Реферат тақырыбы: Қазақстандағы электр энергиясын өндіру,пайдалану және жеткізу Орындаған: Туғанбаев Айдын



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата25.04.2023
өлшемі311,99 Kb.
#86569
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Физика реферат

Электр станциясы — 
электр энергиясын
 өндіруге арналған құрал-
жабдықтар мен қондырғылардың, сондай-ақ осы мақсат үшін салынған 
құрылыстар мен ғимараттардың жиынтығы.
Ол энергия көзіне сәйкес 
су 
электр станциясы

жылу электр станциясы

атом электр станциясы

жел 
электр станциясы
, гелиоэнергетик. станция және 
магнитогидродинамик. генератор болып ажыратылады. Жылу Э. с-на 
конденсац. электр ст., жылу электр ст., газ трубиналы электр ст., дизель 
электр ст. жатады. Республика бойынша өндірілетін электр 
энергиясының 80%-ға жуығы жылу электр станцияларының үлесіне 
тиеді.
Жел электр станциясы (ЖЭС) немесе Жел паркі - 
жел
 ағынының 
басқарылмайтын 
кинетикалық энергиясын
 
электр 
энергиясына
 айналдырады. ЖЭС екіге бөлінеді: тұрақты және 
айнымалы кернеу жел электр станциялары. Тұрақты кернеу жел электр 
станциясының шығысындағы кернеу, генератор өндіретін кернеу тегіне 
қарамастан, тұрақты болады. Керісінше жағдайда, айнымалы кернеу 
жел электр станциясы деп аталады. ЖЭС-тің негізгі арналуы — ұлттық 
энергетикалық тораптардан алыс орналасқан тұтынушыларды және 
ауыл шаруашылығы нысаналарын электр энергиясы мен сумен 
жабдықтау.


Су электр станциясы - 
электр генераторын
 айналдыратын 
гидравликалық 
турбинамен
 су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына 
түрлендіретін электр станциясы. Қазақстандағы ең алғашқы СЭС 1902 
жылы 
Зырян
 кенішін энергиямен қамтамасыз ету 
мақсатында 
Тұрғысын
 өзенінде салынды. Оның қуаты 1 мың кВт болды. 
1927 жылы Жоғары Хариузовск СЭС-і (қуаты 3,2 мың кВт), 1934 жылы 
Үлбі 
СЭС-і
 (қуаты 27,6 мың кВт) салынды. 
Үлкен Алматы өзенінде
 10 каскадтан 
тұратын СЭС (жалпы қуаты 47 мың кВт) 1959 жылы салынып бітті. Соңғы 
жылдары кешенді мақсатта пайдаланылатын бірнеше ірі су-энергетикалық 
тораптар іске қосылды: Ертіс өзенінде 
Өскемен СЭС
 (куаты 331,2 мың кВт) 


және 
Бұқтырма СЭС
 (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде 
Қапшағай 
СЭС
 (қуаты 434 мың кВт) және т.б. Елімізде су-энергетика құрылыс 
объектілерінен басқа 200-ден астам шағын және орташа Су электр станциясы 
салынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет