Реферат Тақырыбы: Қабылдаудың жеке даралық ерекшеліктері



Дата07.01.2022
өлшемі33,25 Kb.
#17747
түріРеферат
Байланысты:
Кабылдау лекц



Реферат
Тақырыбы: Қабылдаудың жеке даралық ерекшеліктері

Орындаған:

Тексерген: :::::::::::::::::::::::::::::

Жоспары

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

2.1 Қабылдау туралы түсінік

2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері

3. Қорытынды

4. Әдебиеттер тізімі

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

                                                 Кіріспе



Егер түйсік сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының қасиеттері мен сапаларының миымызда бейнеленуі болса, қабылдау заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі болып табылады.

Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі, иісі, формасы тағы басқа қасиеттері тұтас түрінде бейнеленеді. Мысалы, алманы қабылдауды алайық. Мұнда біздің анализаторларымызға оның қызыл түсті,  хош иісті тәтті дәмді т.б. осындай қасиеттері бір мезгілде әсер етеді де, миымызда тұтас зат бейнесі пайда болады.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезд көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауды селқос үңілуі емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда болатын уақытша жүйке байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі деп атаған. Мәселен, көру анализаторында осындай қатынас рефлексінің жасалуы (яғни тітіркендіргіштердің байланысы) затың түрі, түсі мөлшеріне қарамай-ақ оның тұлғасын тануға мүмкіндік береді.

Сөйтіп, қабылдау – түйсіктегідей бір анализатордың ғана қызметі емес, бірнеше анализаторлардың бірлесіп, қызмет істеуінің нәтижесі. Мәселен, киноны көру екі анализатордың (көру, есту) өзара байланысып жұмыс істеуінен болады.

Бұрыннан белгілі заттарды (кітап, үй) танудың ешбір қиындығы жоқ – қажетті пікірге келу үшін адам қабылданатын объекттің бір-екі белгісін біріктірсе, жетіп жатыр. Ал жаңа немесе бейтаныс заттардың қабылданып, танылуы әлдеқайда күрделірек әрі көптеген формалардың бір-біріне қатынасын ұғу негізінде орындалады. Мұндай заттардың толық қабылдануы олардың мәнді тараптарын айыра білу, онша қажетті болмаған белгілеулерін елемеу арқылы түсінікті болған бөлшектерін біртұтас заттық мағынаға келтіру сияқты күрделі талдау-біріктіру жұмыстың нәтижесінде іске асады.

 

  

                             2.1 Қабылдау туралы түсінік



Қабылдау – ақиқат дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың сезім мүшелері тікелей әсер етіп, тұтастай заттық түрде бейнеленуі. Қабылдау түйсінулерге негізделіп құралады.

Егер адам түйсіну арқылы дүниедегі заттардың жеке қасиеттерін ғана сәулелендіретін болса, қабылдау арқылы дүниедегі заттар мен құбылыстарды бүтіндей, тұтас зат күйінде сәулелендіреді. Түйсіну, қабылау пайда болуы үшін дүниедегі заттар мен құбылыстар адамның сыртқы сезім мүшелеріне тікелей әсер етіп отыруы керек.

Қабылдау түйсінуге қарағанда, неғұрлым күрделірек және жоғарырақ сатыда тұрған психикалық процесс болып табылады. Қабылдау түйсінулердің жай ғана қосындысы емес, ол сонымен қатар заттың жеке қасиеттерін тұтас бейнелеуден пайда болатын күрделі процесс. Мысалы, адамды алсақ, адам өзінің дене мүшелерінің жай ғана қосындысы емес, адамның мүшелерінің бірін-біріне қоса салғаннан адам құралмайды. Адам жоғары сатыға шыққан бейне құрылысы жағынан да психикалық әрекеттері жағынан да хайуандардың сапалы айырмашылығы бар, аса күрделі организм. Қабылдау да сол сияқты жекелеген түйсіктердің қосындысынан жоғарырақ тұрған жан қуаттарының бірі.

Қабылдауға түйсінулермен қатар ой элементтері елестеулер мен ұғымдар да еніп отырады. Заттар мен құбылыстарды қабылдаған кезде соларды түйсіну қабылдаумен бірге біз ол заттардың қайта пайда болғанын, иә болмағанын, олардың қасиеттерінің қандай екенін елестетіп түсінігімізді, ұғымымызды кеңейтіп отырамыз. Адам заттарды қабылдаған кезде көбінесе олардың мазмұнын түсініп, ой жіберіп, оларды санасынан өткізіп отырады. Анық және дұрыс қабылданған заттар ғана түсінікті болады. Керісінше, адам заттарды дұрыс түсінбесе, оларды қате қабылдайды. Мысалы: біз жақсы білетін өзіміздің ана тілімізде, не болмаса өзіміз білетін басқа тілде айтылған сөзді жақсы түсінеміз. Ал басқа бір елдің түсінбейтін тілін естітетін болсақ, оларды түсінбейміз. Өйткені олардың әрбір сөзі бізге біріне-бірі ұқсас, бір сарынды болып көрінеді. Сондықтан да оларды бірінен-бірін ажыратып дұрыс қабылдай алмаймыз. Егер алдымыздағы столдың үстінде жатқан қарындашты көрсек, оны қабылдаумен бірге ол қарындаштың неге ондай екенін, не үшін керектігін, ол кімнің қарындашы екендігін, оны біз қайдан алғанымызды көз алдымызға елестетеміз. Сөйтіп, қабылдау процесінде түйсінулермен бірге елестету, түйсіну, ұғыну тағы басқа жан қуаттары да араласып отырады. Мұның нәтижесінде адам қабылдауы толығырақ, дәлірек болып шығады.

Қабылдауда адам қабылдайтын заттар мен құбылыстардың жағымды я жағымсыз екендігін сезіп отырады. Адамда алдымен қарапайым түйсіктер мен қабылдаулар пайда болып, біртіндеп еңбек процесінде қоғамда өмір сүруі арқылы күрделі психикалық процестерде пайда болады. Түйсіну мен қабылдау процестері болмайынша, дүниедегі заттарды білу мүмкін емес. Дүние танудың қай түрін, қай формасын алсақ та, олар қарапайым қабылдаудан басталады. Адам дүиедегі заттарды қабылдай отырып, оларды сипаттайды, бірімен-бірін салыстырады, олардың арасындағы ұқсастығын, айырмашылығын, олардың жалпы қасиеттерін ажыратып отырады. Осының нәтижесінде ғана адам қабылдау процесінен жоғары сатыда тұрған ойлау сияқты психикалық процестерге көшіп отырады.

Ерте кездегі адамдар біз сияқты дұрыс қабылдай алмаған. Олар дүниедегі көп заттар мен құбылыстарды дұрыс қабылдай алмаған, олардың қасиеттерін қалай дамып отырғанын, яғни дүниенің өсіп-дамуы заңдарын білмеген. Тарихи даму барысында экономикалық, ғылымның, мәдениттің алға өршіп дамуы арқылы дүиетану процесінде адам баласының неше түрлі приборлар, аппараттар қолдануы арқылы ертеректегі адам баласы қабылдай алмайтын заттарды, құбылыстарды дұрыс қабылдай алатын болады. Мәселен, ерте замандағы адамдар радио, телеграф, телефон тағы басқа сол сияқты заттарды білмеді. Олар жайында ойлауға ол адамдардың ойы да, қиялы да жетпейді. Ал қазіргі кезде мұның бәрі де тұрмысымызға енген ақиқат заттар, біз оларды көзімізбен көріп, құлағымызбен есітіп, денемізбен сезіп отырамыз.

Қабылдау процесінде адам өзінің ойы мен ақылын бір мақсат көздеп, соған жұмсап отырады. Бұл адамның қабылдау процесінің қатысу арқылы жалпылау элементтері де ұшырайды. Қабылдаған заттарды жалпылағанда кей кезде адам оларды да бір-біріне қосып, бір әрекет етіп отырады. Бұл жөнінде Л.Фейербах ойлаудың барлық сезімдерімізге қатысының барлығын «тап-таза» көру процесінде де ойдың қатысып отырғандығын, егер көретін заттарға адам зейін бұрмаса, оларды айналасындағы басқа заттардың бөліп, бөлшектеп, даралап алып қарамаса, адамның оларды жақсылап көре алмайтындығын, сезе алмайтындығын айтады.

Қабылдау психикалық функциялар сияқты, дүниедегі объективтік заттардың адамның санасында субъективтік сәулеленуі болып табылады. Әр адам айналасындағы заттарды өзінше қабылдайды. Мұнысы әсер етуші объективтік заттарға тәуелді болуынан. Адам қабылдауының мазмұны түгелімен сыртқы дүниедегі заттардың және құбылыстардың мазмұнымен байланысты. Сол заттарды мазмұны қандай болса, адамның санасында пайда болады – қабылдаудың мазмұны да сондай болады. Бірақ әр қабылдаудың өзгешелігі дүниедегі әсер етуші заттардың өзгешелігімен ғана байланысты емес, олар сондай-ақ адамның физиологиялық әрекеттерімен де байланысты.

Ф.Энгельстің айтуыншша, егер адамның миы дүниенің, жаратылыстың бір бөлшегі болатын болса, сол дүниенің пайда болған мидың әрекеті де адамның психикалық процестері де сыртқы дүниедегі, дүниенің өсіп-дамуы заңдарына қайшы келмейді. Психикалық әрекеттер айналадағы дүниенің миға әсер етуінен, онда сәулеленуінен пайда болады. Сол себептен адамның айналасындағы дүниенің мазмұны қалай болады, оның психикалық әрекеттерінің мазмұны сондай болады.

Адамның қабылдау қоғамдық қабылдаудың кезеңіне сәйкес, белгілі бір дәуірдің өзгешелігіне бағынышты болады. Ол екі негізгі себептермен байланысты. Біріншіден, адамның қабылдауы, бүкіл жан дүниесінің даму деңгейі, қоғамдық прогрестің тиісті табысты жеңуімен орайластырып жатады, яғни қоғам дамуымен ғылым мен техниканың өршіп алға кетуімен адамның қабылдаулары да дамып, өзгеріп отырады. Мысалы: бұрын физика ғылымына материяның протон, электрон деген элементтері мәлім болмай тұрған кезде, алдымен материя молекулалардан құралады, онан соң бара-бара материяның ең ұсақ бөлшегі – атом деген ұғым болатын. Кейінірек физиканың ілгері дамуымен материя тек атомдардан тұрмайтындығын, онда электрон, протон деген материяның бөлшектері бар екені айқындалады. Осы сияқты дүниенің дүниенің тетігін ашып, оның күшін меңгеріп, бізге белгісіз табиғат құбылыстарын танып, дүниенің өсіп-даму заңдарын дұрыс түсінген сайын, қабылдау процесіміз де өсіп, дамып отырады. Екіншіден, жоғарыда айтылған адамның қабылдау процестері заттарды қабылдайтын сезім мүшелерінің айрықша құбылысымен де байланысты. Адамның көзі мен құлағы айрықша жетілгендіктен, заттарды көріп, оларды ести аламыз. Бірақ бұл айтылғандардан адамның сезім мүшелері қандай болса, оның дүниені қабылдай алуы да   сондай-ақ болады, тікелей әсер еткен заттарды сезім мүшелерімен қабылдап, басқа жолмен біле алмайды деу қате түсінік болған болар еді.

Адам тәжірибесінің ұлғаюымен бірге олар түрлі құралдар мен аспаптар арқылы өз қабылдауларын да кеңейтіп, тереңдетіп отырады. Мысалы: түрлі приборлар, аспаптар арқылы көзбен көрмейтін, денемен сезбейтін заттарды көреміз, естімейтін дыбыстарды естіп, тікелей дәмін татып иіскей алмайтын заттарды танып біліп отырамыз. Кейбір зерттеулерге қарағанда, адам жай көзбен аспанға қарап 5500 шамасындай ақ жұлдыздарды көреді екен, ал телескоп арқылы 100 миллионнан астам жұлдыздарды көреміз. Жай көзбен адам арақашықтығы миллиметрдің 1/40-індей сызықтарды көретін болса, микроскоп арқылы аралығының қашықтығы миллиметрдің 10 мыңнан біріндей көретін көрінеді. Адам баласы тікелей ультрафиолет, рентген сәулелерін және электрмагнит құбылыстарын қабылдай алмайтын болса, оларды түрлі аппараттар мен приборлар арқылы танып біледі. Энгельс құмырысқа көзінің адам көзінен өзгеше екендігін, химиялық сәулелерді көретінін, бірақ олармен салыстырғанда адам көзге көрінбес сәулелерді көре алмайтындығын айтады.

Қорытып айтқанда, қоғамның, мәдениттің, ғылымның, техниканың тарихи-өсіп дамуымен бірге, адамның қабылдауы да, дамып өзгеріп, күрделі күйге түсіп отырады.

Адамның сезім мүшелерінің мидың жарты шарлар қыртыстарында болатын процестермен тығыз байланыста болады. Қабылдау үшін сыртқы дүниедегі заттар адамның жүйке саласына әсер етіп, оның миында өз бейнелерін, суреттерін қалдырып отыруы шарт. Қабылдаудың физиологиялық негізі – ми қабығындағы талдағыштар (анализатор) жүйесінің бірлескен қызметі мен мидың талдау, жинақтау функциясынан туындайды. И.П.Павлов тілімен айтқанда, қабылдау мидағы «Қатынас рефлексінің» жұмысы, мидағы екінші сигнал жүйесіне тәуелді болып отырады. Қабылдау түрлері әсер етуші заттардың түрлерімен өте тығыз байланысты. Мәселен, біздің көз алдымызда тұрған нәрселерді көреміз, айналадағы дыбыстарды естиміз, түрлі иіс болса, оны білеміз, денемізге тиген заттарды сезіп, олардың температурасын, сыртқы пішінін, тағы басқа қасиеттері мен сапаларын ажыратамыз. Сөйтіп, қабылдау процесінде қандай талдағыш көбірек орын алса, қабылдау да соларға байланысты болып отырады. Егер қабылдау процесінде көру талдағышы көбірек орын алса, көру қабылдауы, ал егер есту талдағышы көбірек орын алса, есту қабылдауы болады. 

Қабылдау – аса көп талдап, біріктіру қызметін керек ететін құрылымды әрі белсенді психикалық әрекет. Бұл күрделілік пен белсенділік келесі жәйттерден көрінеді. Ең алдымен, ақпарат ағымы – бұл сезім мүшелері жәй тітіркенуінің нәтижесінде қозулардың шеткі қабылдаушы мүшелерден миға жетуі ғана емес. Қабылдау қызметіне қоғалыс әрекеті де қосылады.     

 

 

2.2 Қабылдаудың қасиеттері және физиологиялық негіздері



Қабылдаудың заттық тетігі. Қабылдаудың бұл қасиеті оның объектив болмыстық көрінісімен түсіндіріледі, яғни сыртқы дүниеден алынатын ақпарат көзі осы объектив дүниенің өзінде болуы. Заттай қабылдау адамның тума қасиеті емес, ол өмір бойы қалыптасып, іс-әрекеттің барша саласында бағыттау-реттеу қызметін атқарады. Қоршаған дүниені заттай тану сол затпен жанасу барысындағы қозғалыс процестерінің негізінде орнығады (И.М.Сеченов). Қозғалыс болмаған жерде біздің қабылдауымыз заттық қасиетінен айрылып, сыртқы ортамен байланысқа келе алмаған болар еді.3

Қабылдаудың заттық негізді болуы әрекет-қылықты реттеуде үлкен маңызға ие. Әдетте, біз нақты нысанды басқалардан түрі мен сипатына қарай бөлмейміз, біз үшін бұл жағдайда ең қажеттісі оның тұрмыстық қажеттілікке жарайтын негізгі қасиеттері. Мысалы, пышақ кесуге жараса – пышақ, болмаса әншейін металл. Қабылдаудағы басты міндет – осы қасиеттерді тану.

Қабылдаудың тұтастығы. Түйсік, жоғарыда айтқанымыздай, заттардың жеке қасиеттерінен ақпарат жинауға қажет, ал қабылдауда сол заттардың қарапайым бөлшектері жөніндегі біліктерді біріктіру арқылы тұтастай бейне жаратамыз.

Түйсік құрайтын бөліктер өзара өте тығыз әрі күшті байланысқан, мұны біз сезім мүшелерімізге кейбір заттардың бір қасиеті немесе бөлігі ғана әсер етуден-ақ біздің санамызда сол заттың күрделі бейнесі туындайды (мақпал, мәрмәр тас). Мұндай танымның негізінде біздің бұрынғы тәжірибемізде көру мен сипай сезу арасындағы шартты рефлексті қалыптасқан байланыстар жатыр.

Тұтастық – қабылдаудың құрылымды болуымен байланысты. Қабылдау көп жағдайда біздің мезеттік түйсінулерімізге тура келе бермейді, әрі сол түйсіктердің қарапайым қосындысынан жасалмайды. Адам, әдетте, нақты түйсінуден дербестеніп, дерексізденген қорытынды құрылымды қабылдайда, ал бұл қорытындыға келу біршама уақыт өтуін талап қылады. Егер сіз қандай да бір  әуенді  тыңдай  қалсаңыз,  алғашқы  естіген нотаңыз келесі нота берілгенше құлағыңыздан кетпей қояды. Әдетте, тыңдаушы үшін ән-күй бірінен соң бірі келетін ноталармен емес, біртұтас әуенімен мәнді.

Қабылдаудың тұтастығы мен құрылымдығы бейнеленуші қоршаған дүние нысандарының шындыққа сай өзіндік ерекшеліктерінен туындайды.

Қабылдаудың тұрақтылығы (константтығы). Қабылдау тұрақтылығы деп өзгерген жағдайларға қарамастан заттың кейбір қасиеттерінің бір текті сақталуын айтамыз. Өзгерістер орнын толықтыру қабілетіне ие қабылдаушы талдағыштардан құрылатын тұрақтылыққа орай біз қоршаған дүние заттарын бір қалыпты күйінде танып, білеміз. Көбіне заттардың түрі, көлемі мен формасы мызғымас қалпында бейнеленеді.

Қабылдаудың мағыналылығы. Қабылданған нысан тұтас, оның мәні сөзбен беріледі, мазмұны тұжырымдалады. Қабылдау мағынасының қарапайым түрі – тану. Тану жалпылай тану немесе талғаусыз тану және даралап тану болып бөлінеді. Жалпылап тануда нәрселердің жай-жапсары терең біліне бермейді, ал даралап тануда заттар мен құбылыстарды айыру анық әрі толық түрде өтеді.

Күмбезді әр шетіне шығын қарасақ, ол түрліше болып көрінеді, бірақ оны қай жағынан қарасақ та, күмбез формасы жоғалмай қабылданады. Күнде көріп көз үйренген зат бізден қашықтаған сайын оның көзіміздің сәуле торындағы көрінісі кішірейе береді. Кейбір ғалымдардың «Дүниедегі заттарды біз зат есебінде қабылдамаймыз, олар біздің түйсінулерімізге тәуелді, солардың шумағы болып табылады, егер біз оларды қабылдасақ қана олар зат болып табылады, егер біз оларды қабылдамасақ, - олар зат есебінде жоқ» деген пікірлерінің қате екендігіне қабылдаудың константты заңдылығы дәлел бола алады. Жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттың түсінің, формасының, мөлшерінің қалыптағыдай болып  көрінуі дүниедегі заттардың шын қасиеттерін танумен байланысты. Егер заттардың өзгешелігіне қарай түрліше болып қабылданатын болса, біз дүниені, тіптен заттардың өзін дұрыс тани алмай қабылдауымыз объективтік қиынға соғар еді; заттардың мазмұны мен мағынасын түсініп қабылдау. Қабылдаудың түсінулердің негізгі айырмашылығының бірі оның бізге таныс заттардың, мағынасы мен мазмұнына түсіне білуімізде жатыр. Егер заттардың мазмұны мен мағынасы жақсылап түсінілмесе, олар дұрыс қабылданбайды да.

Апперцепция. Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығын апперцепция дейді. Апперцепция тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты апперцепция адамның қызығуы мен мамандығы, білімі мен дүниетанымына байланысты болып отырады. Мәселен, «түбір» деген сөзді әр адам түрліше қабылдауы мүмкін. Тіл маманы осы сөзді ести салысымен сөздің түбірі жайлы айтқысы келеді. Ал ботаник болса,  шөптің түбірін, математик санның түбірін айтып беретіндігі белгілі. Апперцепция затты түрлі жағынан бағалай алу, адамның оны өзінше талқылап, өзінше көзқарасын білдіре алуы. Апперцепцияның мол болуы білімділікке байланысты. Білім адамның ойын тереңдетіп, оның мазмұнын кеңітіп қана қоймайды, дүниені жан-жағынан терең түсіне білуге жағдай туғызады. Адам есейген сайын оның білімі, тәжірибесі молайа түседі, дүниетанымы қалыптасады. Бұл оның апперцепциясының өзгеруіне әсер етеді. Балалардың оқу материалдарын жақсы қабылдай алуы олардың апперцепциясына байланысты болып отырады. Оқушыны жаңа сабаққа даярлау бұл, бір жағынан, оның апперцепциясын тудырып отыру   деген сөз.    

Қабылдау процесі тек тітіркенуден ғана пайда болмай, субъектінің өзіне де байланысты көрініс береді. Қабылдайтын көз, құлақ емес, әрекетшең адам, сондықтан терімен де сипатталады. Қабылдау нәтижесінің жеке адам психикалық өміріне, оның тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелділігі өткен өмір тәжірибесі үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да бір заттың өзін әрқилы адамдар (біліміне, тәжірибесіне, тәрбиеленген ортасына, жасына, ұлтына, қызметтік дәрежесіне, т.т. орай) әртүрлі қабылдайды.

Қабылдау мазмұны адамның алдына қойған мақсат, мүддесіне де орайлас келеді. Ниет, көңіл шарпуларының ықпалымен қабылдау мазмұны уақытша өзгеріске де түсуі мүмкін. Мұндай уақытша апперцепция адамның әртүрлі алдануы – иллюзия салдарынан жаңсақ пікірлер туғызатын жағдайлар да болады.

   Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелер туындайды. Мұндайдағы қабылдау галюцинация деп аталады.

Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден жеке бөліктерден тұрғаны мен біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.

Кей кезде бұрынғы тәжірибемізде ұшыраған кейбір объектілердің жеке бөліктері, шет жағасы, үзінділері қабылданса да, біз бұларды тұтас зат формасында қабылдаймыз. Егер «Дударай» операсындағы Мариям әнінің басталуын ғана құлағымыз шалса, осы әннің мазмұнын тұтастай қабылдайтын боламыз. Адам алдындағы үш нүктені жеке ноқат ретінде қабылдамайды. Мұны үшбұрыштың тұтас бейнесі деп түсінеді. Өйткені, қабылдаудағы жеке бөліктер жиналып келіп, тұтас нәрсенің бейнесін құрайды.

Бұл ерекшелікте қабылдаудың түйсіктердің негізгі айырмашылығын жақсы көрсетеді. Ол объектілердің мазмұнын жақсылап түсінбейінше, белгілі тұжырымдар мен сөз арқылы аталмайынша ол толық қабылданбайды.

Қабылдауда объектінің аты сөзбен берілсе, қандай нәрсе болса да оңай және тез қабылданады. Мәселен, өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген сөздердің мүлде ұқпайтын болсақ, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала-шарпы қабылдаймыз. Адам ана тіліндегі сөздерге жақсы, толық түсінетіндіктен ғана оларды толық қабылдай алады.

Заттар мен құбылыстардың мағынасын түсінудің қарапайым түрі – тану. Нәрсені танымайынша оны аңғарып, қабылдау қиын. Тану жалпылай және даралап тану болып екіге бөлінеді. Жалпылай тану дегеніміз талғаусыз қалай болса солай тану. Жалпылай тануда адам нәрселердің өздеріне тән қасиеттерін біле бермейді. Объектілерді даралап тану арқылы ғана оларды анық, толық қабылдауға мүмкіндік туады. Мәселен, көпшілік арасынан таныс адамды бірден тану, көп киімнің ішінен өз пальтоңды бірден тану оп-оңай.

Мұғалім бірнеше оқушыдан үй тапсырмасын сұраған кезде оған бір баланың жауабы ерекше ұнайды. Бұған ол аса зейін қояды. Сонда мұғалімнің объектісі сол бала болады да, қалғандырының жауабы жөнді еленбейді. Қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе фигура делінеді де, қалғандары соның фоны болады. Сөйтіп, аса зейін зат әр кезде фигура болады да, оның айналсындағы қоршау фон болып есептелінеді. Осылайша түрлі жағдайда әркімнің өзінше қабылдауы көбінесе адамның мамандығына да байланысты. Мәселен, суретші алдымен екі профильге назар аударса, мұражай қызметкері бірден вазаны көреді.

Әрқашанда қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықты бұрмалап, теріс қабылдайтын кездер де болады. Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды. Иллюзиялар сан алуан себептерге байланысты пайда болады. Мысалы, шай құйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы физикалық қасиеттерімен тусіндірілсе, кейбір нәрсе жөніндегі жансақ пікірлер адамның әр түрлі ерекшеліктеріне баланысты.

Иллюзияның табиғаты ғылымда әлі толық зерттелмеген.

Иллюзияның түрлері өте көп. Соның ішінде көру қабылдауында иллюзиялар жиі кездеседі. Мәселен, перспектива иллюзиясын алайық. Айталық үш бағананың биіктігі бірдей дейік. Ал көріп тұрған кезінде олардың ең әрідегісі бәрінен үлкен сияқты көрінеді. Мұның себебі – нәрсе алыстаған сайын бейнесі кішірейе беретіндіктен, нәрсе өзінің кішкентай нәрсенің қасында тұрса - үлкейіп, үлкен нәрсемен қатар тұрса - кішірейіп көрінеді.

Белгілі ғұлама Ә.Бөкейханов шығармаларында иллюзия жөнінде қызықты фактілер келтірген. Ол былай дейді: Сұқ қолы мен ортаң қолды бір-бірінен артылтып салып, екеуі бірдей тиетін қылып, астына бытырадай домалақ қамырды салып, екеуінің арасын домалатып, көзіңді жұмшы. Жалғыз домалақ қамыр екені көрінеді. Қол алданды, көз түзетті. Жақындап келіп, айнаға қарашы: терезе не есік болып, ар жағында бір нәрсе тұрғандай көрінеді. Қолыңмен сипасаң анықтала кетеді. Көз адасты, саусақ сезімді түзетті. Мәселен, иллюзиялар архитектура мен бейнелеу өнерінеде әскери маскировкада, баспахана әріптерін жасауда, сахнаны безендіруде жиі қолданылады. Иллюзияның заңдылықтарын білу адам ойлауындағы сыншылдықты дамыта түседі. Иллюзияларды адамның жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланнысты туатын заттардың жалған, теріс бейнелері – галлюцинациялардан ажырату қажет. Мұндай науқасқа ұшыраған адамның ұғыну қабілеті кемиді де, есі кіресілі-шығасылы болады. Мәселен, оған ешкім дауыстамаса да ол бір дауыс естігендей, денесінде қайдағы бір жоқ жорғалап жүргендей көрінеді. Бұл көбінесе шизофрения, инфекция ауруларының негізінде пайда болып отырады. Бұл ауруларда психиатор-дәрігерлердің көмегімен айығуға болады. Ми қабығында қозу процесі тежелумен алмаспай бір орында тұрып қалған кезде осындай галлюцинациялық бейнелер пайда болады.       

Қабылдаудың  тұтастығы.   Егер  түйсіну  арқылы   біз  әсер  етуші заттардың кейбір қасиеттерін,  кейбір  бөлшектерін ғана сезетін болсақ, қабылдау процесінде сезімімізбен әсер етуші   заттарды бүтіндей,  тұтас түрде    қабылдаймыз.    Қабылдауда   заттарды    сезу,    заттық сезу болып табылады. Зат бізге қалай әсер етсе, сол затты біз солай қабылдаймыз.

Кей  кезде  біздің  бұрынғы  тәжірибемізде  ұшыраған  заттар мен құбылыстар бізге бүтіндей, тұтастай сезілмей-ақ олардың шет жағасы кейбір бөлшектері, үзіндісі ғана көрінсе де, біз ол заттарды көбінде тұтас зат күйінде қабылдаймыз. Егер " Қыз Жібек " операсындағы операсының бір бөлшегін ғана құлағымыз шалса, біз "Гәкку'' әнін толық естіп   қабылдағандай   боламыз.   Төрт  аяқты   столдың   суретте   үш   аяғы салынса да, оның үшінші аяғын әдепкі кезде елемей, төрт аяқты стол есебінде қабылдаймыз.

Жалпылап қабылдаудың дәрежесі адамның ақыл ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса соншалықты жалпылап қабылдауда оның жан дүниесінің кең орын алады жалпылап қабылдаудағы ғылымда категориялық деп те атайды. Осылайша қабылдау арқылы адам жан қуаттарын жеңілдетіп, дүниедегі заттар мен құбылыстарды дұрысырақ және тереңірек түсінуге мүмкіндік алады; иллюзиялы қабылдау. Біздің қабылдауымыз әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа тепе-тең сәйкес болып келе бермейді. Кейбір себептерге байланысты бұрыс болуы да мүмкін. Мұндай бұрыс, қате қабылдауды иллюзиялық қабылдау дейді. Бұрыс, яғни иллюзиялық қабылдау адамның эмоциялық сезімдерінің әсер етуінен (қуану, күлу, ашулану, уайымдау, ренжу, қайғыру т.т.), объектіні анық қабылданбауынан не болмаса оның өте күрделі болуынан, сондай ақ біздің бұрынғы тәжірибемізде орын алмауына, немесе оның қоршауының айрықша болуынан туындайды. Мысалы: "Қорыққанның көзіне қос көрінеді" дегендей түнде айдалада, тоғайда жалғыз келе жаткан адам әр нәрседен сезіктеніп, қауіптенеді. Сондай-ақ адам киім кигенде, үлкенірек және толығырақ көрінсе, қара киім кигенде кішірек, ашыңырақ көрінеді. Не болмаса қысқа я көлденең жолдары бар матадан киім кигенде ол толық көрінеді де, ұзын я тік жолды киім кигенде, биік көрнеді.

Қабылдау да түйсік секілді рефлекторлы процесс. Оның негізінде қоршаған орта заттары мен құбылыстарының рецепторларға әсер етуінен үлкен ми сыңарлары қабығында пайда болған шартты рефлекстер мен уақытша түскен құрамды тітіркендіргіштер күрделі талдаудан өтіп, бірігіп жатады. Қабылдау нысаны талдау арқылы жалпы ортадан (фон) бөліп алынады, сонымен бірге оның барша қасиеттері біртұтас сапалық бейнеге біріктіріледі.

Түйсікпен салыстырғанда қабылдау процесі ми қызметінің ең жоғарғы талдану-бірігу формасы. Талдау болмай, қабылданатын зат не құбылыстың мән жайына жету мүмкін емес. Мысалы, түсініксіз тілдегі ауызша баянның басы мен аяғын аңдау мүмкін емес, тұтасқан дыбыстық сарын. Ал енді осы баянды түсініп, қабылдау үшін оны бөлек тіркестер мен сөздерге мағынасына орай жіктеу қажет, яғни естіп тұрғанымызды дұрыс қабылдауымыз үшін талдаумен бір уақытта біріктіру әрекеті де жүріп жатады. Осының арқасында біз дараланған дыбыстарды ғана қабылдап қоймастан, тұтас сөздер мен сөз тіркестерін ұғамыз. Мұндағы бірігім уақытша жүйке байланыстарының түзілуімен жасалып отыр. Жалпы қабылдау жүйке байланыстарының екі түріне негізделген: бірінші байланыс түрі талдағыш төңірегінде түзілген де, екіншісіне – талдағыштар арасындағы байланыстар себепті. Бірінші жүйке байланысы ағзаға бір текті құрамды тітіркендіргіштердің әсер етуінен болады, мысалы, есту талдағышына әсер етуші жеке дыбыстардың ерекше бірікпесінен пайда болған ән-күй біртұтас күрделі тітіркендіргіш ретінде қабылданады. Бұл үлкен ми сыңарларында өтетін бірігу процесі мен күрделі синтездердің болуынан.

Құрамды тітіркендіргіштердің әсерінен түзілетін жүйке байланыстарының екінші түрі-әртүрлі талдағыштардың аралық байланысынан, заттар немесе кеңістікті қабылдау, көру, қозғалыс, сипай сезу және басқа да түйсіктердің өзара байланысынан жүзеге келеді (И.П.Сеченев). Адамдағы бұл ассоциацияларға нақты зат немесе кеңістіктегі қатынастарды белгілейтін сөздің дыбыстық бейнесі қосылады. Заттардың көлемі мен жайласу аралығын қабылдауда көру түйсігі бұлшық еттер түйсігімен байланыспай болмайды.

Қабылдау негізінде жатқан уақытша жүйке байланыстары объектив дүние заттары мен құбылыстарының шындық арақатынастарының болуынан туындайды. Әртүрлі талдағыштар арасында орныққан байланыстардың жәрдемімен біз арнайы талдағышты болмаған заттар мен құбылыстар қасиеттерін де қабылдап, бейнелей аламыз (мысалы, зат аумағы, меншікті салмақ және т.б.). Түйсікке қарағанда қабылдау барысында біздің дүниені тереңірек қабылдап, дәлірек тануымыз осыдан.

Сонымен, қабылдау сынды бейне түзуші күрделі процесс негізінде бір талдағыштың өзіндегі және талдағыштар аралық байланыстар жататынын аңдадық. Осы байланыстар арқылы біз тітіркендіргіштерді жете танып, күрделі тұтастық құраған зат қасиеттерінің өзара ықпалды әрекеттерін ескереміз.

Қабылдау формалары. Ғылым болмыс жасауының екі түрлі формасы бар деп санайды. Олар – кеңістік пен уақыт. Бұл формалар шексіз. Уақыт пен кеңістікті түйсіну адамның тіршілік етуіне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетеді. Сол арқылы адам объектив дүниені бейнелегенде өзінің өмір сүретін ортасы жайында қажетті мәліметтерді біліп, тіршілік ету жағдайына бейімделеді.

Кеңістік нысандарын қабылдау – күрделі процесс. Дүниедегі заттардың барлығы кеңістікте орналасқан. Олардың әрқайсысының белгілі түп-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, енді-енсіз, биік-аласа, үлкен-кіші т.б. Олар бізден түрлі қашықтықта орналасқан. Кеңістіктегі заттардың көлемін бір көзбен монокулярлық – көру нәрселердің тереңдігі жөнінде дәл мағлұмат бере алмайды. Осылайша көріп, қабылдауда заттарды көріп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсі, рельеф-бедері әртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседі.

Қашықтық пен заттар көлемін қабылдауда көздің конвергенция, яғни екі көзбен көретін затқа бір көздей болып әрекет етіп, жақын жердегі нәрселерді ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нәрселерге қарауда олардың екі бөлініп кетуі дивергенция делінеді. Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті аккомодация (көз үйрету) деп аталынады. Қашықтықтағы нәрселерді қабылдау адамның өмір тәжірибесімен байланысты. Кеңістіктегі қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман ішінде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңістікті қабылдауы түрліше болып келеді.

Заттың бағытын қабылдау көзінің торлы қабығындағы сәулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тік тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңістікті дұрыс қабылдаудың көлік жүргізушілер, ұшқыштар мен ғарышкерлер, суретшілер мен әскери қызметкерлер, дәлдік аппарат жасайтын мамандар үшін маңызы зор.

Уақыт та – материя өмір сүруінің объектив формасы. Дүниедегі материя мен заттардың бәрі де кеңістік пен уақыт ішінде қозғалыста болып, оларда қабылдау бірнеше құрылым бірліктері арқылы, құбылыстың белгілі бір ырғағымен өтеді, қарқын дәрежесімен өлшенеді. Қарқын – уақыттың бірізді тездігінің не баяулығының көрсеткіші.

Уақытты қабылдауда субъектив мезетте ерекше орын алады. Өйткені, шақ жылдам, қысқа мерзімге өткен сияқты. Оны дәуір, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейді. Соған орай өткен уақиғалар көмескі болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн сағатпен өлшенеді. Бұл нақтылы ізбен қабылданады. Өйткені шақтың тез өтуі, келер шақтың ұзақ болып көрінуі субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтеді, қызықсыз болса, ұзаққа созылады.

 

  



Қорытынды

Жалпылап қабылдаудың дәрежесі адамның ақыл ой өрісімен байланысты. Адам қаншалықты білімді болса соншалықты жалпылап қабылдауда оның жан дүниесінің кең орын алады жалпылап қабылдаудағы ғылымда категориялық деп те атайды. Осылайша қабылдау арқылы адам жан қуаттарын жеңілдетіп, дүниедегі заттар мен құбылыстарды дұрысырақ және тереңірек түсінуге мүмкіндік алады; иллюзиялы қабылдау. Біздің қабылдауымыз әрқашан да қабылданатын затқа, не құбылысқа тепе-тең сәйкес болып келе бермейді. Кейбір себептерге байланысты бұрыс болуы да мүмкін. Мұндай бұрыс, қате қабылдауды иллюзиялық қабылдау дейді. Бұрыс, яғни иллюзиялық қабылдау адамның эмоциялық сезімдерінің әсер етуінен (қуану, күлу, ашулану, уайымдау, ренжу, қайғыру т.т.), объектінің анық қабылданбауынан не болмаса оның өте күрделі болуынан, сондай ақ біздің бұрынғы тәжірибемізде орын алмауына, немесе оның қоршауының айрықша болуынан туындайды. Мысалы: "Қорыққанның көзіне қос көрінеді" дегендей түнде айдалада, тоғайда жалғыз келе жаткан адам әр нәрседен сезіктеніп, қауіптенеді. Сондай-ақ адам киім кигенде, үлкенірек және толығырақ көрінсе, қара киім кигенде кішірек, ашыңырақ көрінеді. Не болмаса қысқа я көлденең жолдары бар матадан киім кигенде ол толық көрінеді де, ұзын я тік жолды киім кигенде, биік көрнеді.

Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады. Кісі бұлардың бәрін бірдей дұрыс қабылдай алмайды, немесе үлгермейді. Егер бала өмір бойы поезд көрмей өссе, оны бірден жақсы тани алмайды. Адамның сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын қабылдауды селқос үңілуі емес, белсенді қабылдау. Белсенді қабылдау ғана дүниені тереңірек тануға мүмкіндік береді.

 

 



 

 

 



Қолданылған әдебиеттер

1.  А. Садырбекова - Жалпы психология, Алматы – 1993.

2.  Ә.   Алдамұратов   -      Қызықты   психология     Алматы:   "Қазақ университеті".

3. В. Богословский - Жалпы психология, Алматы мектеп 1980.

4.  Г. Тәжібаев    Жалпы психология. Алматы 1993.

5.  Ғ. Құдиярова - Жас өспірімдердің  мінез құлқындағы ауытқушылықтар. Алматы, 1996.

6. Н.Итбаев Жалпы психология, Ақмола 1992.

7. С. Бап Баба - Жалпы психология Алматы 2003.



8. Қ. Жарықбаев - Жалпы психология.Алматы 2004.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет