Бағалау түрлері Қазіргі кездегі бағалау түрлері сан алуан. Өйткені қазіргі кездегі сабақ барысында бағалау оқушының білімін бағалап қана қоймай, оның нені меңгергені және қаншалықты меңгергені маңыздырақ екені ескеріледі. Сабақ барысында оқушылар бір-бірінің кемшіліктерін түзеу арқылы үйренеді, бір-біріне үйрету арқылы есте сақтайды. Мұғалім осыған жағдай туғызады. Оқушылардың алдына белгілі бір межені белгілеп, ортаға тастайды. Белгіленген критерийлер арқылы оқушының білімін бағалау біраздан бері дәстүрге айналып кеткені баршаға мәлім. Мұғалім басты рөлдегі жол көрсетуші, көшбасшы ретінде қалыптасып келеді. Бағалауды ақылдылықпен жүйе бойынша жүргізуді «Мұғалімнің шеберлігіне» жатқызуға болады. Өйткені ол да үлкен ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі бағалау», «бір-біріне баға беру» терминдері қалыптасты. Бұл бағалау түрлерін мұғалімдер өз сабақтарында қолданып жүр. Сабақта оқушылардың бір-біріне кері байланыс беріп отырулары өте маңызды болып саналады. Бір-біріне сын, пікір айтып отыру арқылы үйренеді. Балалардың бір-бірінен сын естуі қалыпты жағдайға айналып, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйренеді. Ортада толық, өз ойын ашық айта алатын тұлға қалыптасады. Міне, қазіргі бағалау осыған жетелейді және бұл жүйені мықтап тұрып қолға алу мұғалімдердің құзырында. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік немесе күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.Осыған сүйене отырып қазіргі таңда сабақта бағалауды жүйелі түрде жүргізуге болады. Өйткені сабақты жаңа форматта өткізу бойынша бағалау да жаңаша қарқын ала бастады деуге болады. Баланың білімінің өсуі, ынтасының артуы, қабілетінің көрініс табуы бағалауға тікелей байланысты болмақ. Бағалау — одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52-бет). Бір сөзбен айтар болсақ, оқушының білімінің көрінісін, нәтижесін осы баға қою арқылы жүзеге асырамыз. Сол бағалаудың қаншалықты дұрыс, әрі әділетті қойылатындығы басқаша әңгіме. Қазіргі таңда бағалаудың қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін қолдану ұсынылып отыр. Оқытуды, оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді жақсарту мүмкіндіктерін және осы мүммкіндіктерді іске асыру түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау деп аталады. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал ететін (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, яғни бұл ақпараттың мазмұны мен оның қандай жағдайларда жиналғанын қатаң қадағалау қажет.Күнделікті сабақта бағалауды оқу үшін бағалау дейтін болсақ, тоқсандық, жылдық, сертификаттау үшін бағалауды оқуды бағалау деп айтамыз. Яғни бұл бағалау мектептің мәртебесі мен болашағына әсер ететіні айқын. Сабақта қалыптастырушы баға ретінде смайликтер, күн шуағы, бас бармақ, қолмен басты сипалау мадақтау, қошемет көрсету, критериалды бағалау, дескрипторлармен бағалау, өзін өзі бағалау, топ басшысының бағалауы түрлері қолданылады.
«Күн шуағы» әдісі арқылы мына түрде бағалауға болады. Күн шуағын жасап, әр шуағына оқушылардың есімдері жазылады, соған қарай стикерлер жапсырылады. Coнымен қaтap caбaқ бapыcындa фopмaтивті түpде де бaғa беріп oтыpу тиімді, өз нәтижесін де береді. Өйткені, фopмaтивті бaғaлaу oқушыны ынтaлaндыpa oтыpып, тaпcыpмaны белcенділікпен және қызығушылықпен opындaуынa ықпaл етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Мұғалімдерге арналған нұсқаулық