Реферат Тақырыбы: Балалар бірлестігінің түрлері ПӘН: «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет2/3
Дата19.02.2023
өлшемі30,34 Kb.
#69303
түріРеферат
1   2   3
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани - адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұйымның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Қазақстанның 1991 жылдан кейін құрылған Балалар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес әрекет ететін, ерікті қоғамдық бірлестіктер болып табылады. Олар Халықаралық демократия жастар федерациясы өткізетін халықаралық семинарлар мен кеңестерге қатысып отырады.


Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттар» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді,шамамен 1907 жыл. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл болды. Скаутизм – ағылшын тілінде SCОТ, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді. 1921 жылы ол Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды. 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918 – 20 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды.Оның мақсаты – жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу. 70 жылдай уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең-кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі. Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды. Балалардың қоғамдық бірлестігінің типтері. Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға - олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келді. Олардың қызметі 3 бағытты қамтиды.
1. Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдардың қарым- қатынас жасау біліктілігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасызт етеді.
2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді. Бүгінде балалар бірлестіктері - өзінің ұйымдастыру – құқықтық формасын (бірлестік, ұйым, қозғалыс, орталық, клуб); - көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы, республикалық «Невада» қозғалысы (Семей қаласы), аймақ аралық клуб); - әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнына (елжандылық, экологиялық, саяси, скауттық, пионер); Әрекет ету бағдарламасына (Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан) 1991 жылы Мәскеу қаласында демократиялық тұрғыдағы ерікті қоғамдық ұйым Пионер Ұйымдарының Одағы құрылды.Оның идеологиялық бағыты – гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықты ұстану және мақсат ету. Негізгі міндеті – өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жан дүниесін дамыту, жалпыадамзаттық құндылықтарды меңгеру мен әлеуметтік маңызды істерге тарту. Басымдық танытатын ұстанымдары (принциптері) – еріктілігі, тең құқықтылығы, өзін-өзі басқаруы, заңдылықты сақтауы, жариялығы. (Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский) 1. «Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасы
1 «Білік мектебі» Халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік мектебін оқып үйренеді. Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін зерттейді, сабақтар, конференция, семинарлар, кездесулер өткізеді.
2. Біз бейбітшілікті сақтаймыз.
3. Мен ертеңгі жауынгер.
4. Тәні саудың – жаны сау.
5. Салауат клубы. 1991 жылы ҚР балалар мен пионерлер ұйымдары үшін Ақмола облыстық пионер ұйымының авторлық ұжымдық профессоры Е.А. Димитренконың басшылығымен «Жұлдыз» бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама балалар мен пионерлердің Республикалық кеңесінің Пленумінде қаралып, балалар мен пионерлердің Республикалық слетінде 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай жазылған: «Жұлдыз» бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіңе, қиындықтарды жеңуіңе, нағыз достар тауып, бақытты болуыңа көмектеседі. Ең бастысы – өз жұлдызыңның биік шыңына шығу тек өз қолыңда екенін ұмытпа. Бұл бағдарламаның 4 кезеңі көрсетілген: «Балапан» - 6 – 8 жас; «Балдырған» - 9- 11 жас; Жас ұлан – 12 – 14; Мұрагер – 15 – 18 жас. Республика мектептерінде «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларын жаңа үдемелі талаптарға сәйкес, оқу және тәрбие жұмысының жүйесінде қолдану мектеп басшылары, мұғалімдер, балалар мен пионерлер ұйымдары және ата-аналар арасындағы педагогикалық ынтымақтастықтың басты демократиялық және өзін-өзі басқару принциптеріне негізделген. Балалардың қоғамдық бірлестігігі - ең алдымен ұйымдастырушы, өзін-өзі басқарушы, балалардың сұранысын, қажеттілігін, мұқтаждарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық. Балалардың әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестігі - ашық, демократиялы, қатал «қызметтік иерархиясыз» құрылым. Құрамында 18 – ге толмаған 2/3 бөліктен аз емес азаматтары бар ұйым бірлестік деп аталады. Үлкен адамдардың жетекшілігі (міндетті түрде бірлестік мүшелері немесе оған қатысушылар) ерікті, қоғамдық сипатқа ие. Қазіргі балалар қозғалысының маңызды ерекшеліктерінің бірі – ересек жетекшілерді олардың өздерінің таңдау құқығы. Балалар бірлестігінің жетекші – көшбасшысы жасына, жынысына, ұлтына, біліміне партияға мүшелігіне қарамай, Ресей Федерациясының балалар құқықтары және заңдары декларациясының шеңберінде кез келген адам бола алады. Балалар бірлестігі мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қоғамдық құрылымдарының тұрғылықты жері бойынша құрыла және қызмет ете алады. Балалар бірлестіктері бір-бірінен іс-әрекеттерінің мазмұны, қызмет ету ұзақтығы, басқару формалары арқылы ерекшеленеді. Іс-әрекеттің мазмұны бойынша еңбек, өткізілетін бос уақыт, қоғамдық-саяси, діни, патриоттық, танымдық және т.б. балалар бірлестіктері болуы мүмкін. Балалардың еңбек бірлестіктері оларды еңбекке баулуды ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асырады. Оларға жеке экономикалық мәселелерді шешу мақсатында балалардың біріккен іс-әрекеті үшін құрылған оқушылар кооперативі мысал бола алады. Бос уақыт өткізетін, қоғамдық-саяси, патриоттық және т.б. бірлестіктер балалардың қабілеттері мен бейімділіктерін дамыту мәселелерімен және қарым-қатынас жасау, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі таныту үшін мүмкіндіктер жасау мәселесімен айналысады. Соған байланысты бұл ұжымдарға өз еріктерімен кіреді. Қызмет ету ұзақтығына қарай белгілі бір қосымша білім мектебі, мекемесі базасында балалардың тұрғылықты жеріндегі қоғамдық бірлестіктер тұрақты жұмыс істеуі мүмкін. Балалардың типтік уақытша бірлестіктеріне, балалардың жаздық орталықтары, туристік топтары және т.б. жатады. Кей мәселелерді шешу үшін көп уақытты талап етпейтін бірлестіктер де жатады (көмек акциялары, слеттерге және т.б. қатысушылар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет