Реферат тақырыбы: «Еңбек өнімділігін талдау» Орындаған: 3 курс эи20-07 тобының студенті Сержанов Е. Ж


Еңбек өнімділігін өндіру және жоғарылату



бет3/7
Дата27.07.2023
өлшемі28,51 Kb.
#104839
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРСП титулдық беті (копия) (копия)

2.2 Еңбек өнімділігін өндіру және жоғарылату
Еңбек өнімділігі- еңбек шығындарының нәтижелігінің тиімділігін сипаттайды және орындалатын жұмыс немесе өндіретін өнімнің бірлігіне еңбек шығындарының және жұмыс уақытының бірлігіне өндірілген өнім саның анықтайды. Еңбек өнімділігі тірі және қоғамдық жиынтық болып бөлінеді.
Тірі еңбек өнімділігі - әрбір жеке өндірісте жұмыс уақытының шығындарымен анықталады.
Қоғамдық еңбек өнімділігі – тірі және бұрынғы еңбек шығындарымен анықталады. Қоғамдық еңбек өнімділігінің есебі өте күрделі бұл көрсеткіш материалды өндіріс саласында бір жұмыс бастығы ұлттық кіріс ретінде есептеледі. Кәсіпкерде еңбек өнімділігі тек тірі еңбек шығындарының тиімділігі ретінде анықталады. Өндірудің 3 әдісі бар, олар келесідей;
1. Натуралдық көрсеткіш- дұрыс нақты және көпшілігіне оның мәніне сәйкес келеді бірақ олардың қолдану аумағы шектеулі.Наатуралдық көрсеткіш көбінесе өндіруді анықтау кезінде газ, мұнай, көмір, энергита, орман сиақты салалары бар кәсіпорында қолданады.
2. Өндіруді анықтаудың құндық әдісі- тек ғана тірі еңбек шығындарын анықтауды ғана ескермейді сол сяқты бағаның әсері шығарылған өнім материалының өндірістік бағдарламада құрлымдық жылжымалық әдісі ерекше ескеріледі.
3. Еңбек өнімділігін өлшеудің әдісі - өнімділікті өлшеу ретінде еңбек сиымдылығының көрсеткішінің қолдануын көздейді.
Өнімнің еңбек сиымдылығы өнім бірлігіне өндіруге тірі еңбек шығындарын көрсетеді. Өндіру көрсеткішіне қарағанда еңбек сиымдылық көрсеткішіне бірқатар артықшылықтар бар. Ол өндіру көлемі және еңбек шығындар арасында тура байланысты көрсетеді.
Еңбек өнімділігін көтеру жолдары және факторлары:
- табиғи-климаттық жағдай;
- жер алқаптарының рационалды орналасуы мен
пайдалану тиімділігі;
- өндірісті интенсивтендіру және материалдық техникалық базаны жетілдіру;
- ҒТП жетістіктерін енгізу;
- өндіріс үрдістерін кешенді механизациялау және автоматтандыру;
- кадрлар біліктілігін көтеру;
- еңбекті материалдық ынталандыру мен ұйымдастыруды жетілдіру.
Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:
1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.
2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.
3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.
4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.
5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.
Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады. Сондықтан, әсіресе бүгінгі жағдайда, тек өндіріс факторларын есепке алумен қанағатганбай, адам факторын да есепке алу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет