Реферат тақырыбы: Биологиялық белсенді заттар өндіру үшін өсімдік клеткаларын өсіру



бет1/4
Дата01.04.2023
өлшемі224,83 Kb.
#78198
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Ақниет БИО


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ
«Генетика,селекция және биотехнология» кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Биологиялық белсенді заттар өндіру үшін өсімдік клеткаларын өсіру

Орындаған:Құсбек Ақниет


Тобы:Аг-403
Қабылдаған:Тұрғанбай Г.

Алматы-2023


Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Биологиялық белсенді заттар және оларды өндіру
2. Биологиялық белсенді заттар өндіру үшін өсімдік клеткаларын өсіру
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Биологиялық белсенді заттар — организмнің қандай да бір қызметін атқаратын, арнайы жоғары әрекетті іске асыратын органикалық қосылыстар. Бұл заттарға ферменттер, гормондар, дәрумендер және т.б. заттар жатады. Ферменттер организм жасушаларының барлығында бар, олар күрделі химиялық реакцияларды ыдыратуды тездетеді. Дәрумендер организмде және одан тыс көкөністер, жеміс-жидектердің т.б. құрамында бар. Дәрумендер — организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті заттар, олар адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының мәліметі бойынша, адамның денсаулық жағдайы 12 пайыз мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі деңгейіне, 18 пайыз тұқымқуалаушылық факторларға, 20 пайыз өмір сүру салтына, 50 пайыз тамақтануға байланысты болады екен.Адамның күнделікті тағамдық рационында күніне 600-дей нутриент болуы керектігі ғылыми дәлелденген. Бірақ үйлесімді тағамдық рационды көп адам толық қамтамасыз ете алмайды. Осы кезде биологиялық белсенді қоспаларды қолдануға болады.
Ғылыми деректерге сүйенсек, биологиялық белсенді қоспалар — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің концентраты, жеке немесе тағамға құрамын байыту үшін қосылып қолданылатын аурудың алдын-алу мен ағзаның жалпы жағдайын жақсартуға арналған табиғи немесе табиғиға жақын заттар компоненті жануартекті, минералды, өсімдіктекті шикізаттан химиялық синтез жолмен алынған, табиғи тағамдық және биологиялық белсенді заттардың қосындысы.
Биологиялық белсенді қоспалардың екі түрі кездеседі:біріншісі — нутрицевтиктер-нутриенттер (тағам компоненті), яғни, ағзаны тағамдық заттармен қамтамасыз ететін, бірақ оны толық алмастыра алмайтын, тағаммен дәрілік препарат арасындағы аралық зат, екіншісі, парафармацевтиктер — тағамдық және дәрілік өсімдіктердің органикалық компоненті.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет