М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Дайындаған: Еркін Нұрхат
Топ: ИС-11
Жетекші: Гарифуллина А.Б.
2022 жыл
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 2 қыркүйекке дейін созылған, әлем халқының 80 пайызға жуығы (шамамен 1 млрд. 700 млн. кісі) зардабын тартқан сұрапыл соғыс. Соғыс өрті сол кезде әлемдегі 73 мемлекеттің 62-сін (Еуразия және Африка құрлығы) шарпып өткен. Соғысқа қатысқан әскерилердің саны 110 миллионнан асса, сол соғыста 50 миллионнан аса адамның өмірі құрбан болған.
Пост Кеңестік кеңістікте әлі күнге осынау алапат соғыстың негізгі себепкері ретінде фашистік Германияның агрессиялық саясаты ғана негізгі себеп болған көрсетеді. Алайда соғыстың басталуы тереңде жатқанын, Германиямен қатар, өзге ірі мемлекеттердің басшылары да жанама себеп болғанын айта кету керек.
Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына Германияның агрессиялық саясатынан бөлек, сол кезде танымал болған «ымыраластыру саясаты» арқылы гитлерлік Германияның Австрия мен Чехословакияны жаулап алуын мақұлдаған Ұлыбритания Премьер-Министрі Невилл Чемберленнің әрекеті мен «Молотов-Риббентроп пактісіне» құпия қол қойғызған, сол арқылы Польшаны Кеңес Одағы мен фашистік Германия арасында бөлісіп алуға келіскен, екі ел арасында соғыс өртін тұтатпау туралы уағдаласқан Кеңес Одағының жетекшісі Иосиф Сталиннің де кінәсі бар екені туралы айтылады.
Германия Еуропаның көп мемлекеттерін қысқа мерзімде тізе бүктіру арқылы 1941 жылы 22 маусымда Кеңес Одағына тұтқиылдан басып кіреді. Бұл кеңестік жылнамада Ұлы Отан соғысының басталуы немесе фашистік Германияның шабуылы нәтижесінде Кеңес Одағының Екінші дүниежүзілік соғысқа кіріскен уақыты ретінде саналып келді.
Екінші дүниежүзілік соғыс негізінен бес майданда өтті. Біріншісі – Шығыс Еуропада, яғни КСРО мен Германия арасында, екіншісі – Батыс Еуропада Англия, Франция т.б. елдер мен Германия арасында, үшіншісі – Жерорта теңізі аумағында Италия, Грекия, Албания, Солтүстік Африка т.б. елдер арасында, төртіншісі – Африка жерінде Эфиопия, Сомали, Кения, Судан т.б. елдер арасында, бесіншісі – Тынық мұхиты бассейнінде немесе Оңтүстік Шығыс Азия аумағында Жапония, Америка, Қытай, Кеңес Одағы және өзге елдердің қатысуымен болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихында ядролық қару қолданылғанымен есте қалды. Ядролық қарудың залалын әлем жұрты көрді. Бірақ бұл жер жүзіндегі ядролық қаруға ұмтылу, оны барынша жетілдіру үрдісіне кедергі бола алмады. Өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары батыс пен шығыс блогы елдері арасында орын алған Қырғи-қабақ соғыс та осының айқын дәлелі. Әлемде әлі күнге ядролық қарумен сес көрсетуші, жаппай қырып-жоятын қару жасауға ұмтылушы елдер аз емес.
Екінші дүниежүзілік соғыс адам шығыны бойынша әлемдік тарихтағы ең қатігез, қиянкескі ұрыс саналады. Соғыс барысында шамамен 60-65 миллион адам шығыны болған. Оның ең көбісі Кеңес Одағынан болғаны айтылады. КСРО 27 миллионға жуық адамынан айрылған. Бұдан бөлек осыншама адам жарақат алып, мүгедек атанған. Қаншама ана баласынан, әйел күйеуінен, бүлдіршін әкесінен айрылды. Соғыс қаншама жүрекке жазылмас жара салды.
Сол кездегі Кеңес Одағы үшін әскери агрессияны тойтару жолында болған ұрыс Ұлы Отан соғысы болып саналады. Үлкен құрбандықтардың арқасында ел өз тәуелсіздігін қорғап қана қоймай, Еуропаны азат етуге қатысты. Қазақ халқы Кеңес Одағының бір бөлігі ретінде, соғыстың алғашқы күндерінен бастап әскер қатарына қосылды. Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ жеріне де үлкен зардаптар, қиындық алып келді. Соғысқа Қазақстан жерінен 1 миллион 200 мың сарбаз, 12 атқыштар, 4 кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, 50-ге жуық әр түрлі полк пен батальон тартылған.
Соғысқа қатысқан қазақстандық әскердің тең жартысына жуығы қаза тапқан. 500-дан аса қазақстандық сарбаз Кеңес Одағының Батыры атағын алды.
Соғыс жылдары Қазақстанға жүздеген зауыт пен фабрика көшірілді. Бұл Ресей, Украина, Беларусьтың оккупацияланған аймақтарындағы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар болатын. Кеңес әскерін қамтамасыз етуде Қазақстан шешуші рөл атқарды деп зор мақтанышпен айтуға болады. Қазақстанның соғыс жылдарындағы шеккен зардабы да өте жоғары. Қазақстаннан майданға шақырылғандардың жартысы отбасына оралмады. Хабарсыз кеткен қазақтарды іздеу әлі де жалғасуда. Аз ғана ардагерлеріміз қалды. Сондықтан бүкіл ғылыми қауымдастық тарихи жадыны сақтауға және олардың батырларына деген құрмет пен мақтаныш сезімін жас ұрпаққа жеткізуге өз үлестерін қосуы керек. Өз тарихымызды білмей – болашаққа жол жоқ!
Қазақстан жерінен тылда еңбек еткен аға-апаларымыздың санында шек жоқ. Олар ортақ отан саналған Кеңес одағының әскерін азық-түлікпен, қажетті оқ-дәрімен, киім-кешекпен, қаржымен қамтамасыз ету жолында аянбай тер төкті. Қазақстан жерінен майдан үшін 4 700 000 000 рубль қаражат жөнелтілген. Кеңес әскерінің қаруынан атылған оқ дәріге қажетті қорғасынның оннан тоғызы қазақ жерінде өндірілгенін де айта кету керек. Бұл тылда еңбек еткен қарапайым еңбекшілердің, жас балалардың төккен терінің арқасы.
Екінші дүниежүзілік соғыста ерен ерлік көрсетіп, тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағамбетов, Нұркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды жауынгер батырлардың қазақ жерінен шыққаны біз үшін үлкен мақтаныш.
Достарыңызбен бөлісу: |