Реферат тақырыбы: «Белгісіз жылдар» кезеңі. 1652-1680 жж. Сайрам соғысы



бет1/2
Дата30.09.2023
өлшемі19,47 Kb.
#112034
түріРеферат
  1   2
Байланысты:
БӨЖ №4 «Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.РЕФЕРАТт


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ



ТОҢАЗЫТҚЫШ МАШИНАЛАР МЕН АУА БАПТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ ФАКУЛЬТЕТі










РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Белгісіз жылдар» кезеңі.1652-1680 жж. Сайрам соғысы.











Орындаған:Қабиев Семсер


Қабылдаған: Алдекен Айнұр Сабырбайқызы
А Алматы 2023 жыл
Жоспар:
1. Кіріспе.............................................
2. Негізгі бөлім...................................
3. Қортынды........................................
4. Пайдаланылған әдебиеттер...........

Кіріспе
Тарихшы ғалымдар зерттеулерiне сүйенсек, 400 жылға созылған әртүрлi соғыстар болған екен. Елiнiң азаттығы мен жерiнiң тұтастығы үшiн қан төккен сол батырлардың өшпес ерлiктерi ұрпақтан-ұрпаққа жетiп, аттары аңызға айналып, қазақтың жазба әдебиет орнына жүретiн ауыз әдебиетiндегi бай шежiре-дастандарға айналған. Осындай шежiре-дастандардың бiрi сонау Сайрам соғысының (1681-1685) қаһарманы Тiлеу батыр жыры. «Тiлеу батыр жыры қайдан туған», «Қандай батырлығы үшiн ақын-жыраулар жырға қосқан», «Сайрам соғысы деген қандай соғыс» деген заңды сұрақтар туады. Сайрам соғысы туралы тарихи кiтаптарда өте аз жазылған немесе жазылған тарихи деректер ұлтымыз Ресей империясының қыспағында тұншығып күн өткерген кезiнде көп өзгерiстерге ұшыраған.


Негізгі бөлім
Халдан (1617-1699) деген жоңғар қонтайшысы 1681-1685 жылдары Оңтүстiк Қазақстанға бiрнеше рет шабуыл жасады. Сайрам қаласын басып алды. Бай аудандар тып-типыл болды» деп көрсеткен. Төрт жылға созылған, қазақ тағдыры талқыға түскен Сайрам соғысы туралы бар мәлiмет осы кiтаптағы үш-төрт жолмен шектелген. Шын мәнiсiнде, бұл соғыста бiздiң батыр бабаларымыз Қазақ Ордасын құлдық кiрiптарлықтан, тiптi жер бетiнен жоқ болып кету қаупiнен өздерiнiң жанын пида етiп, қанын төгiп, ерлiкпен қорғап қалған едi. Өз басым іздеген адамға жоғы табылатыны сияқты жазушы-ғалым Мұхтар Мағауиннiң «Қазақ тарихының әлiппесi» атты еңбегiн оқып Сайрам соғысы туралы мол мағлұмат алдым. Бұл кiтап батыр баба жөнiндегi ел аузындағы аңыз-әңгiмелерге құрылған шежiрелердегi тарихи шындықтармен сәйкестенедi. Сонымен Тiлеу батыр Айтұлының кiм екенiн айтудан бұрын оның шыққан тегi туралы. Мұхамеджан Тынышбаевтың 1925 жылы Ташкент қаласынан шыққан «Материалы к истории киргиз-казахского народа» деген еңбегiнде Ноғай ордасы ыдырағанда халықтың бiр бөлiгi Кiшi жүз құрамына енедi,–дей келiп, осы Кiшi жүз құрамына кiрген Едiге батырдың ұрпақтарын М.Тынышбаев былай таратады. Едiгеден–Нураддин, Қазы, Мансур, Ағбад, Наурыз. ­Нураддиннен–Уақас би, Мұса, Жаңбыршы. Мұсадан – Алшағыр, Шағым, Сейдақ, Шах-Мамай, Сары Жүсiп, Алшы-Смайыл. Алшағырдан – Келмұхамбет, Орақ батыр. Орақ батырдан–Қарасай, Қази. Шахмамайдан–Ақмырза, Бекмырза. Алшы Смайылдан–Дiнахмет, Мұхамет, Тыналы, Тынабай, Орыс. Дiнахметтен–Орманбет би, Дiнмұхамет, Естерек. Естеректен–Тарғын батыр. Ол тарихтағы Баба түктi Шашты Әзиздiң ұрпағы. Ша­мамен 1640-1650 жылдар ара­лы­ғында дүниеге келген. Тiлеуден мүшел жастай кiшi. Хан сайлауында Қара тiлеу бидiң ұсынысымен пiр сайланған. Жыр жолдары да осыны меңзейдi. Мүсiрәлi көрiпкел, сәуегей, аузы дуалы адам болған. Ол келе-келе аңызға айналып, Мүсiрәлi аты ұмытылып «Сұпы Әзиз» аталып кетедi. Тәукемен бiрге пiр сайланып отырған осы Мүсiрәлi. Ол заманның талабы бойынша хан мен пiр сайлау сынағына бiлiмдi, әулие, жүректi, тапқыр адамдар iрiктелетiн болған. Тiлеу батыр сол талаптан табылып тұр. Жазушы-ғалым Мұхтар Мағауин өзiнiң «Қазақ тарихының әлiппесi» атты еңбегiнде «... 1681, тауық жылы қазақ пен қалмақ арасындағы екi жүз жылдық соғыстың жаңа кезеңi басталады...» деп жазады (176-бет). Қалмақ ханы Ғалдан-Бошықты қазақ жерiне кiрiп, Жетiсу өңiрiн тегiс алады. Тәуке хан тегеурiндi қарсылық көрсете алмайды. Қалмақтар соғыс өнерiнен iлгерi кетiп, от қару-мылтықпен қаруланған едi. Осындай нәубат күшпен Ғалдан-Бошықты жолындағының бәрiн жапырып, Шудан, таластан асып, Арысқа жетiп, қазақтың қалың ортасына кiредi. Сайрам қаласына келiп маңдай тiрейдi. Бұдан әрi Қазақ Ордасының астанасы iргедегi Түркiстанды алуды жоспарлайды. Сөйтiп, бүкiл қазақ халқының тағдырына зор қауiп төнедi. Осы Сайрам соғысына бiздiң Батыс аймақтан әдейi қол бастап барған Тiлеу, Қалдыбай, Жолдыаяқ, Тайлақ батырлар туралы ел iшiнде ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ақиқат пен аңызға құрылған әңгiмелер көп. Соның бiрi – осы қазақ елiне келе жатқан қаратүнектiң ақыры немен тынарын терең сезiнген әрi батыр, әрi қолбасшы, әрi саясаткер Тiлеу батыр әрiсi Маңғыстау, берiсi Бiршоғыр, Ұлы Борсық, Арал өңiрiн, Сағыз-Жем, Темiр өзендерiн жайлаған қалың елден шамамен он жетi мыңға жуық қол (сарбаз) жинап, Түркiстанға аттанады. Түркiстандағы Тәуке ханның алдынан өтiп, тарихта қанды қырғын аталған Сайрам соғысына кiредi. Сайрам соғысына тыңнан қосылған мол қол қазақ сарбаздарының рухын көтередi. Сайрам Түбiндегi үш жылға созылған текетiрес соғыста шебер қолбасы Тiлеу батырдың абыройы артып, атақ-даңқы жауына үрей тудырады. Дүрбiт-Ойрат Тiлеу батырдан көп зәбiр шегiп, талай рет маңдайлары тасқа тiреледi. Атағы жер жарған талай қалмақ батырларының бастары осы жерде алынады. Алайда қалмақтар көп едi, қарулары сай едi, ақыры бiр жойқын ұрыста адамның сұңқары атанған Тiлеу батыр қазақ елiнiң тәуелсiздiгi үшiн қан майданда ат үстiнде шейiт болады. Елдегi көнекөз қария шежiрешiлердiң айтуынша, батыр бабамыз бiр дамылдағанында iнiсi Қалдыбай мен баласы Жолдыаяқты оңашалап «Мен осы соғыстан қайтпаспын, олай-былай болып кетсем Әзiрет Сұлтан-Ахмет Ясауидiң қабiрстанына қоярсың» деп өзiн аманаттаған екен дейдi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет