінде қолданылуы мүмкін. паналардағы сыртқы есіктер -- қорғаушы-герметикалық, ішкі-- герметикалық болады.
Жедел салынған паналар - бұл 15 тәуліктен 1 айға дейінгі мерзімде қарсыластың шабуыл қаупі жүруімен қатар қысқа мерзімде салынған, ықшамдалған жабдықты қорғаныс құрылымдары. Олардың сыйымдылығы 50 және 100 адам.
Радиацияға қарсы таса (РҚТ) жасырынған адамдардың аймақтың радиоактивті ластануы кезінде иондалушы сәулелену әсерінен қорғанысын қамтамасыз етуі керек және екі тәулік ішінде есептік мөлшердегі жасырынатын адамдар үздіксіз келуіне жағдай жасау керек. рҚТ-ның мүмкін болатын әлсіз бұзылулар аймағында орналасуы кезінде , олардың қоршаушы құрылымы соққы толқыны шебіндегі 20 кПа (0,2 кгс/см) тең артық қысымға есептелген болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |