Гемодинамика (грек. Һаіма –қан және динамика)- қан тамырлары жүйесіндегі гидростатикалық қысым айырымы нәтижесінде тамырдағы қанның жылжуы. Мысалы: адамға жүрек бір жиырылғанда 60-70 мл қан айдап шығарады. Бұл тыныштық жағдайда 4,5-5 л/мин-қа тең. Жүректің 1 минутта айдайтын қан мөлшері жүрек–тамыр жүйесі қызметінің ең басты көрсеткіші болып есептеледі. Мысалы қара жұмыс кезінде ол 20-25л/мин-қа жетеді. Қан тамыр жүйесі тұйық және тамырлардың ұзындығы, диаметрі, бір-біріне жалғасуы әртүрлі (тізбектеле, қатарласа) болғандықтан, қанның жылжуына едәуір кедергі туады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Адам физиологиясы : оқулық / Х.Қ. Сәтбаева, А.А. Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева. - 2-бас., түзет. және толықт. - Алматы : Дәуір, 2005. - 663, [1] б. : сур. - Библиогр.:
Адам және жануарлар физиологиясы:/ Аханов Ү.К Алматы: Эпиграф, 2016.
Адам физиологиясы : / Х. Қ. Сәтбаева, А. А. Өтепбергенов, Ж. Б. Нілдібаева. - Түзетілген және толықтырылған екінші басылымы. -Алматы : Эверо, 2014.
Адам және жануарлар физиологиясы: / Ш.М. Жумадина.-Алматы: Эверо, 2016.- 174б
Адам және жануарлар физиологиясы: қан физиологиясы : Н.Т. Абылайханова - Қарағанды : Medet Group, 2016. – 234 б.