Алматы қаласы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стиліндегі жаңа қолданыстар
Орындаған: Менжасарова Аиза ҚБ 3 жылдық
Тексерген: ф.ғ.к. Қасенов Е.
Алматы, 2023
ЖОСПАР
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Ауызекі сөйлеу стилі туралы жалпы түсінік
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Ауызекі сөйлеу стиліндегі жаңа қолданыстар мәселесі
2.2. Ауызекі сөйлеу стиліндегі жаңа қолданыстар үлгілері
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. КІРІСПЕ БӨЛІМ
1.1. Ауызекі сөйлеу стилі туралы жалпы түсінік
Ауызекі сөйлеу стилі – тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты.
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.
Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады.
Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., «Көбірек сөйлеп кетті» (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), «Мылжыңдап кеттің ғой!» (эмоцияның қатаң түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мысалы, «Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын». Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мысалы, «Өгіздей біреу алдымнан шыға келді»;
т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.
Ауызекі сөйлеу стилі функциональдық стильдердің ішінде өзіне тән фонетика, лексика, грамматикасы бар күрделі әрі әмбебап стиль түрі болып саналады. Ауызекі сөйлеу стилінде сөздік қордың барлық саласы түгел қатысады, фразеологизмдер де, метафора да ұшырасады.
Шошақай үйде тұрмас, қаңғыбас қайда қаңғып жүр, ақымақ, өзі кінәлі, көк мылжыңды көргім келмейді, көз сарасын ағызып отыр, еңірегенде етегі толады, көрсем көзім шықсын, несіне бұрқылдай береді, аш өзегіне түсуге айналды, қалтасы қалың, қалтасы тесік, қалтасы көріну, қалтасы жұқа, жүйкесі жұқарып жүру, жүйкесі тозу, жүйке тамыры солқылдау, зықысы шықты, еті тірі, қойдан жуас, өлермен екен, өзіне-өзі істеп жүр, амал жоқ, қайтсем екен, барсам ба екен (ауызекі тілден жиналған материалдардан). Ауызекі сөйлеу стилінде сөздердің қолдану ерекшелігі жағымды, жағымсыз эмоцияға тікелей қатысты. Сөйлеуші әр уақытта өзі баяндаған құбылыс пен затқа өзінің әр түрлі көзқарасын, ниет-пиғылын, ойын, көңіл-күй сезімдерін айтатындықтан қарама-қарсы көніл күй қолданылып, олардың қолдану үлес салмағы молынан ұшарасып отырады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Ауызекі сөйлеу стиліндегі жаңа қолданыстар мәселесі
Ауызекі сөйлеу стилінің әдеби тіл формасына қайшы келетін тұстары жоқ емес. Мысалы: бір ғана жаңағы деген сөзді алайық, бұл сөз көп айтылғандықтан жауыр болған әрі көп адамдар өз ойын толық жеткізе алмаған уақытта жиі қолданылатын сөзі, мысалы, әр жерден ауызекі сөйлеуде жиналған мәліметтер бойынша орфоэпиялық қатемен айтылатын тұстары кездесіп қалады: жаңағы, жәнағы, жаңанеке, жаңеғы, жаңғы, жаңақы, жәнегі т.б.
Ауызекі сөйлеу стилінде кейбір грамматикалық тұлғаларырың стильдік қатемен айтылатыны оқта-текте ұшырасып отырады. Кешкісін, кештетіп, кешкілік, кешкісін жолығармын, таң атысымен таңертеңгісін, таңертеңгілік деген сияқты грамматикалық тұлғалардың әдеби тілдік нормадан ауытқыған түрлерін кездестіруге болады.
Ауызекі сөйлеу стилінде қайталаулар да молынан ұшырасады. Қайталаулар- көркем әдебиет стилінде суреткердің стильдік ерекшелігі ретінде танылатын стиоистикалық тәсіл, ауызекі сөйлеу стилінде мәнерлілік қасиеті айталған ойға параллельдік қатар түзу үшін пайдалынады.
Қазір бәрі өзгерді,өмір өзгерді, заман өзгерді, мода өзгерді, адам да өзгерді, ниет де өзгерді, пиғыл да өзгерді немесе заман жақсарды, өмір жақсарды, бәрі де жақсарды деген сөйлемдердегі бірінші қайталау өзгерді сөзін сөйлеуші бірнеше рет қайталап айтады, сол арқылы көлемдіқұбылыстың сырын баян етеді, ал екінші сөйлемде қайталау болып тұрған сөз жақсарды, ол бар-жоғы екі-ақ рет қайталанып тұрғанмен, заман мен өмірге ортақ зат-құбылыстың жақсарғанын көрсету үшін қолданылып тұр.
Ауызекі сөйлеу стилінің өзіне тән сөйлеу мәдениеті болады. Сөйлеу мәдениеті деп жалпы сөйлеушінің жалпы адами мәдениеттілік және тіл мәдениетін жетік меңгеруде қол жеткен табыстарын айтуға болады. Адамның жалпы кісілік мәдениетті түрде, ақыл-парасаты,киімі, жан-дүниесімен сөзді, сөйлемді мәдениетті түрде, яғни мәдениетті тілмен жеткізуі болып табылады.
Тіл мәдениеті сөз дұрысығы, сөз дәлдігі, сөзді көркем, әсерлі, әсем етіп жеткізу ұстанымдары, яғнни коммуникативтілік қвжеттілік пен эстетикалық бағдар ауызекі сөйлеу стилінің прагматикасын қамтиды.
Амандасудың сәлеметсіз бе?! деп айтылу мәнерінде дауыс тонына қарай әр түрлі мағыналық мән аңғарылады. Сәлеметсіз бе? Дауыс тонының мәнеріне қарай әр түрлі көңіл, сезім-күйді аңғартады, бірде асқақ көңілдің шабытымен айтылады, бірде менменсінген көкіректі білдіреді,сынау мәні де, қуанышты үнмен, бірде жарқын, шұрайлы көңілмен айтылуы аңғарылса, бірде салқын көңілдің ажары, бірде ілтипатты көңілдің шынайы ниетін танытатынстильдік мәнерде де айтылады.
Ауызекі сөйлеу стилінің фонетикалық-интонациялық ерекгеліктері адресат пен адресанттың арасында үлкен коммуникативтік-эстетикалық қызмет атқаратын эмоционалды-экспрессивті тәсіл болып саналады.
Ауызекі сөйлеу стиліндегі сөйлемдерде дауыс тоны, дауыс күші, дауыс жылдамдылығының әр түрлі қызметінің арқасында стильлік ерекшелігі айқандалып тұрады.
Ауызекі сөйлеу стилінде дауыс ырғағы, дауыс тонының айтылу мәнерінен бір ғана сөздің өзінің астарында алуан түрлі прагматикалық-стилистикалық мағына жатқаның көруге болады. Бұл ерекшелік ауызекі сөйлеу стилінің еншісіне ғана тиетін қасиет болып саналады. Мысалы: әдемісін-ай - сұлулықты паш ету мағынасында; өткірін-ай - ашық мінезіне сүйсіну үшін айтылады; қап,әттеген-ай -өкіну мағынасын білдіреді. Ерекшелік тек оқшау сөздерде ғана емес,кез келген тілдік бірліктерде дауыс тонын дұрыс қою арқылы сөздің прагматикаоық-стилистикалық қызметін жан-жақты тереңдетіп сөздің айтылу мәнеріндегі эстетикалық өрісін кеңейтеді. Мысалы: өмір сөзін алайық. Өмір, өмірдеп қайталап айтылғанда өмірдің бар тауқыметін түсіну, соны бағалау,түйіндеу,саралау тіпті соған мойынсұну, кейде шарасыздық мағынасын танытса, сол арқылы адресатты белгілі мақсатқа шақырады, өмір, еһ өмір, аһ өмір деген тіркестерді айтқанда дауыс тонына қарай әттең өкінішін толық сезіну, өкіну, бармағын тістеу, өмірден жіберген қателіктерін түсінусияқты мығыналық реңкті білдіреді. Ауызекі сөйлеу тілінің дауыс тонының жылдамдығы, созылыңқылығы, үнділігі де айрықша стилистикалық бояу алады да, тыңдаушыны стилистикалық әсерге бөлейді.
Ауызекі сөйлеу тілінде дауыс грамматикалық құбылыстардың экспрессивтілік және стилистикалық қызметі жазба стильдермен салыстырғанда елеулі өзгерістері мен өзіндік айырмашылықтары бар.
Ауызекі сөйлеу стилінде белгілі әлеуметтік топтардың арасында қолданылатын жаргон сөздер көп қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |