МЕББМ «Казақстан-Ресей
Медициналық Университеті»
НУО «Казахстанско-Российский
Медицинский Университет»
қолданылады . Осы мақсатта қолданылатын құралды флюорометр дейді .
Флюорометрдің басты бөлігі сынапты шам деп те атайды .
Сынапты шам – ішінен ауасы жоғарғы вакуумға дейін сиретілген кварц
түтігінен тұрады . Түтіктің іші аргон газымен толтырылып кварц оған
бірнеше тамшы сынап қосады . Түтіктің екі басына Э электрод
орналастырылған . Осындай шамды тоқ көзіне қосқанда ,аргонның жеке
иондары мен электрондарының әсерінен солғын разряд пайда болады.
Газдың иондары мен электрондары түтіктің ішіндегі электродтармен
соқтығысып , оларды қыздырады . Қызған электродтардың бетінен
электрондар бөлініп шығады .
Шам қызады да оның ішіндегі сынап буланады . Сынап буларының
арасында доғалық разряд пайда болып , түтіктің ішіндегі газ қысымы
артады – шам ультракүлгін сәуле шығарады . Рефлектордың ішкі беті
жарықты толық шағылатын айна бетпен қапталғандықтан жарық сәулесі
бір бағытта таралады . Осындай сынапты шамның жұмыс нәтижесінде
алынған ультракүлгін жарықпен адамның денесін сәулелендіруге болады .
Флюорецесценттік заттарды немесе флюоресценттік бояумен боялған
гистологиялық препараттарды зерттеу үшін люминесценттік анализ
кеңінен қолданылады. Ол үшін люминесценттік микроскоп қолданылады.
Ол сынапты шамы бар арнайы жарық көзінен ,толқын ұзындығы ,толқын
ұзындығы 320 – 400 нм ультракүлгін сәулені ғана өткізетін жарық
сүзгішінен , кварц призмасынан және кварцты линзасы бар конденсордан
тұрады . Препарат ультракүлгін сәуле өткізетін арнайы шынының үстіне
қойылады . Микроскоптың оптикалық жүйесі – қарапайым оптикалық
жүйеден тұрады .
Достарыңызбен бөлісу: