Қант диабетінің асқынуының алдын алу үшін үнемі емдеу және қан құрамындағы қанттың деңгейін ұқыпты бақылау қажет. Қант диабетімен ауыратын науқас эндокринолог дәрігерде есепте тұруы тиіс.
Қант диабетін емдеуге кіретіндер:
арнайы диета
инсулинді (инсулиндік терапия) күнделікті қолдану – бірінші түрдегі қант диабетімен ауыратын науқасқа және екінші түрдегі диабет күшейе түскен кезде қажет. Препарат жеңіл егу жасау жолымен арнайы қол-шприцінде шығарылады. Инсулинмен емдеу кезінде өз бетімен қандағы және несептегі (арнайы сызықтың көмегімен) глюкозаның деңгейін бақылау қажет.
қандағы қант деңгейін төмендететін таблеткалар қабылдау. Әдетте, екінші түрдегі қант диабетін емдеуді осындай препараттардан бастайды. Ауру күшейе түскен кезде инсулинді тағайындау қажет.
Қант диабетімен ауыратын науқастарға дене жаттығулары пайдалы. Семіз пациенттерге салмағын төмендету емдік рөл атқарады. Өзіні өзі бақылау және дәрігердің ұсыныстарын нақты орындау аурулардың асқынуын болдырмауға және барынша төмендетуге мүмкіндік береді.