Реферат Тақырыбы: Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау Орындаған: Тексерген: Алматы 2021 Жоспары


Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау



бет5/7
Дата27.07.2023
өлшемі30,7 Kb.
#104841
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
stud.kz-104935

2.4 Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және оның динамикасын талдау
Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағыты нан өндірістік процестің тиімділігін сипаттайтын, бір көрсеткіш түсініледі. Негізгі мақсат осы өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған енімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады. Бұндай көрсеткіште өндіріс шарттары (тапсырманың уақытында орындалуы, жұмысшылардың жарақаттарының саны және басқалар) көрсетілмейді.
Кәсіпорында еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін жұмыс уақыты бірлігінде өндірілген өнім санымен анықталатын еңбек өнімділігі сипаттайды.
Еңбек өнімділігі – бұл кәсіпорын жұмысшыларының еңбегінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш. Кәсіпорында еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жалпылама, жеке және көмекші көрсеткіштер жүйесі қолданылады.
Жалпылама көрсеткіштерге: бір жұмысшының орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру көлемі, құндық өлшемдегі бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндіру көлемі жатады.
Ал жеке көрсеткіш болып 1 адам-күндегі немесе адам-сағаттағы заттай нысандағы өнімнің белгілі бір түрінің еңбек сыйымдылығы табылады.
Көмекші көрсеткіштерге: жұмыстың белгіленген бір түрін орындауға кететін уақыт шығындары немесе уақыт бірлігінде орындалған жұмыс көлемі жатады.
Еңбек өнімділігін бағалау үшін жалпы, жеке және көмекші көрсеткіштер қолданылады. Жалпылама көрсеткіштерге орташа жылдық, орташа күндік, орташа шығатын еңбек өнімділігі жатады. Жеке көрсеткіштерге белгілі бір түрдегі өнім бірлігінің өндірісінің уақыт шығындары жатады. Көмекші көрсеткіштерге белгілі бір өнім түрін өндіруге кеткен уақыт шығыны жатады.
Еңбек өнімділігінің жалпылама көрсеткіштеріне бір жұмыскердің орташа жылдық өнім өнімділігі жатады. Оның көлемі тек қана жұмысшылар өндірісіне байланысты емес, сондықтан жұмысшылар санына, өнім санына, орындалған күндер және ұзақтығына байланысты.
Аналитикалық талдау барысында жұмыскердің орташа жылдық еңбек өнімділігі бір жұмысшының бір жылдағы істеген күндері, жұмыс ұзақтығының күндер бойынша және орташа сағаттық өнімділігіне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет