Реферат тақырыбы: «Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдықты зерттеу»



бет1/3
Дата05.03.2023
өлшемі40,7 Kb.
#71716
түріРеферат
  1   2   3
Байланысты:
Тапсырма6Әд


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: « Қазіргі қазақ поэзиясындағы дәстүр және жаңашылдықты зерттеу»

Орындаған: Сакенова Мадина
Тексерген:Бегманова Бибижан

Алматы 2023ж



Қай салада болмасын, жалпы дәстүр атаулыға тән қасиет – ол дайын күйінде тумайды, не өзге біреуден оңай алына салмайды, ол заманалар жемісі, тәжірибелер нәтижесі, уақыт сынынан, ұрпақтардың ақыл-ой елегінен мүдірмей өткен, халықтың тіршілік тұрмысына жауап беру арқылы өміршең сипат алып, әрдайым өсіп, өніп, жалғасып отырған әрі тұрақты әрі жанды, белсенді құбылыс». Бұл жерде ғалым дәстүр атауына жалпылама баға беріп отырғандығын ескерткіміз келеді. Яғни дәстүр атауының, ұғымының не мағына беретіндігін, өмір мен өнердегі адамзат санасы танып зерделеген түсінік талғамды жинақтап беріп отыр.



Әдеби дәстүрдің жанрларда қалыптасуының сыртқы қалыбын аңдатқанымен оның ішкі тарихи көркемдік құрылымына ене қоймайды. Дәстүр мәселесін оқырманға ұғынықтырақ түсіндіру үшін оны заттандырып, табиғаттағы тіршілік процесімен алмастырып жеткізген ғалым М.Қаратаев болды. «Топыраққа еккен бидайдың дәні шөп болып өседі де басына жаңа дән салады. Бұл да бұрынғыдай бидай дәні, бірақ санасы жөнінен бұрынғының дәл көшірмесі емес, кейбір айырмасы бар – не құнарлырақ, не қасаңырақ. Ол өсімдіктің топырағына, күннің тағы басқа қоректің аз, көп жағдайына байланысты»

Бұл мысалдан дәстүрдің өмір сүру заңдылығын, оның жаңарып жаңашылдыққа бой ұрып отыратындығын тануға болады. Жаратылыс заңдылығына сай табиғаттағы не жанды нәрсе болсын ұрпақ алмасып өсіп, өніп отыратынындай. Дәстүрдің өмір сүру принципін табиғат тіршілігімен салыстыра қабылдап ой топшыладық. Бұл да дәстүр ұғымын, мәнін жалпы тіршіліктің эволюциясымен айқындап жеткізгендей. Қарап отырсақ әдеби дәстүр де табиғаттағы жанды заттардың өсімі секілді о бастағы нұсқалардың бойында түзіліп, дүниетанымдық ерекшеліктерді жинақтап, көркемдік тарихында екшеліп, жаңарып, жасарып отыратын процесс иесі іспетті. Дегенмен әрбір атау, ұғымның әртүрлі ғылым саласында түсіндірілу, сипатталу ерекшелігі болатынындай әдебиетте де өзіндік даралық қасиеттерге толы дәстүр мен жаңашылдықты жанр өзгешелігіне сай жаңа танымдық арнада қарайтын да уақыт жетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет