Реферат тақырыбы: Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті,халықтың ауызша шығармашылығы Орындаған: Сандыбаева Е. А



бет4/5
Дата21.11.2022
өлшемі116,19 Kb.
#51597
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих реферат 0000

4.Қазақ ақын жыраулары
14-18 ғасырлар Қазақстан мәдеиеті тарихында ерекше орын алады.Өйткені осы уақытта халық ауыз әдебиеті қалыптасып өркен жаяды,жазба әдебиеті мен музыка өнері,жыраулық өнер кең қалыптасады.Моңғолдар жаулап алған аумақта моңғол тілі тарай қойған жоқ.Жошы мен Шағатай ұлыстарында хан жарлықтары түрік тілінде жазылды.Мщңғолдар Дешті Қыпшақтың жергілікті халқымен сіңісіп кеткеннен кейін қыпшақ тілі Алтын Орданың мемлекеттік тіліне айналды.Алтын Орданың ыдырау дәуірінде қыпшақтардың қыпшақ-ноғай тіл тобы қалыптасып,одан соң ол 14-15 ғасырларда қазақ және оғай тілдеріне бөлінді.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы ақын – жыраулардың жарыққа шығарған өлең–жырлары болып саналады. Бұлар қазақ мәдениеті мен әдебиетінің аса маңызды мұралары.
15–18 ғасырлардағы қазақ әдебиетінде он екі–он үш ақын–жырау аса көрнекті орын ұстады. Олардың өлең-жырларынан халықтың өмір-тіршілігі, көңіл–күйі, салт–санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез–құлық өлшемі мен дүниеге көзқарасы, сол дәуірдің рухы бейнеленді.
Бұл ақын–жырауларды қазақ халқы ақылгөй атадай ардақтап, олардың ақыл–нақыл тұжырымдарын ынталы ықыласпен тыңдап қадір тұтады, бұл өлең-жырларда Отанды, халықты сүю, елдің береке–бірлігін сақтау, әділетті жақтау, жамандық–пасықтыққа қарсы тұру сияқты адамгершілік дәріптеліп отырды. Бұл ақын–жыраулар халықтың мұңын мұңдап, жырын жырлады.
Ақын–жыраулар халық басына келген қайғыға да, ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды.
15–18 ғасырларда көркем сөздің нағыз шеберлері жыраулар шығармашылығы кең тарады.Дешті Қыпшақтың ос дәуірдегі атақты жыраулары: Асанқайғы (15ғасыр), Қазтуған жырау (15ғасыр), Доспамбет жырау (1490-1523), Шалкиіз жырау (1465-1560), Тәтіқара ақын (18 — ғасыр), Үмбетей жырау (1706-1778), Бұқар жырау (1693-1778), Көтеш ақын (1745-1818), Шал ақын (1748-1819).Жыраулар шығармасының басты тақырыбы ел бірлігі, сыртқы жауға қарсы күрес,көшпелі өмір тіршілігі,халықтың мұң-мұқтажы,тәлім-тәрбие,нақыл сөздер болды.Бұлар өз өмірінде ұшан-теңіз өлең–жыр шығарады. Бірақ олардың бәрі біздің заманымызға жеткен жоқ, бұлардың “Балдан қалған сарқыттай” біздің заманымызға жеткен ұзынды-қысқалы өлең-жырлары үш жүзге тартады.
19 ғасырда қазақ әдебиеті белсене көтерілді. Бұл дәуірдегі Махамбет Өтемісұлы (1804-1846), Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жаршысы және ту көтерушісі болды, жалынды жырларымен халықты күреске үндеді. Сүйінбай Аронұлы (1827-1896), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906) қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған ақындар болды.
Майқы би Төбейұлы 1105-1225 жылдар шамасында ғұмыр кешкен қазақ халқының төбе биі болған. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін қанатты сөз арқылы атадан балаға таралып келе жатқан Майқы би бабамыз түйінді даналы сөздің де, би біткеннің де көш басшысы болса керек. Тарихи деректерге қарағанда, ол бір ғана емес бүкіл түркі тұқымдас халықтардың бас биі болғанға ұқсайды. Сондықтан да оны түрік тұқымдас елдер әсіресе татар башқұрт қарақалпақ өзбек халықтары бас биіміз деп санаған.

Майқы бидің шыққан тегі көнеқытай жазбаларында Найман тайпасының Бағаналы руымен байланыстырады,ал кейбір деректерде ол бүкіл үйсінның атасы ретінде айтылған:Төбей→Майқы→Үйсін.


Ежелгі шежіре бойынша екі Майқы би болған тәрізді. Белгілі жазушы Балғабек қыдырбек ұлы бұл жөнінде былыай жазады «Артына өлтірмейтін сөз қалдырған-сол 12 ғасырда өмір сүрген Майқы ма? Көне көздерден ата баба, жеті пұстыдан қалған шежірелерге келсек өазаақта екі Майқы болғаны байқалады. Оны екіншісі осы мақаланың авторының өзімен санағанда 41 атасы, яғни Шыңғыс заманындағы билік құрған Майқы. Егер біздің қолымыздағы атадан балаға мұра болып, дүниедегі ең ардақты құжаттай құрметтеліп рыжатталып келе жатқан әулет шежіресін тілге тиек етер болсақ 12 ғасырда жасаған Майқы өзін ұлы жүз санайтын біраз қазақтың атасы. Жалманбет ақ үйсін, жарықшақ қара үйсін, түркештің сары үйсін әкесі, Бәйдібектің атасы.
Ақ ұлы Майқы іштен бір аяғы кем туғанда, ақсап жүретін адам болған. Туа кембағал адамға төрт мүшесінің бірі кемістіктен майып аты берілген. Кейін қатарынан асып туған басында бағы, астында тағы бар, яғни шыңғыс ханның оң тізесін басқан адамды қазақта Майып деп атауға аузы бармай, бұрын өткен, аяқтыға жол ауыздыға сөз бермеген, қаусырма жақ, қызыл тілге келгенде алдына жан салмаған – осы Майыптың 18 бабасы – Майқының атымен атап кеткен. Демек, 12 ғасырда жасаған Майқы (Майып) мансап иесі бірақ, сөз иесі емес. Бұдан, әрине, Майқының қазақ халқының алдында өткен еңбегі, мансапты дулы- бас уәзір болғандығын жоққа шығаруға болмас. Ал артына ел аузында сөз қалдырған ел билеген көсем, басына сөз асырмаған Майқы мән баласы. «Арғы атам Абыл, Қайыр, Бақ, Таң, Пәр, Мән» деп жамбыл жырлаған Абыл, Қайыр, Бақ, Таң Пар мән- міне, бұлар Майқының аталары – Жамбылдың да бабалары. Қазіргі оның ұрпағы Майқыдан 58-60 атада тұр екен.
Ежелгі тарихшы Рашид-ад-диннің «Жамих-ат тарауих» дегне еңбегінде екінші Майқы би Шыңғыс ханның, Шыңғыс хан өзі жорыққа шығарда оны өз орнына қалдырып, кететін сенімді бас биі болғаны, дау дамай содан шешімін тауып отырғаны көрсетілген.
Шыңғыстың баласы Жошы хан батысқа жорық жасағанда Майқы биге Моңғол әскерінің оң қанатын сеніп тапсырған. Талай жеңісті бастаған батыр болған. Сол оң қанат Дешті қыпшақ елінің ұлан ғайыр аймағына билік жүргізген. Осы дерек монғол жылнамасы «алтын топшыда» жазылған. Шыңғыс 1206 жылы Ұлы хан аталғанда оны құрметтеп, төңірегіндегі елдер құтты болсын айтып барыпты деседі. Бұл жөнінде ұлы Абай былай жазған « Монғолдан Шыңғыс хан шыққанда қазақтар құтты болсынға барыпты, бірақ қай жерге барғаны мағлұм емес , сөйтсе де осы Шыңғыс тауында әскері қарауыл өзенінің бойында жатып, 12 рудан 12 кісі монғолдың өз заңы бойынша «Хан» деген үлкен биіктің басында Шыңғысты отырғызып хан көтерген дейді. Тауының Шыңғыс аталып, биігі хан аталмақ себебі де сол болса керек. Сол 12 кісінің бірі қазақтың Майқы би деген кісі екен «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» деген кісі сол кісі екен. Шыңғыс аламандыққа аттанып әскер тартып шыққанда әскерінің көбі татра екен. Оның себебі моңғол өздері татардай азсыздық сусыздыққа ыстық суыққа шыдамды болса керек. Қазақтың соғысқа жарарлық адамы сол Шыңғыстың әскеріне қосылып, бұларды Шыңғыс хан өзінің Жошы деген үлкен баласына билетіпті. Майқы би кезінде қазақ халқының бірлігін сақтап, біртұтас ел болу жолында алғашқы ұлыс бірлігін құруда көп еңбек сіңірген қайраткер. Оның бұл қызметі жөнінде аңыз әңгімелер аз емес. Тарихы еңбектерде энциклопедияларда Майқы бидің сол азаматтық еңбектері толығырақ жазылмағанмен аздап аталып келеді. Мәселен қазақ энциклопедиясында былай жазыпты:
«Халық аңызында — Майқы би Орманбет би өліп, он сан ноғайлы елі бүлінгенде қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер бейнесінде сипатталады. Майқы би қазақ руларын үш жүзге (Жүз – арабша «бөлік», «бөлім») топтап, Үйсін бастаған бөлікті ұлы жүз, Қабан ұлы Болатқожа бастаған бөлікті Орта жүз, Қоғам ұлы Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атаған. Ноғайлы хандарының бір Қызыл Арыстанның баласы Ахметті ( Алаша хан) Ұлытауда Үш жүздің ханы етіп тағайындады. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың негізгі ерекшелігіне қарай белгіледі. Ұлыста бірінші туды ұстаған, Үйсінге «Жалау», ортада жүретін Арғынға «Көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «Найза» таңбасын берген. 40 рудың таңбасын тасқа қашатқан. «Таңбалы тас» — «Майқы таңбасы», кейін жер атымен «Нұра таңбасы» атанған
Асанқайғы Сәбитұлы (XIV-XV) Еділ бойында дүниеге келген. Халидұлы Құрбанғали өзінің “Тауарих хамел” атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асанқайғының арғы атасы еді дейді. Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ-Мұхамед болса, Асанқайғы сол Ұлығ-Мұхамед ханға сөзін өткізетін билердің бірі болған. XV ғасырдың 20-жылдарында Ұлығ-Мұхамед сарайдан қуылып Қазанды паналағанда, Асанқайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған. Алайда, бос сауғалау болмысына жат Асанқайғы кешікпей қайтып оралып, Әбілқайыр ұлысындағы шиеленіскен тартыстың ортасына түседі. Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған рулардың Әбілқайыр ұлысынан бөлініп шығуын қолдаушылардың бірі Асанқайғы болады.
Асанқайғының жыр-толғаулары мен нақыл сөздеріне қарағанда, Дешті Қыпшақтың кіндік мекені Еділ, Жайық бойынан қазақ руларының ірге көтеруін қолдамай, Керей мен Жәнібекке көп қарсылық білдірген айқын аңғарылады. Асанқайғының “Жерұйық” іздеуіне қатысты айтылатын аңыздардан да халықтың бас құрап, ірге орнықтырып, ел болу қамын ойлауда оған шешуші міндеттің жүктелгені байқалады.
Ақыры, елдің ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен Асанқайғы Ордадан бөлінген қазақ руларын Шу, Сарысу бойына, Ұлытау төңірегіне қоныстандыруға атсалысып, халықтың темірқазығындай бағдарша болып өткені мәлім.
Ел ауызындағы қария сөздің айтуында, Асанқайғы Сарыарқада дүние салып, Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Уәлиханов Шоқанның жазуында Асан–ата өмірінің соңғы жылдарында Жетісуда өткізіп, Ыстық көлдің жағасында дүние салған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарына қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге дәулескер күйші де болған. Көптеген күйдің аты мен аңыз әңгімесі де әлі күнге дейін айтылады. Өкініштісі, бүгінгі күнге “Ел айырылған”, “Асанқайғы”, “Желмаяның жүрісі”, “Зар” сияқты санаулы күйлер ғана жеткен.
“Ел айырылған” күйінің құрылысы қарапайым болғанымен, лекіте қағып отыратын сарынында терең күйзеліс сезіледі. Тіптен, не боларын күні бұрын болжай алатын дананың шарасыздығы сияқты торығу да жоқ емес.
Мұны бастан-аяқ жалықпай сұңқылдап, талмай қайталайтын сырлы саздан аңғарасыз.
“Ел айырылған” күйін Мұхитов Ғұбайдолланың (Орал) тартуында алғаш рет А.В. Затаевич нотаға түсірген. Сондай–ақ, толық, көркем нұсқасын 1964 жылы Құсайынов Мұқастың (Орал) тартуында Т. Мерғалиев нотаға түсірді.
Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 — 1560 жылы ш.) — жырау, орта ғасырлардағы қазақ поэзиясының көрнекті өкілі. Шалкиіз жас кезінен-ақ ер жүрек жауынгер әрі талантты жырау ретінде даңққа бөленді. Жігіттік шағы Ноғай ордасындағы Мұса бидің маңайында өткен. Кейіннен Ұлы Орданың әміршісі, Мансұрұлы Темір бидің және ноғайлы Жүсіп бидің төңірегінде, өмірінің соңғы кезін қазақ ханы Хақназар маңында өткізді. Жырау туындылары әсерлі, өткір, аз сөзге көп мағына сыйғызған сұлу сазды көркемдігімен ерекшеленеді. Оның шығарм-нан ортағасырлық қарапайым көшпелілердің өмірі туралы нанымды, моральдық, этикөлі түсініктер көрініс тапқан (“Асқар, асқар, асқар тау…”, “Қоғалы көлдер…”, “Арғымақ ару аттар…”, “Ор, ор қоян, ор қоян…”, тағы басқа). Шалкиіз шығармаларында ерлік рухқа, асқақ романтикаға толы жырлар да жеткілікті. “Алаштан байтақ озбасы…”, “Жапырағы жасыл жаутерек…”, “Ер Шобан”, тағы басқа). Шалкиіздің халық арасына ең көп тараған шығармалары — “Би Темірге айтқаны”, “Би Темірді қажы сапарынан тоқтатуға айтқан” толғаулары. Ол ертедегі қазақ поэзиясының өлең өрнегін байытқан ақын. Шығармалары алғаш 19 ғасырдан қағаз бетіне түсе бастады.
Қазан төңкерісіне дейін орыс және қазақ тілдерінде 1875 жылы “Записки Оренбурского отдела Императорского Русского географического общества” жинағында жарияланған. Кейін аталған жинақта (1885), “Астраханский вестник” газетінде (1893, 1916), Ы.Алтынсариннің “Қырғыз хрестоматиясында” (1879, 1906), т.б. жинақтарда, ал Кеңес дәуірінде “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971) “15 — 18 ғасырлар қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1984) жинақтарында жарық көрді.[1]
Шалкиіз жырау (1465-1560) - ақын, жырау, батыр. Шалкиіз - туындылары орыс тіліне аударылған ақын-жыраулардың бірі. Оның шығармашылығын сол дәуірдегі орыс оқымыстылары мен зерттеушілері жоғары бағалаған. Темір биге айтқандары әртүрлі жинақтар мен басылымдарда бірнеше мәрте басылды. Жыраудың қазақ көне әдебиетіндегі орны ерекше. Шалкиіз жырау ғүмырының көп бөлігін Ноғай ордасының билеушісі Темір бидің қол астында өткізеді. Турашылдығымен, әділдігімен, даналығымен ел алдында беделді болады. Өмірінің соңғы жылдарын Хақназар хан тұсындағы Қазақ мемлекетінде өткізеді.
Қазақ әдебиеті төлбасыларының бірі — Қазтуған жырау Сүйінұлы шамамен 15 ғасырдың 20–30 жылдарында Еділ бойында, қазіргі Астрахань облысының Красный Яр қаласының маңында туады. Көшпенді шонжарлар әулетінен шыққан Қазтуған Еділдің салалары Ақтұба, Бозан бойын жайлаған түркі тайпаларының рубасы көсемі, әскербасы батыры болады. Дешті– Қыпшақта 15 ғасырдың ұзына бойына созылған бұлғақ кезінде оның кімдерді жақтағаны, не істегені белгісіз.
Қазтуған – ірі эпик, ерлік жырларын шығарушы жорық жырауы, әрі нәзік лирик ақын болған. Қазтуған өз артына өмір туралы, ата мекен, туған ел жайлы және әскери тақырыптағы сан алуан мазмұнды туындылардан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталған. Қазтуғанның біздің дәурімізге жеткен жырлары табиғат арасындағы көшпендінің болмыс, тіршілік, өзін қоршаған орта туралы түсінігін бейнелейді. Жырау қиялының байлығы, суреттеу тәсілдерінің кемелдігі мен әсемдігі көне дәуірдегі қазақ поэзиясының биік өресін,өзіндік сыпатын танытады. Қазтуғанның ұлттық баяуы қанық, афоризмдерге, көркем тіркестерге бай, өр рухты толғаулары туған әдебиетіміздің таңдаулы үлгілері қатарына жатады. Қазтуған Сүйінішұлының тек қана ақындығын ғана біз айтпай–ақ, ол өз заманының әрі батыры, әрі күйші, әрі биі, әрі шешені болған.

Тарпаң тағыны ұстар ұзын құрық, ақ орданы сүйеп тұрған әшекейлі сырық, жас бураның тал қайзар өткір азуы, қыранның жембасар тырнағы,-алтын да, күміс те, алмас та емес, бірақ алтыннан да, алмастан да салмақты, іріктеліп, екшеліп алынған образдар. Осы жылдардан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғандығы көрінеді. Сонымен бірге жыраудың эпосшы болғандығы да аңғарылады. Қазтуған – Қазақ эпосын жасаушылардың бірі.Қазтуған поэзиясы – табиғат аясындағы көңілі таза сәби көшпендінің поэзиясы. Бұл поэзия номадтың санасының қаншалық дәрежеде болғандығын көрсетеді, оның өзін қоршаған, әлі адам қолы бүлдірлеген табиғат туралы түсінігінен елес береді, өмірге көзқарасын білдіреді.


Табиғат аясындағы ақкөңіл номадтың қиялы өзінің ұшқырлығымен,кеңдігімен, сонымен қатар балаңдығымен бізді таң қалдырады. Жырау туғызған кейбір суреттер мен образдарға біз кішкене баланың құмнан соққан құрылыстарына қараған үлкен кісінің
Доспамбет жырау (1490, қазіргі Ресей Федерациясы, Ростов облысы, Азау қаласы — 1523, Астрахан маңы) — жырау, қолбасшы, батыр. Доспамбет жырау қазақ халқының қалыптасу кезеңінде өмір сүрді. Кіші Ноғай ордасында әскери қолбасшы болған. Дешті Қыпшақты көп аралаған, Бақшасарайда, Стамбұлда болған. Қырым ханының жағында көптеген әскери жорықтарға қатысқан. Тайпааралық ұрыстардың бірінде қаза тапты.
Шығармашылығы Доспамбет жырау жырларынан оның мұрат-мақсаты, түсінік-талғамы, дүниеге көзқарасы анық аңғарылады.
Отан қорғау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті бейнелейтін жырларында қырым, ноғай, қазақ жұртының іргесі бүтін, ешкімге бас имейтін ел болып отырған заманды аңсау сарыны байқалады. Жырау ол заманды қайтып келмес бақытты өмір ретінде толғайды (“Айнала бұлақ басы таң”, “Тоғай, тоғай, тоғай су”, “Азау, азау дегенің”, “Арғымаққа оқ тиді”, “Қоғалы көлдер, қом сулар”, “Айналайын, Ақ Жайық”, т.б.). Жырау өткен өмірді жырлағанда туған ел, өскен жерге деген ыстық махаббатын келер ұрпақ болашағымен байланыстыра сипаттайды. Олардың да ертең еліне қорған, тірек болуын қалайды. Доспамбет жырау өз басын өлімге тігіп, сан рет қанды шайқастарға қатысқан ата қонысын үлкен сүйіспеншілікпен толғайды. Жырау ел қорғау, жорық тақырыбына арналған жырларында елі мен жері үшін өлген ердің арманы жоқ деп, отаншылдық рухты бәрінен биік қояды. Ол серілік пен сақилықты, дарқандықты, қонақжайлылықты ата-бабадан келе жатқан асыл дәстүр ретінде дәріптейді. Доспамбет жырау шығармалары қазақ поэзиясы тарихында өзгеше көркемдігімен, екпінді ырғағымен ерекшеленеді. Жырау айтайын деген ойының қуатын еселеп арттыру үшін қайталауларды жиі қолданады. Сөйтіп, оларды ұтымдылықпен пайдаланып, ойдың әсерлілігі мен өткірлігін күшейте түседі. Доспамбет жыраудың ерлік пен елдікке үндейтін толғаулары Бұқар жырау, Махамбет сынды өзінен кейінгі ақындарға елеулі әсер еткені байқалады. Бұл дәстүр толыса, кемелдене келе жаңа сипатқа ие болды. Доспамбет жыраудың шығармалары толық жеткен жоқ. Көпшілігі жорық үстінде қолма-қол айтылған. Ел жадында сақталғандары ғана бізге жеткен. Осы азғана жырларының өзінен-ақ оның жырды түйдек-түйдегімен ағытатын дауылпаз жырау болғаны аңғарылады. Доспамбет жыраудың жырлары ертеректе Османов “Ноғай уа құмық шығырлары” (СПб., 1893) атты жинағына енген. Кейін В.В. Радловтың “Халық әдебиетінің үлгілері” (1896) деген жинақта басылды. “Ертедегі әдебиет нұсқалары” (1967), “Алдаспан” (1971), “XV — XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы” (1982), “Бес ғасыр жырлайды” (1985), т.б. сан алуан хрестоматия, жинақтарда үздіксіз жарияланып келді.сезімімен қызықтай қараймыз,бірақ күлмейміз, — сүйсінеміз.
Марғасқа Жырау — ақын. Қазақ поэзиясында жауынгерлік рухты жырлап, көне дәстүрді жалғастырған жыраудың өмірі мен өлеңдерінің туындауы туралы нақты деректер сақталмаған.
Шыққан тегі Орта жүз құрамындағы Найман тайпасының матай руынан.Ол Есім ханның жорық жырауы, қол бастаған батыры болған. Ташкент өңірін билеп тұрған Тұрсын ханның Есім ханға қарсы бүлігін басуға қатысқан (1627). Марғасқа Жыраудың бізге жеткен санаулы ғана жырлары оның от тілді, орақ ауызды жырау болғандығын көрсетеді. «Ей, Қатағанның хан Тұрсыны» атты өлеңінде Ташкент ханының қазақ ауылына опасыздықпен шабуыл жасағанын, жазықсыз жандарды қырып-жойғанын бетіне басады. Марғасқа жырау Қазанғап Байболұлының құрастырып жазып шыққан "Еңсегей бойлы ер есім" Бірақ оның «Ей қатағанның Тұрсын ханы» деген 13 жолдан тұратын жыры ғана ауызша сақталған. Басқа жазбалары кездеспейді. Қазанғап Байболов «Еңсегей бойлы ер есім» атты дастанын Бекасыл әулиенің «Жаныс шежіресі» тарихи-шежіре кітабының желісі бойынша жазылғанын ескерте кетейік. Қазанғап жырау одан басқа Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шойбек датқа, Астай имам, Арғынбай Баймағанбетұлы, Ботбай Тұрта, қара молда Еркебек, сияқты авторлардың жазбасын пайдаланғаны жөнінде сілтеме жасаған. 1940 жылы жазбаларының ұрлануына байланысты Қазанғап жырау 1941 жылы көктемде Ұлттық ғылыми кітапханасы тарихи қолжазбалар қорына «Еңсегей бойлы ер есім» және «Төле бидің тарихы» деген екі дастанын тапсырған. Авторлық құқығы бекітілген. Есім хан ордасы қазіргі Төле би ауданы, Кеңесарық ауылының жанындағы «Төрткүлтөбе» деген жерде болған.Саңлақ — Майбұлақ, Қазақстан ауылының арасындағы Сайрамсу мен Балдыбірек өзендерінің оң жағасындағы тастақты жердің атауы.
Жиембет жырау (XVII ғасыр) Бортоғашұлы XVI ғасырдың соңғы ширегі, XVII ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүреді. Алшын руын ежелден билеген ірі феодалдар тұқымынан шыққан Жиембет Еңсегей бойлы Ер Есімнің Кіші жүздегі ел басқарушы биі, әскербасы батыры қызметін атқарады. Есімнің көрші хандықтармен арадағы соғыстарына қатысады, ерлігімен, іскерлігімен танылады. Жиембет әсіресе 1620 жылы ойраттармен арада шыққан соғыста қазақтардың жауды ойсырата жеңуіне мұрындық болады. 1627 жылы Қазақ Ордасы құрамынан бөлініп, өз алдына тәуелсіз хандық құрғысы келген Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басу кезінде де Жиембет елеулі роль атқарады. Алайда, көп ұзамай-ақ орталық үкіметке сөз жүзінде ғана бағынып, кіші жүзде дербес билік құра бастаған Жиембеттің өзі де ханның қаһарына шалынады. Жыраудың інісі Жолымбеттің бір жеңілтек ісін сарайды қорлау деп санаған Есім бұл мәселеге Жиембеттің өзін де іліктіреді. Жырау ойраттармен шекара шығыс бетке айдалады. Бір деректерге қарағанда, Жиембет сол айдауда өледі, енді бір деректердің айтуынша, жырау 1643 жылы Есім хан дүниеден көшкен соң туған жеріне қайтып оралады.
Ақтамберді жырау (1675-1768) Сарыұлы 1675 жылы Оңтүстік Қазақстанда, Қаратау бойында ауқатты семьяда дүниеге келеді. Болашақ жырау жамағайын туысы Бердіке деген батырдың қолында өседі. Ақындық талантын тым ерте, 10-11 жасында танытқан Ақтамберді 17 жасынан бастап қазақтардың Орта Азия хандықтарымен арадағы соғыстарына қатынасады. Өзінің жанкешті ерлігімен, ақыл-айласымен көпке танылады. Талай рет өлім аузынан қалады. Бірде, тіпті, жортауылда жау қолына түсіп, өлім жазасы орындалар қарсаңда ғана қашып құтылады. 1723 жылы қазақтар ойраттардан ойсырай жеңіліп, бүкіл оңтүстік және шығыс аймақтан айрылған шақта Ақтамберді атақты батыр, Орта жүздің рубасы ақсақалдарының бірі еді. Батыр жырау өзінің белсенді ісімен де, жалынды жырымен де жоңғарға қарсы күресті ұйымдастырушылардың бел ортасында болады, қазақ жасағының алдыңғы сапында шайқасады. Жоңғар мемлекеті біржола талқандалып, жаудан босаған шығыс бетке қайта қоныстану кезінде Ақтамберді қазақ руларын атамекенге біржола орнықтыру ісінде зор қызмет атқарады. Батыр жырау тоқсан үш жасында, 1768 жылы қайтыс болады. Жыраудың жартылай құлаған күмбезі қазір Семей облысы, Абай ауданы, «Жданов» совхозының шегіндегі Жүрек Жота деген төбенің басында тұр.

Тәтіқара ақын (XVIII ғасыр) Қостанай өңірінде, Сарыкөл маңында туып-өскен. Ақын кедей ортадан шығады және бір уақыттарда Абылай ханның сүйіктісі болғанына қарамастан, өмір бойы жоқшылық тақсіретінен құ тыла алмаған тәрізді. XIX ғасырдың орта шенінде қазақ халқының басынан өткен ұрыс-соғыстарға қатардағы жауынгер ретінде қатысқан Тәтіқара көне заман батырлары, олардың ел қорғаудағы ерлік істері туралы, жұрттың рухын көтеретін үлкенді-кішілі жырлар айтумен қатар, өз жанынан күнделікті әскери өмірге қатысты, жауынгерлерді қиындықтарға мойымауға, ерлікке, күреске үндеген өлеңдер шығарып отырған. Бұл елгезектік өз кезінде Тәтіқара шығармаларының халық арасына кең тарауына жол ашады. Тәтіқара, әсіресе, 1756 жылы қазақ жерінің шегіне кірген Цин басқыншыларына қарсы күрес күндерінде туған өлеңдері арқылы мәшһүр болады. Біздің заманымызға қарбалас шақтарда, от-жалында туған Тәтіқара импровизацияларының кейбір жұқаналары ғана жетті.



Бұқар Жырау (XVIII ғасыр). Бұқар жырау(1668-1781) қазақ поэзиясының тарихындағы ең соқталы тұлғалардың бірі ол шамамен 1668 жылдары туады. Жыраудың әкесі Қалқаман батыр, сірә, ел билеуші шонжар емес, жеке басының ерлігімен ғана аты шыққан адам болса керек. Жыраудың қайда оқығаны, қандай өмір мектебінен өткені туралы нақты деректер жоқ. Біз тек оның тым ерте көтеріліп, Тәуке тұсында-ақ хан төңірегіндегі ықпалды билердің бірі болғанын білеміз. Алайда, Бұқардың Тәукеден соңғы әміршілермен тіл табыса алмағаны аңғарылады. Жырау кедейшілікке ұрынады. Мәшһүр Жүсіптің айтуына қарағанда және өз шығармаларынан да көрінетіндей, Бұқардың, тіпті сауып ішер малы, мініп-түсер аты да болмайды. Жырау алпыстан асқанша осы жарлы, кембағал халде күн кешеді. Алайда, өмірінің соңғы кезеңінде Бұқар жай ғана арқалы жырау, ақылшы аға емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы биге, өз заманының ұраншысына айналады. Жырау бір ғасырдан астам жасап, 1781 жыл шамасында қайтыс болады. Сүйегі Баянауылда, Далба тауының етегінде.
Жанкісі Би (XIX ғасыр) XVIII ғасырдың аяғы, XIX ғасырдың алғашқы жартысында жасады деп шамалауға болады. Ақын Арқада туып-өскен және өз заманының ділмар билерінің бірі болған. XIX ғасырдың алғашқы жартысында, аумалы-төкпелі заман кезінде Қоқан билігіндегі Сыр бойына қоныс аударған сияқты. Ел аузында Жанкісінің қоқандықтар қолынан өлгені және өлім арты құн даулаған үлкен толқынысқа ұласқаны туралы дерек сақталған.
Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) 1804 жылы қазіргі Орал облысының Орда ауданында туады. Болашақ ақынның әкесі Ішкі Ордадағы ауқатты, ханға жақын, ықпалды адамдардың бірі болған. Махамбеттің қайда тәрбие алып, қайда оқығаны туралы нақты мәліметтер жоқ. Алайда, архив деректері оның мұсылманша ғұлама, ал орысша тілге де, хатқа да жетік адам болғанын көрсетеді. 1824 жылы Ішкі Орданың ханы Жәңгір жиырма жасар Махамбетті өзінің баласы Зұлқарнайынмен бірге Орынборға жібереді. Ақын хан мұрагеріне аталық болып, мұнда төрт-бес жылдай тұрады. Алайда, көп ұзамай-ақ Махамбет сезікті адам ретінде біраз уақыт Калмыков бекінісінде тұтқында отырады.
1836-1838 жылдары Батыс Қазақстанда екі жақты езгіге қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі шыққан кезде Махамбет көтеріліс көсемдерінің бірі ғана емес, оның бас ұраншысы болады. Махамбеттің жауынгерлік қабілеті де, ақындық таланты да көтеріліс қызметіне жұмсалады. Көтеріліс жеңіліске ұшырап, Исатай қаза тапқаннан соңғы жерде де Махамбет қаруын тастамайды. Алайда, жалынды ақынның қалың бұқараны қайта көтермек әрекетінің бәрі де сәтсіздікке ұшырайды. Патша үкіметі, оның «адал» жандайшаптары ақынның өз басын жою жайын ойластыра бастайды. Ақыры, ұлы ақын көтеріліске қатысушылардың бірі Баймағамбет сұлтан жіберген женденттердің қолынан, 1846 жылы 20октябрь күні қапыда қаза табады. Ақынның зираты қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданында, Қарой деген жерде. Қазақтың өнері – өшпес асыл мұра.
Халық ауыз әдебиетінің туындыларында көшпелі халықтың көзқарастары ,ұғымдары,тұрмыс-тіршілігі және олардың ғасырлар бойы жинақталған еңбек тәжірбиесі жан-жақты бейнеленді.Еңбек жырларының ішінде төрт-түлік мал туралы өлеңдер кең тарады.Бұл өлеңдерде малды бағу мен күтіп ұстаудың және оның адам өміріндегі маңызы айтылды.Тұрмыс –салт жырлары мен өлеңдері мен тақпақтары діни –нанымдар мен әдеп-ғұрыптарға байланысты дамыды.Орта ғасырларда бала туғанда ,тойларда,үйленгенде ,адам өлгенде,наурыз мерекесін қарсы алғанда айтылған салт-дәстүрге байланысты өлеңдер мен тақпақтар біздің кезімізге дейін жетіп отыр.Қазақтарда адамның ,шаңырақтың,шаруашылықтың,табиғаттың әрбір елеулі оқиғасына ырымдар жасалып өлеңдер айтылып отырған.Қыз ұзату,келін түсіру, шілдехана,ас беру және тағы басқа мереке ретінде өткен.
Тойларда әр алуан ойындар ат жарыстары,бәйне,теңге алу,жамбы ату,палуан күрес,көкпар,айтыс ,алтыбақан тағы басқа да ойындар өткізілді.Ойынға қатысып жеңіске жеткендерге жүлделер мен бәйгелер берілді.Ойын-сауықсыз,ән-жырсыз ешқандай той болмайды.
Халық ауыз әдебиетінің,соның ішінде салт-дәстүр өлеңдерінің көптеген үлгілері өздерінің мазмұндық –көркемдік және тәрбиелік ерекшеліктерін күні бүгінге дейін сақтап келеді.Жар-жар ,беташар,айтыс,жоқтау тағы басқа қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде әрқашан елеулі орын алып отырады.
Халық тұрмысының әртүрлі жақтарын ,қоғамдық өмірін,арманын,талабын,тұрмыс-тіршілігін айқын көрсететін ауыз әдебиетіндегі жанрлардың бірі ертегілер.Ертегілер халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысын,арманы мен мақсатын,ұғыну үшін көптеген қызықты материалдар береді.Ертегілер жан-жануарлар туралы ,қиял-ғажайып,тұрмыстық ,шыншыл,әзәл-сықақ жанрларынан тұрады.
Халық арасында кең тараған ертегілер «Алтын сақа», «Асан қайғы», «Ертөстік», «Қарамерген»,және тағы басқалар.Жан-жануарлар туралы ертегілер адам еңбек әрекеті ,мінез- құлқы ,адамгершілігі,табиғат сырын ұғынуы ,аңғарымпаздығы,күштілігі туралы болып келеді.Қиял-ғажайып ертегілердің кейіпкерлері ақылды,өнегелі,ержүрек,батыр,сезімтал,әділетті болып сипатталады.Аяз би,Жиренше,Алдар көсе туралы ертегілер халық арасынан шыққан Аяз би ,Жиренше,Қарашаш ,Алдаркөсе ,Тазша бала шешен,тапқыр,батыл және әділ адамдар болып бейнеленді.
Қазақ эпосы ауыз әдебиетіндегі негізігі жанрлардың бірі.Оның пайда болуы ерте замандардағы түркілер дәуірінен басталады.Олар халық арасынынан шыққан талантты жыршылардың ауызекі орындауымен ұрпақтан ұрпаққа жалғасып біздің кезімізге дейін жетті. «Ер Көкше», «Қобыланды», «Қамбар» жырлары 13-15ғасырларға жатады.Батырлар жырында тарихи оқиғалар да бейнеленген.Мысалы « Ертарғын» өзара жауласу соғысына байланысты туған.Қамбар,Алпамыс,Ер Сайын,Ер Қосай және тағы басқа жырларда қыпшақтар мен ноғайлардың сырттан келген жауға қарсы күресі туралы баяндалады.Тұрмыс-салттық,лирикалық дастандардың негізгі тақырыбы сүйіспеншілік,халықтың тұрмысы,әдет-ғұрпы,дәстүрлері болып келеді.Қазақтың әлеуметтік салт-дәстүр,әдет-ғұрпындағы дастандарға «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш -Баян Сұлу», «Мақпал Қыз» және тағы басқалар жатады.
Орта ғасырларда ауыз әдебиетімен қатар жазба әдебиеті де дамыды.Әдеби шығармалардың негізгі жанры діни және тарихи тақырыптар болып келді.Бұл кезде қазақтар ислам дінімен бірге келген араб әліппесін пайдаланды.13 ғасырдың екінші жартысында Сыр бойындағы Баршынкентте туып өскен Хисамадин Баршынкентидің есімі әйгілі болды.Ол үш тілде араб,парсы және қыпшақ тілінде еркін жаза білген.14 ғасырдың 30-жылдарында қыпшақ тілінің әдебиетінің құнды ескерткіші «Хисрау уа Шырын» шығармасы жазылды.14-18 ғасырларда «Қисас әл-әнбия», «Кесік Бағы», «Бадуам», «Сопы Алдияр» сияқты діни бағыттағы шығармалар мәлім болды.Бұл кітаптарда сонымен бірге тарихи ,тұрмыстық,этнографиялық сипаттағы қызықты фактілер де кездеседі.
13-14 ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар да жазылды.Солардың бірі 15-16 ғасырлардағы қазақтардың тарихына арналған «Жами ат-тауарих» шығармасы.Шығарманың авторы Жалайыр руынан шыққан Қадырғали Қасымұлы Тәуекел ханның жиені қазақ сұлтаны Ораз Мұхаммедтің тәрбиешісі болған.Ол 1587 жылы Ораз Мұхаммедпен бірге орыстардың қолына тұтқынға түсіп,ұзақ уақыт Мәскеуде тұрады және осында тұрып осы аталған шығармасын жазады.Қадырғали Жалайыр бұл шығармасында қазақ хандарымен сұлтандарының ата-тегі,Ораз Мұхаммедтің қысқаша өмірбаяны және тағы басқалар туралы туралы мәліметтер келтіреді.Шығармада афоризмдер,шешендік сөздер,мақалдар және әралуан нақыл сөздер көптеп кездеседі.
Парсы тілінде жазылған «Тарих-и-Рашиди» қазақ халқының тарихына тікелей қатысы бар құнды шығарма болып табылады.Шығарманың авторы Моғолстанда куып-өскен ,қазақтың дулат руынан шыққан Мұхаммед Хайдар Дулати .Мұхаммед Хайдар бұл шығармасында Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығу себептері мен қазақ хандығының құрылуы туралы алғашқы деректер береді.Ол сонымен бірге,қазақ хандығының алғашқы кездегі моғол хандарымен ,шайбанилермен қарым-қатынасы туралы мәліметтер де келтіреді.Кітапта Жетісу мен Түркістанның географиялық жағдайыда сипатталады.Мұхаммед Хайдар ,сонымен бірге,түрік тілінде жазылған «Жақан-Наме» поэмасының да авторы.
16 ғасырда Өтеміс қажы тарихи «Шығыс –Нама» поэмасын жазды.Бұл шығарманың құндылығы сол кездегі ауыз әдебиетінен жинақталған қазақтардың салт-дәстүрі,тайпалар мен рулар шежіресі,14-15 ғасырлардағы тарихи оқиғалармен ел билеушілері туралы мәліметтердің көптеп келтірілуі болып табылады.16 ғасырдың 40-жылдарында Усман Кухистани «Тарих-и- Әбілхайыр хан» деген шығармасын ,осы кезде Шах Махмұд қазақ хандары Қасым ханмен Тәуекел хандар туралы мәліметтер келтірілген «Тарихи-Шах Махмуд Бен Мырза Фазил Шорас»деген кітабын жазды.
15-17 ғасырларда қазақ тілінде тарихи шығармалар пайда болды.Дәстүрге сәйкес қазақ хандары мен сұлтандары өздерінің ата-тегінің шежіресін сақтап ,ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады.Сондай шежірелердің бірі Жәңгір ханның кітапханасында сақталған .16-18 ғасырларда хандар мен сұлтандар ,молдалар мен қожалар сауатты болды,бұл кезде араб әліппесі қолданылды.Дәулетті адамдардың балалары Самарқанға,Бұқараға және Ората Азияның басқа да қалаларына барып оқып,онда араб тілі мен философиясын,шариғатты мен парсы,өзбек тілдерінде жазалған шығармаларды оқып үйренді.
Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Бізде өз кезегімізде бұл құндылықтарды қастерлеп, келер ұрпаққа осы күйінде жеткізуіміз керек.
Ата дәстүрін ардақтау – қазақтың халық педагогикасының ұлттық ұжданы.
«Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» деп, халық атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келесі ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелейді.
Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор. Осы ретте айтыстың алар орны ерекше.
Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.
Ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды. Біз өз ұрпағымызды білімді де тәрбиелі, өнегелі де ізетті, мейірімді әрі қайырымды, қонақжай етіп тәрбиелегіміз келсе, халықтық салт-дәстүрге ерекше мән беруіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет