Реферат Тақырыбы: Қашықтан оқыту Орындаған: Әбубәкірова Ақмарал 2022 жыл Жоспар



бет1/3
Дата13.12.2022
өлшемі93,86 Kb.
#56913
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Қашықтықтан оқыту


Еуразия ҰлттықУниверситеті

Реферат
Тақырыбы: Қашықтан оқыту
Орындаған:Әбубәкірова Ақмарал

2022 жыл


Жоспар

  1. Қашықтықтан білім берудің негізгі түсініктері

  2. Қысқаша тарихи дерек

  3. АКТ-ның білім беру процестеріне әсері

  4. Қашықтықтан оқытудың маңызы

  5. Қашықтықтан оқытудың қазіргі заманауи қалпы

  6. Білім беру қызметтерінің кешені ретінде жүйені жобалаудың негізгі принциптері

  7. Қашықтықтан оқыту жүйесін жобалаудың негізгі принциптері және оның ерекшеліктері.

  8. Пайдаланылған әдебиеттер

Қашықтан оқыту – білім берудің ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатын арнайы түрі. Компьютерге немесе интернетке қосылған басқа гаджетті пайдаланып білім мен дағдыларды игеру. Қашықтан оқу оқушыларға білім беру ортасына толығымен енуіне мүмкіндік береді: дәріс оқып тыңдау, тапсырмаларды орындау, мұғалімдермен кеңесу және желіге қосылу арқасында сыныптастармен сөйлесу. «Қашықтан оқыту» түсінігі оқушы мен мұғалім арасындағы қашықтықтың бар екенін көрсетеді. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс. Қашықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. 


Ғылыми әдебиетте «қашықтан оқытудың» көптеген анықтамалары берілген. Қашықтан оқытуды ашық білім беру, үздіксіз білім беру, икемді білім беру, АКТ арқылы білім беру, виртуалды білім берумен, т.б. байланысты деп түсіндіреді. Біреулер оны ақпараттық технологиялар қолдану арқылы күндізгі, сырттай білім беру, дәстүрлі және инновациялық білім беру элементтерін біріктіретін оқыту тәсілі деп анықтаса, екінші біреулер оны тұлғаның жан жақты шығармашылық дамуын мақсат еткен өзіндік білім алу қағидатына негізделген педагогикалық технология деп түсіндіреді.
Алайда қашықтықтан оқытуды қазіргі кезде пайда болған жаңа тәсілдер қатарына жатқызу дұрыс болмас. Ол сонау XVIII ғасырда пайда бола бастаған оқыту әдістерінің біріне жатады. Оның эволюциясы мен ілгерілеуі соңғы 200 жылда ғылыми техникалық прогресс пен коммуникациялық технологиялардағы инновациялармен қатар жүріп келеді, сонымен қатар қашықтан оқытудың танымалдығы мен қажеттілігі күннен-күнге өсіп келе жатыр.
Қысқаша тарихи-терминологиялық анықтама бойынша, «қашықтықтан оқыту» терминін алғаш рет Висконсин университеті 1892 жылы сырттай (корреспонденттік курстар) каталогында қолданған және бұл сөз тіркесінің шығу тегі американдық болып табылады. XX ғасырдың 70-ші жылдардың ортасы мен 80-ші жылдардың басына дейін «қашықтықтан оқыту» термині тек «корреспонденттік оқыту», «үйде оқыту», «тәуелсіз оқыту» терминдерінің синонимі ретінде немесе олардың жалпылама баламасы ретінде қолданылды, ал орыс тіліне ол «сырттай оқыту» деп аударылды. Кейінгі жылдары қашықтан оқыту сырттай оқытудың барлық нысандарының жалпылама атауына айналды, ал білім беруде телекоммуникациялық технологиялардың қолданылуына байланысты жаңа бір мағынаға ие болды.
О. Околелов қашықтан оқыту – оқу үрдісін телекоммуникация, ақпараттық технологиялар, интернет құралдары негізінде ұйымдастыратын педагогиканың арнайы білім беру жүйесі деп сипаттайды.
Қашықтан білім берудің даму тарихын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастыруға болады.
Қашықтан білім берудің бірінші кезеңі шамамен үш жүз жыл бұрын 1728 жылы пайда болды. Қашықтан білім беру тұрақты пошта қызметінің пайда болуымен басталды. Сол кезеңде қашықтан білім беру үшін қол жетімділік ерекшелігі тән болды. Сонымен қатар қашықтан білім беру жалпыға бірдей сауаттылықты арттыру және ағартушылықтың дамуына ықпал етті.
ХХ ғасырдағы өркениеттің даму қарқыны мен ҒТР жетістіктерінің нәтижесінде ақпарат көлемінің қарқынды өсуін, құрудың, таратудың және өңдеудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін аудиовизуалды құралдар қоғамның көптеген қажеттіліктеріне жауап беріп, көптеген мәселелерін шешуге жәрдемдесті. Сөйтіп, адамзат қашықтан білім беруді дамытудың екінші кезеңіне аяқ басты. Бұдан былай қажетті ақпаратты жеке тұлға, топтарға тіпті жаппай қоғамға артық уақыт және қаржылай шығындарсыз, кез келген қашықтықта, аудио немесе видео түрде, көрнекі немесе ойын-сауық нысанда жеткізу үшін техникалық мүмкіндік туындады. Көптеген елдер аудиовизуалды құралдарды білім беру саласында қолданып, халық сауаттылығы мен білімінің әлдеқайда сапалы деңгейге көтерілуіне ықпал етті.
Қашықтан білім беруді дамытудың үшінші кезеңі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген, олардың пайда болуымен жаңа мүмкіндіктер қалыптасты. АКТ қашықтан білім берудің бірінші және екінші кезеңіндегі түрлерін толықтыра алады және олардан тәуелсіз де қолданылуы мүмкін. Не болса да АКТ оқытушылар мен білім алушылардың ыңғайлы және өзара тиімді іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Жаңа кезеңнің басында графикалық интерфейсі бар дербес компьютерлер кең таралып, олардың көмегімен түрлі форматтағы мультимедиалық деректерді қолдануға мүмкін болды. Білім берудегі компьютерлердің пайда болуы мен пайдаланылуы оның мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтіп, компьютерлік оқытуды қалыптастырды. Содан кейін интернет желісінің пайда болуы қашықтан оқытудың дамуына серпін берді. Бүгінгі күні қашықтан білім беруде ең танымал әдісі – интернет арқылы оқыту. Бұның ең басты себептері – басқа технологияларға қарағанда интернет уақыт пен қаражатты үнемдеуге, жеке сабақтар мен кеңес алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге және оқу материалдарын дер кезінде алуға, сақтауға және қолдана алуға мүмкіндік береді.
Қашықтан білім беру тарихына қатысты оны феноменологиялық тұрғыдан қарау жетекші елдердің мысалында феноменнің тарихын зерделеу негізінде, бірақ ол туралы пікір шығармай, мүмкіндігінше зерттеліп отырған (XVIII - XXI ғасырдың басындағы білім беру жүйесі ретінде қашықтықтан оқыту) көріністерінің толық және бейнелі сипаттамасын жасау ретінде жүргізілуі мүмкін. Тағы бір нұсқа – дамыған елдердің барлық білім беру мекемелері үшін белгілі бір институттардың немесе тіпті жеке тұлғалардың нақты тәжірибесінен тиісті абстракциялау арқылы белгілер мен жетістіктерді анықтау қажеттілігі. Қоғамдық санада өткен және қазіргі кездегі қашықтан оқытуды ерекше қабылдаудың себептерін түсіндіруге болады. Сонымен қатар, қашықтан білім беруді зерттеудегі феноменологиялық тәсіл біртекті объектілермен (әр түрлі аймақтардағы білім беру мекемелері – АҚШ, Ұлыбритания, т.б.) салыстырғанда зерттелушінің ерекше ерекшеліктерін немесе зерттелетін феноменнің көрінуіне ықпал еткен факторлардың сипаттамасын (дамыған елдердегі бірегей білім беру ортасы - экономика, қоғам, бүкіл білім беру жүйесінің деңгейі, технологиялар, менталдылығы) қамтуы мүмкін. Бұл сондай-ақ отандық тарихи-педагогикалық үрдіс үшін осы құбылыстың рөлін, мәнін нақтылауға жәрдемдеседі.
Қашықтан оқытуды зерттеудің түп негіздері сонау XIX ғасырда бастау алады. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық ғылымдар классиктері (Дюркгейм, 1996: 80), (Вебер, 1990: 736-770), (Дьюи, 2000: 384), (Мангейм, 2000: 162) әлеуметтік келісім мен әр түрлі қоғамдық таптар арасындағы игілікке қол жеткізуге бағытталған білім беру институтының қызмет ету сипаты мен механизмінің біртұтас тұжырымдамасын әзірледі. Сол арқылы қашықтан білім берудің гуманистік және демократиялық сипаты анықтала бастады.
Ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына байланысты XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап жоғары білім беру саласындағы әлеуметтік зерттеулердің жаңа кезеңінде Беккер Г, Бовен Х. сияқты ғалымдардың еңбектері өзекті болды.
Коулмен Дж. (Коулмен, 2001: 122-139), Минцер Дж. (Минцер, 1974: 167) зерттеулері «адами капитал» теориясы шеңберінде сапалы жаңа жұмыс күшін құру мәселелеріне бағытталған. Білім алудағы әлеуметтік теңсіздікті олар әлеуметтік топтардың тең емес мүмкіндіктерімен байланысты «адами капиталға» отбасылар мен жеке тұлғалар инвестицияларды әртүрлі көлемде құюды деп түсіндірді.
Ресей Федерациясының ғалымдары да қашықтан оқытуды зерттеуге елеулі үлес қосқанын атап өткен жөн. Ғылыми-білім беру кешендерін дамыту, ғылым мен білім беруді интеграциялау, қоғамның зияткерлік-білім беру әлеуеті, білім беруді кәсібилендіру, гуманизациялау және ізгілендіру үдерісіндегі білімнің рөлі, оқу-білім беру қызметіндегі ұлттық аспектілер, жастардың әлеуметтік қозғалысы Антошкина В.Н. (Антошкин, 1997: 142), Гилязитдинова Дж. М. (Гилязитдинова, 2001: 211), Егорышева C.B. (Егорышева, 2004: 21-24), Кабаковича Г.А. (Кабакович, 2009), Леготина Э.В. (Леготина, 2008: 173-179) сияқты ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды.
H.A. Аитов және оның мектебі білікті кадрларды даярлау мәселелерін зерделеуге және «артық білім» туралы мәселені зерттеді (Аитов, 1968: 187-196). В.Д. Попов білім беруде іс-әрекеттік тәсілді (Попов, 1981: 198), ал Е. Ю. Бикметов коммуникативтік тәсілді зерттеді. Білім беру қызметі сервисінің даму тенденцияларын Е.В. Биндиченко зерттеді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында «қашықтықтан оқыту» нысанын дамыту білім берудің ұлттық моделін жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл бағыттағы белсенді іс-әрекеттер Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік тұжырымдамасы, орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары, бастауыш және орта кәсіптік білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде жүргізілуде. Қазақстан Республикасында жүргізілген «қашықтықтан оқыту» проблемаларына арналған зерттеулердің ішінде Джусубалиева Д.М. атап өту қажет .
Сонымен қатар М.Ж. Журиновтың жұмыстарында қашықтан оқыту білім алушы мен оқытушының мақсатты бағытталған жанама немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы арқылы, олардың орналасқан жеріне және уақытына қарамастан педагогикалық ұйымдастырылған ақпараттық технологиялар негізінде, ең алдымен телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын білім беру технологияларының жиынтығы ретінде белгіленіп отыр.
Г.К. Нұрғалиеваның ғылыми еңбектерінде қашықтан оқыту ақпараттық-коммуникациялық технологиялардағы жаңа жетістіктерді пайдалана отырып, қашықтан білім алу мүмкіндігі ретінде қарастырылады.
Бақтыбаев Ж.Ш. Тусубаева өз мақаласында Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері негізінде заманауи «қашықтықтан оқыту» саласындағы білім беру технологияларына сипаттама береді.
С.Г. Бондарева, Н.А. Завалко өз жұмысында әлемдік және Отандық «қашықтықтан білім» беру жүйесінің жай-күйін, үрдістерін, сондай-ақ дамуы мен қалыптасуының негізгі кезеңдерін талдайды.
Қоғамды ақпараттандыру Қазақстан дамуының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Біздің еліміздегі үздіксіз білім беруді қарастыратын болсақ (орта мектеп-жоғарғы оку орны-білім жетілдіру институты-мамандарды қайта даярлау), осы сатылардың барлығында ақпараттандырудың әсерін көруге болады. Оның мақсаты -әффективтілікті радикалды және мамандарды даярлау сапасын дамыған елдердің деңгейіне көтеру. Осы үрдісте келесі әлементтер ерекше маңызды болып саналады:
· Техникалық құралдармен оқытудың педагогикалық әдістерінің приоритеттілігі.
· Алгоритмдік білім мен ойлау стилінің өсуі;
· Студенттердің информатика мен есептеуіш техника құралдарын меңгеру және қажеттеріне қарай жаңа ақпараттық технологияларды қолдану қабілеттіліктерін қалыптастыру.
Осының барлығы жеке тұлғаның ақпараттық мәдениет деңгейінің жоғарылауы мен дамуына әсер етуі керек. Осы тұрғыда үш деңгейді ерекшелеп көрсетуге болады: жалпы, кәсіби және жоғарғы логикалық. Адамдардың ақпараттық мәдениеті олардың еңбек қызметін анықтаушы факторы болып табылады. Акпараттык коғамға, қозғалысқа қарай оның рөлі арта түседі. Ақпарат бағалылығы да арта түседі. Адамның ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы - оның күнделікті тіршілігіндегі білім, біліктерімен өз білімІн жетілдіру кезінде жүзеге асады. Бұл - басқарылмайтын үрдіс. Әйтсе де, оның құрылымын анықтап, оқыту және тәрбие жүйесімен жеке түлғаның ақпараттық мәдениетін бағытталған түрде дамыту кезінде күшейтуге, ұйымдастыруға болады. Тәжірибе көрсеткендей, оқытудың компьютерлік технологиясын келесі әдістерді қолдану аркылы жүзеге асыруға әсер етеді:
· Ақпараттық әдіс, үйренушінің танымдық қызметін;
· Компьютерлік модельдеу әдісі, мәліметтер базасы мен білімді, гипермәтіндерді қолдану арқылы білім алушының танымдық қызметін жүзеге асыру;
· Автоматты оқыту және білімді бақылау әдісі, математикалық және логика-лингвистикалық модельдерді қолдануға негізделген, танымдық кызметті дамытады;
· Авгоматтандырылған оқыту және білімді бағалау әдісі, автоматтандырылған оқыту жүйелерін. тестілеу жүйелері мен мультимедианы қолдануға негізделген, танымдық қызметті дамытады;
· Ойындық әдіс, компьютерлік, іскерлік ойындарды, әксперттік жүйелерді қолдануға негізделген танымдык қызметті дамытады.
· Білім беруде ақпараттық технолоғияларды сәтті тарату, сауатты қолдану және интенсивті дамыту бірнеше факторларға байланысты екендігі аныкталды:
· Техникалық (компьютерлік) база жағдайы;
· Ақпараттык жоне компьютерлік аймағындағы маман-оқытушылардың кәсіби дайындық деңгейі;
· Басқа пән окытушыларының компьютерлік сауаттылығы және ақпараттық мәдениет дәрежесі;
· Нақты аймақтағы ақпараттық технологияны дамыту тенденцияларьгна оқу жоспары мен бағдарламалар мазмүндарының сәйкес келуі.
Қазіргі қойылатын талапка сай жаңа технологиялар - берілетін білім деңгейінің кенейтілуінің және студенттердің білім дәрежесінің артуын талап етін отыр.
Әсіресе қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы студенттің жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Білім беру жүйесінің ортасында студент тұратынын ескерсек, оқыту жүйесі тұтасымен өзгереді. Оқытушы студентке арналған өзіндік жұмыстарды ұйымдастырумен шұғылданады. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдануда оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді.
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары ретінде келесілерді атап өтуге болады:

  • педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, яғни жобалаудың əрбір қадамының тиімділігіне жəне қашықтықтан оқыту жүйесін жасауға баға беру. Осы орайда білім беруге қызмет ететін жəне оқу курстарының сəйкес мазмұнын толықтырғаннан кейін ғана жоспарға техниканы енгізу талап етіледі;


  • оқытуға бағытталған жəне əлеуметтік жинақталған тəжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін қолайлы шарттар жасалып, білім беру үрдісінің бүтіндей адамға бағытталған — оқытудағы адамгершілік қағидасы;


  • қашықтықтан оқыту жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың басымдылығы, яғни жүйені жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажеттілік қағидасы;


  • қашықтықтан оқыту жүйесінің білім мазмұны таңдау барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім беру стандартымен сəйкес келуі тиіс;


  • қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытудың тиімді білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, білім алушының нəтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен жəне т.б. жұмыс жасай алатын нақты дағдылары болуы тиіс;


  • ұйымдастырушылық жəне техникалық тəсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мəліметтерді қолдану мен беруді қарастыру кезінде қауіпсіздігі жəне құпиялығы сақталуы қамтамасыз етілу қажет;


  • оқыту технологиясының қашықтан оқыту үлгілерімен сəйкес болуы қажет, яғни дəстүрлі пəндік үлгіде оқытуды ұйымдастыру түрі ретінде дəрістер, семинар жəне практикалық сабақтар, баламалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тəжірибелер, курстық жəне дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. Қашықтықтан оқыту жүйесін қалыптастыру барысында, қажет жағдайда, оған қосуға болатын жаңа үлгілер пайдаланылуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастыру түрі қатарындағы осы үлгілерге компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары жəне т.б. қолданылады;



  • білім алушының оқып жүрген оқу орнында сəйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді жəне қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктері қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділік шарты бойынша құрылады;

  • егер жасалған жəне енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дəстүрлі жүйесіне қайшы болмаса, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, онда қашықтықтан оқыту жобасы қажетті əлеуметтік жəне экономикалық тиімділігін бере алады;

  • білім берудің өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми жəне мəдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу. Сонымен қатар қазіргі ұрпақтың заманауи талаптарға тез бейімделіп, оның сана-сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасауы.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің типтері жөнінде төмендегі белгілерді айтуға болады. Қашықтықтан оқытуды анықтау бағдарында білім берудің толық масштабтағы жəне сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандық иелерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пəндерді оқып үйрену үшін, оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдар, курстық жəне дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар жəне тағы басқа жеткілікті түрде бар болуы қажет.
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталатын шартты жүйесі мекеме қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша жоғарғы білім алу мақсатында, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланушыларға жеке қалауларын қанағаттандыру үшін бағытталады [4]. Қашықтан оқыту жүйесінің əрбір типтерінен оқу үрдісін ұйымдастыру мен қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету ерекшеліктеріне қарамастан, оның атқаратын функциялары мен құрылымды компоненттерін айқындау керектігі шығады.
Қашықтықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация жəне басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып-үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тəжірибе алмасу тəсіліне негізделген жəне де бүкіл əлем бойынша алдыңғы қатарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясының артықшылығы — оқыту барысында қолданылатын мультимедиа жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын білім алушылар тез қабылдайды жəне оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде басшылыққа алынуы тиіс принциптердің бірі — дидактикалық принциптер. Мұндай дидактикалық принциптерді көрнекілік, қолжетімділік, оқытуды дараландыру, саналылық, белсенділік секілді білім берудің дəстүрлі принциптері құрайды.
Қашықтықтан оқыту жүйесі жағдайында бұл дəстүрлі дидактикалық принциптерді терең əрі толық жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Қашықтықтан оқыту жүйесіндегі дидактикалық принциптер құрамы: көрнекілік; саналылық; оқытуды дараландыру; қолжетімділік; белсенділік.
Қашықтықтан оқыту жағдайында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану көрнекі түрде беріледі жəне сонымен бірге əр түрлі абстрактілі заңдылықтар мен модельдерді қабылдауда да жүзеге асады.
Қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологиялар қолжетімділік принципін жүзеге асыруда жаңа қашықтықтан оқыту жүйесінде қолданылатын жəне толық жүзеге асырылатын білім берудің дəстүрлі дидактикалық принциптері мүмкіндіктерге ие болады. Қазіргі заманғы бағдарламалардың қиын есептерді генерациялауға мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқыту жүйесі бастан-ақ білім алушының өз бетінше жұмысына есептелген, яғни оқудағы мақсатына өзі таңдау жасайды. Сондықтан да ол жетістікке жетуде белсенді болады жəне жаңа ақпараттық технологияларды (Интернет, телекоммуникация жəне т.б.) қолдану осыған лайықты. Қашықтан оқыту жүйесінің құрылымын төмендегі белгілер анықтайды: мамандық үлгісі жəне мемлекеттік тапсырыспен сəйкес қалыптасатын, білім жəне білік жүйесін білім алушылардың игеруі. Əлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі ретіндегі оқыту мазмұны. Оқыту үрдісі, əдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оқыту мазмұнымен анықталады. Қашықтан оқыту білім беру қызметін пайдаланушылардың белгілі бір түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар жəне т.б.), қашықтан білім алушылардың дəстүрлі түрдегі студенттерден өзгешелігі, олардың қайсарлықтары, білімге деген құштарлықтары, ұйымдастырушылық қабілеттері, өз бетімен жұмыс істей білу дағдылары, компьютермен жұмыс істей білуі жəне телекоммуникациялық байланыс құралдарын қолдана білулері болып табылады.
Қашықтықтан оқыту субъектісі ретіндегі оқытушылар. Оқытушы — қашықтан оқытудағы білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін камтамасыз ететін басты буын. Қашықтан оқыту оқушы іс- əрекетіне тəн бірқатар ерекшелік «тьютор» терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол — кеңес беруші-оқытушы, ақпарат жəне телекоммуникация құрылымының негізін білетін, білім деңгейі алдыңғы озық сипатта болу керек. Қашықтан оқыту түрі: ақпараттық-ереже жиынтығы, репродуктивті (дауыс ырғағын реттеу), мəселені талдау, теориялық зерттеудегі логикалық тəсілдер мен ережелер жиынтығы жəне зерттейтін жалпы дидактикалық оқыту əдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-əрекеті мен педагогикалық актілерінің барлық жиынтығын қамтиды.
Қашықтан оқыту білім беру үрдісінде оқытуда компьютерлік техниканы жəне телекоммуникацияны, білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдарының қолданысы дəстүрлі оқытудағымен бірдей дəрежеде жүргізіледі. Оқу бағдарламасына сəйкес оқу үшін қажетті материалдық жəне техникалық құралдар жиынтығы, оқу жəне оқу-көмекші бөлімшелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары жəне басқа да оқу-əдістемелік кешендерден тұратын ғылыми білімдер материалдық базасын құрайды. Қашықтан оқытуға кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кəсіптік талғамдары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту əдістерін таңдай білу жəне олармен сəйкес əлеуметтік психологиялық бейнесін құратын идентификациялық бақылау жүргізу жүйесінің болуы.
Педагогикалық практикада танымал оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың ішіндегі ең кең тарағандары: дəрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихан жəне т.б. қашықтан оқыту үлгілерін құрайды. Қашықтан оқыту дəрістерінің дəстүрлі дəріс алудан айырмашылығы, оқытушымен тікелей контакт болмауында. Алайда бірнеше артықшылықтары да бар. Дəрістерді жазу үшін аудио- жəне бейнетаспалар, СD-ROM дискілерді жəне т.б. қолданады. Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермəтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын жəне т.б.) қолдану дəрістерді көрнекі жəне мазмұнды түрде береді. Мұндай дəрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады.
Қашықтан оқыту семинарлары оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады жəне олар бейнеконференциялар көмегімен жүргізіледі. Олар пікірталасқа оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді жəне бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып, бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дəрежесі бойынша бағалай алады. Студенттер арасында өзара бірлесіп жұмыс істеу саны артады, ал оқытушы тең құқылы əріптес ретінде көрінеді.
Білім алушының оқу материалын теориялық жəне практикалық меңгеру нəтижелерін тексеру кезіндегі бақылауда ол өзіне берілген тапсырманы орындай білді жəне тестік бақылаудан лайықты өтуіне сай бағаланады деген шешім қабылданады. Тест ережесі пəн бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, сондай-ақ олардың əрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. Қашықтан оқыту зертханалық жұмыстар материалды тəжірибенің меңгерілуі үшін беріледі. Дəстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар келесілерді талап етеді: арнаулы жабдықтар, макеттер, имитаторлар (бірдеңені мүмкіндігінше дəл қайталайтын аспап), тренажерлер, химиялық реактивтер жəне т.б. Қашықтан оқыту жүйесінің келешекте мультимедиалық технологиялар, жетілдірілген технологиялар, имитациялық үлгілеулер жəне т.б. қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға карапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуалды шындықта көрсететін мүмкіндігі бар. Қашықтан оқыту кеңестері пəні өз бетімен оқып-үйренуге білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау жəне оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Бұл мақсаттарда телефон жəне электронды пошта, сонымен бірге телекоммуникациялар қолданылады.
Оқу белгілерінің электронды басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, одан елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Атап айтқанда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы; гипермəтіндік мүмкіндіктері; бейімділігі; таралымы; өзгеулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі; электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл — пəн бойынша дидактикалық, əдістемелік жəне ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге білімді бақылау жəне өз бетімен алу үшін оны кешенді қолдануға əсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген автоматтандырылған оқыту жүйесі.
Қашықтықтан оқытудағы білім беру үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары болатын компьютерлік оқыту келесі түрдегі жағдайларды туғызады [5]: оқыту үрдісін саралау жəне даралау; компьютердегі көп еңбек сіңіруді қажет ететін есептеулер есебінен оқыту; көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау; білім алушы қателері диагностикасы жəне кері байланысын тексеру; оқу-танымдық іс-əрекетіне өзіндік түзетулерді қамтамасыз ету; құбылыстар мен процестерді үлгілеу жəне болжау; қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру; эксперимент пен тəжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық жағдайында жүргізу; танымдық мəдениетін жəне т.б. жеткізе білу.
Аудио-, бейне оқу материалдары жəне т.б. магниттік тасымалдауштарда жазылады, білім алушыға үнтаспаның, бейне үнтаспалар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер — байланыс каналдарымен қосылған əр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. Қашықтан оқыту кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық желі Интернет болып табылады.
Қашықтан оқыту технологиясы — оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-əрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін оқып үйренушілерге жеткізуді қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту кез келген білім саласында ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданылуына ықпал етеді. Қашықтан оқыту — ақпараттық технологияларды, яғни компьютер, Интернет желісі мен телекоммуникация құралдарын тікелей пайдалануға негізделген білім алудың индивидуалды түрі. Қашықтан оқыту жүйесінде қолданылатын техникалық құралдары мен технологияларына байланысты қазіргі уақытта төрт модельге бөлуге болатынын анықтады. Олар: кейс технологиялық моделі, корреспонденттік оқыту, радиотелевизиялық модель, желілік оқыту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет