Реферат тақырыбы: «Абайдың әлеуметтік лирикасы»


Сабырсыз, арсыз, еріншек...»



бет3/3
Дата26.03.2023
өлшемі25,58 Kb.
#76257
түріРеферат
1   2   3
Сабырсыз, арсыз, еріншек...» —Абайдың 1887 ж. жазған сатиралық өлеңі. Абайдың ел билігіне араласып, әділ төреші болуға, нашарлардың жоғын жоқтауға күш салып жүрген тұсында, неше түрлі зорлық-зомбылықты, мейірімсіздік пен әділетсіздікті т. б. кесір-кесапатты әшкерелеп жазған сықақ елеңдерінің қатарынан бүл туынды көрнекті орын алады. Ақын ез заманындағы ел билеген зорлықшыл жуандарға арқа сүйеп, солардың қол шоқпарына айналып, елдің тынышын алатын, бірді-бірге айдап салып, бүлік туғызып жүрген содырлы сойқандар мен қазан бұзар тасырларды шенейді. Адамгершілік қасиеттен ада болған мұндай жексұрындардың кәсібі ұрлық екенін, ол болмаса, ел кезіп, көрінгенге көзін, арындатып, тамақ асырайтынын, жоқ жерден ілік тауып, дау-жанжал туғызатынын, қалаға шауып жалған жала тоғытатынын, енді бірде ел шабамын деп қоқан-лоққы жасайтынын дөп басады. Мұңдай адамдардың тыныш жұрттың тұнығын ылайлап, жүрген жеріне ылаң салып жүретіндерін, сонымен бірге іші тар, өздері күншіл келетінін, біреудің бақ дәулетін көре алмай, пасық қаскөйлігін қатар жұмсап жүретіндігін баса айтады. Туынды алғаш рет 1909 ж. Санк-Петербургте жарық керген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Өлеңнің басылымдарында аздаған текстол. өзгерістер кездеседі. 1957, 1977 жылғы басылымдарында туындының 10-жолы Мүрсейіттің 1905 жылғы қолжазбасына және 1909 жылғы жинаққа сәйкес «Іс қылмай ма ол кісі?» деп берілген. Бұл жол Мүрсейіттің 1907, 1910 жылғы қолжазбаларында, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда «Іс қылмай ма үлгісі» делінген. Сондай-ақ Мүрсейіт қолжазбаларында «Өз үйінде қисаңдап» деп жазылған 59-жол барлық жинақтарда «Өз үйінде қайпаңдап» түрінде алынған.
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет