Исидор Мари Огюст Франсуа Ксаве Конт (фр.Isidore Marie Auguste François Xavier Comte; 19 қаңтар1798 — 5 қыркүйек1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқа алғаш рет еңгізген. Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.
Бірінші кезең (1820-1826) – мынадай кішігірім жұмыстарды жазу кезеңі: «Әлеуметтік философия опускулдары»; «Қазіргінің өткендігі элементтерін жалпы бағалау» (көкек, 1820 ж.); «Қоғамды қайта ұйымдастыру үшін қажетті жұмыстар жоспары» (көкек, 1822 ж.); «Ғылымдар және ғалымдар туралы философиялық ойлар» (қараша−желтоқсан 1825 ж.). «Рух қуаты туралы ойлау» (1825-1826 жж.).
Екінші кезең - «Позитивтік философия курсы» дәрістері (жеке томдармен 1830 жылдан 1842 жылға дейін жарыққа шығып отырған) құрастырады. Үшінші кезең «Позитивтік саясат жүйесі, немесе Адамзат діндері негіздері туралы социологиялық трактат» (1851 жылдан 1854 жылға дейін жарыққа шығып отырған) еңбегінде көрініс табады.
Ғылыми танымның әдістері мен ғылыми ақиқаттың ерекшелігі. Ғылыми және ғылыми емес білімнің демаркация мәселесі.