Реферат Тақырыбы: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау туралы заңдардың орындалуын бақылау Орындаған: Сайлау Думан


Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық



бет2/7
Дата16.02.2022
өлшемі30,98 Kb.
#25613
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық

Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды, еңбекті қорғау туралы ұжымдық шарттарда белгіленген міндеттемелерді орындамаған, оларды қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар заңдарда белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық

жауапқа тартылады. Қадағалау мен бақылау органдары еңбекті қорғау туралы заңның бұзылғанын анықтаған кезде кәсіпорындар өз қаржылары есебінен еңбекті қорғау қорларына заңдарда белгіленген тәртіп пен мөлшерде айыппұл төлейді.

Еңбекті қорғау талаптарына жауап бермейтін жаңа техниканы, технологияны, өндірістік объектілерді жасаушылар мен дайындаушылар әлеуметтік сақтандыру органдары мен тұтынушылардың осы

тәртіп бұзушылықты жоюдан шеккен зиянын, соның ішінде жазатайым жағдай мен кәсіби аурулар нәтижесінде зардап шеккендерге төленетін өтемдік өтемдерге байланысты шығындарды өтейді. Зиян мөлшерін белгіленген тәртіппен төрелік сот белгілейді және өндіреді.

Өндіріс құралдары мен жаңа технологиялардың жобаларын еңбекті қорғау нормалары мен талаптарын бұза отырып жасаған және оларды өндіріске енгізуді талап еткен ғылыми-зерттеу ұйымдары тапсырыс берушілерге келтірілген зиянды өтеуге міндетті.



Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау

Осы заң мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы өзге де нормативтік–құқықтық актілердің сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ережелерге сәйкес Уәкілетті органдар мен олардың аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы қызметінің кепілі

Мемлекеттік еңбек инспекторының өз құзыретіне сәйкес қызмет міндеттерін орындауына, тексеру жүргізуге жібермеу, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі

қызметі туралы қажетті құжаттар мен ақпаратты беруден бас тарту түрінде кедергі жасайтын адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғаудағы қамтамасыз ету саласындағы құқықтары.

Мемлекеттік еңбек инспекторларының:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында кәсіпорындарға кедергісіз баруға;

2) өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысуға;

3) жұмыс берушілерден, ұйымдардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының еңбек

қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының сақталу мәселелері жөнінде қажетті ақпараттар, құжаттар, сондай-ақ түсініктемелер алуға;

4) Қазақстан Республикасының әкімшілігі құқық бұзушылық туралы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары талаптарының бұзылуына кінәлі заңды лауазымды және жеке тұлғаларға нұсқамалар беруге және әкімшілік жазалар қолдануға;

5) Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына бұзушылық анықталған жағдайда жекелеген өндірістерді, цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындары мен

жабдықтарды пайдалануды осы бұзушылық жойылғанға дейін тоқтата тұруға (тыйым салуға);

6) Жұмыс орындарында Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап бермейтін арнаулы киімді, арнаулы аяқ киім мен басқа да жеке қорғану құралдарын пайдалануға тыйым салуға;

7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оқытудан, нұсқамадан және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды білуін, тексеруден, медициналық куәләндырудан өтпеген, тиісті арнаулы киімді, арнаулы аяқ киімді

пайдаланбайтын және Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарын бұзған адамдарды жұмыстан шектеуді талап етуге;

8) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдарының бұзылу, жұмыс берушілердің мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындамау фактілері бойынша ақпараттар, талап-арыздары және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау және сот

органдарына жіберуге;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет