Платон пайғамбар ретінде өзінің жаңа ақиқатын ұстана отырып, адамдар арасындағы ұзақ және құнды байланыс тек интеллекуталды бірлік арқылы мүмкін болады деп есептейді. Көзқарастардың ортақтығы, өмірдің рухани мағынасын зерттеу бойынша бірлескен жұмыс жекелеген тұлғалардың көбін органикалық бірлікке ұштастыратын ақиқат байланыс. Мәдениетті мемлекеттің принципі осылайша айқындалады. Қоғамдық өмірде рухани біррлікті сақтау үшін Платон тәрбиені ұсынады.
Аристотель(Платонның шәкірті, Ликейдің негізін салушы, ұстаз,Стагира полисінде дүниеге келген, тағы бір аты-Стагирит) -– Платон мектебінде кәсіби дәрежеде қалыптасқан және педагог пен ғалымның тәуелсіз өмір салтын ұстанған философтың жаңа типі. Көптеген трактаттардың авторы: “Саясат”, “Физика”, “Метафизика”, “Жануарлардың тууы туралы”, “Жан туралы”, “Никомах этикасы”, “Эвдем этикасы”,”Категориялар”, “Органон”т.б.. Платон сияқты Аристотель үшін де - ең жоғарғы бастау игілік болып табылады. Бірақ ол Аристотельде ақыл мен болмыстан тыс болуды қойды. Бірінші бастау толықтай іске асырушылық: бұл ойдың пәнін мәңгілік меңгеретін ақыл, яғни үздіксіз болатын ақыл тәрізді, немесе құдай ретінде болады. Бұл игіліктің табиғаты абсолютті ұғынылады: сергектік, қабылдау, ойлау – бұл ақылдың мәңгілік қызметіне тән. Барлық дүние секілді біз де оған ұмтыламыз. Аристотель үшін дүниеде бәрі ретке келтірілген, оны зерттеу керек және тиісті ғылымның көмегімен қарама-қайшылықсыз сипаттау керек. Жан туралы мәселе – табиғат туралы ғылымға жататын арнайы ұтымды ғылымды зерттеудің пәні. Ол Платонның заттар дүниесінен тыс өмір сүретін идеялар дүниесі бар деген ойымен келіспеді.