Реферат Тақырыбы: «Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары»


Саясаттану ғылымының негізгі парадигмалары және саясаттанудың негізгі мектептері



бет4/7
Дата04.10.2024
өлшемі133,94 Kb.
#146836
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары

Саясаттану ғылымының негізгі парадигмалары және саясаттанудың негізгі мектептері. Көптеген гуманитарлы ғылымдар секілді, саясаттану пәні полипарадигмалық пәндерге жатады, яғни саясат зерттеуінде бірнеше концептуалды (тұжырымдамалы; жаңа ғылыми білім шығарған бағыт) бағыттардың мүмкіндігін мойындайды. Ал парадигма деген ол грек сөзінен алынған paradeigma – зерттемелі ғылыми есеп шығарудағы үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда келесі ғылыми парадигмалар бөлінеді:

Теологиялық парадигма — әлемнің бәрін діни тұрғыдан түсіндірілген кезден пайда болған. Билік, мемлекеттік құрылым, елдің тұрмысы – бәрі де Құдай құдіретінен туындаған әлемнің бөлігі деп қа растырылған.
Натуралисттік парадигма – саясатты табиғи факторлермен түсіндіреді: географиялық ортамен, ауа райының ерекшеліктерімен, адамдардың биологиялық және нәсілдік айырмашылықтарымен.
Натурализм көне заманда пайда болған. Мысалы, Гиппократ, Платон, Аристотель еңбектерінде географиялық ортаның саясатқа ықпалын көрсеткен. Шарль Луи Монтескье «Заңдар рухы туралы» еңбегінде әр халықтың рухы, адамгершілік бейнесі, дамуы, мемлекетінің түрі географиялық ортамен байланыстырды. Сонымен, натурализм саясаттану пәнінде геосаясат, биополитика және психологиялық клнцепцияларға айналды.
Биополитикалық парадигма – адамның саяси тәртібін анықтайтын – оның жынысы, тумалы генетикалық қасиеті. Осы парадигманың принциптарынан бихевиоризм бағыты қалыптасты – жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Бихевиоризм – XIX ғасырдың аяғында XX ғасырдың басында пайда болған американ саясаттану мен әлеуметтанудың басты бағытының бірі.
Психологиялық бағыт — XX ғасырдың 50-60 жылдары пайда болған адамның психологиялық қасиеттеріне шексіз көңіл бөлген бағыт. Психологиялық бағыт З.Фред, К.Юнг еңбектеріне сүйенеді. Бұл бағыт бойынша, әр саяси құбылысты тұлғаның психологиясы арқылы түсіндіруге болады. Бұл концепция Б.Расселдің саяси зерттемелерінде орын тапқан. Рассел бойынша, билік психологиясы ерекше индивидуалды қасиеттерді зерттеуі керек: мысалы, қорқу, коллективті истерия, қажу, көпшіліктің қозу қасиеттері биліктегі адамды диктатор болуға итермелейді. Сондықтан, демократияны сақтау үшін, диктаторлық режимнен аулақ болу үшін осы қасиеттерге жол бермеу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет