Реферат тақырыбы: Ежелгі Греция және Римдегі тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар



Дата24.04.2023
өлшемі33,47 Kb.
#86399
түріРеферат
Байланысты:
СРО-2 (Искак Әділжан)


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ежелгі Греция және Римдегі тәрбие, мектеп және педагогикалық ойлар




Орындаған: Искак Әділжан
Тексерген: Сарканбаева Гульжазира Кинаятовна

220 - топ


Алматы қ. 2023


Ертедегі грек ғалымдары мен философтары еңбектерінде тәрбие және оқыту мәселелеріне ерекше мән берді. Педагогика ғылымы алғашында философия ғылымының құрамында дамыды. Ертедегі ғұлама грек ойшылдары Сократ, Платон, Демокрит, Аристотель және т.б. Грецияда педагогикалық теориялардың пайда болуында және қалыптасуында ерекше орын алады.

Ертедегі Римде тәрбие мен педагогикалық


ой-пікірдің дамуы.
Ертедегі Римде көп ғасырлық тарихының, дамуында жанұя және мектеп тәрбиесі мен білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты.
Ұзақ уақыт Рим жанұясында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын-ды, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан жанұяның қандай орын алатындығына байланысты.
Римде әйел белгілі құққа ие болады (мәселен тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік ете, басқара білді.
4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар жанұяда бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Қыздардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысады, оларды сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты жанұяларда – грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ерлер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандары. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне үйретті, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.
Бастауыш білімді ауқатты емес балалар элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.
Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді.
Римде шешендік мектептер ашылды, онда ауқаттылардан шыққан жастар жоғары ақыға грек тіліне, шешендік өнеріне, заңтануға, математикаға, философияға оқыды. Оларды жоғары мемлекеттік қызметке даярлады.
Рим империясының пайда болуымен (ІІ ғ.б.э.д) императорлар грамматикалық мектептер мен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырды, олардың міндеті – императорлық өкіметке берілген чиновниктерді тәрбилеу.
Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Жанұядағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.

Демокриттің педагогикалық теориясы.


Ертедегі грек философиясының шыңы, ғұлама философ-материалист, атомистік теорияның негізін алушы Демокрит (460-370 жж.б.э.д) болды. Оның бізге жеткен көптеген шығармаларының үзінділерінен біз Демокриттің ғылымының барлық салаларында қолтаңбасын қалдырғандығын аңғаруға болады, оның философия, педагогика, математика, физика, биология, медицина, психология, өнер салаларында қалдырған ғылыми мұралары белгілі. Оны К.Маркс Демокритке былай деп баға берген болатынды: “Гректердің арасынан шыққан бірінші әмбебап ақыл-ой”.
Демокриттің тәрбие туралы ойлары педагогикалық ой-пікірдің тарихында ерекше мәні зор. Өзінің атомистік теориясының негізінде Демокрит жеке тұлға дамуының материалистік тұжырымдамасын ұсынды. Ол дүние материалдың, бір-бірінен түрі, қатарға және жағдайы жағынан ерекшеленетін атомдардан тұрады. Ақзалардың өмірі мен өлімі атомдардың бірігуіне және ыдырауына алып келеді.
Демокрит жанның өлмейтіндігін жоққа шығарды. Демокрит адамның қалыптасуы оның табиғатына және тәрбиесіне байланысты деп түсіндірді. Мәселен, Демокрит еңбектерінен кейбір үзінді келтіретін болсақ; “Егер де оқымаса, ешкімнің де өнерді де, даналықты да меңгермеген болар еді”, “Табиғаттан гөрі, жаттығудың арқасында көптеген адамдар жақсылық қасиеттерді меңгереді”, “Кейде жас адамдарға ақыл, ал қарттарға ақылсыздық тән болса, ақылға үйрететін уақыт емес, ол дұрыс қойылған тәрбие және табиғат”.
Демокрит ортаға, үлкендердің үлгі-өнегесіне (“Әкенің жағымды ойы-балаларға ең жақсы өсиет”), сөздік әсеріне, сендірумен тәрбиелеуге, еңбекке үйретуге ерекше мән берді.
Демокриттің бізге жеткен еңбектерінің үзінділерінде балаларға кішкентай кезінен бастап талаптар қою туралы жан-жақты айтылды.
Демокриттің материалистік таным теориясы бойынша, білімнің басы түйсіктер екендігін, ал шындық ақыл арқылы іске асатындығын (теориялық ойлау), дәлелдеу, ақыл-ой тәрбиесінің мәселелерін шешуде мәні ерекше болды. Демокрит ойды, ақылды дамыту туралы мынадай мәнерлі сөздермен аяқтады: “Көптеген көп білетіндер (білгіштер) – ақылсыз (ойсыз)” деген болатынды.
Сократтың педагогикалық теориясы.
Сократ (469-399жж.б.э.д) философ-идеалист болды, өзінің демократиялық шығу тегіне қарамастан (кедей қолөнершінің баласы), оның консервативтік жер аристократиясының идеологі болып табылады. Болғандығы оның философиялық және педагогикалық көзқарастарында бейнеленді. Оның түсіндіруінше, дүниенің құрылымы, заттардың физикалық табиғатын тануға болмайды, адамдар тек ғана өзін-өзі тануы мүмкін, жалпыға бірдей, мәңгілік және өзгермейтін адамгершілік ұғымдар өмір сүреді.
Тәрбиенің мақсаты, Сократтың көзқарасы бойынша, заттардың табиғатын зерттеу емес, ал өзін-өзі танып білу, адамгершілікті жетілдіру болу керек деді.
Платонның педагогикалық теориясы.
Платон (427-347 жж.б.э.д) белгілі грек философы, идеалисі, Сократтың шәкірті болды. Оның айтуынша, тәрбиені мемлекет ұйымдастыруы қажет, өзінің мақсаты, мазмұны, әдістемесі бойынша үстем таптың мүддесіне толықтай сәйкес келуі керек.
Платон философияда идеялар туралы іліммен белгілі. Оның пікірінше, тек ғана идеялар нағыз шындық ретінде өмір сүреді. Олар мәңгілік және өзгермейді. Бізді қоршаған заттар иек ғана идеялардың әлсіз бейнеленуі, көленкесі болып табылады.
Өзінің педагогикалық жүйесінде Платон спартандық және афиналық тәрбиенің кейбір белгілерін біріктіруге ұмтылды.
Платонның пікірінше, тәрбие дегеніміз үлкендердің балаларға әсер етуі, балаларда адамгершілікті, қайырымдылықты қалыптастыруы. Ол “оқу” ұғымына ғылымдарды оқып-үйрену арқылы білімді меңгеруді жатқызды, ол “шындық үшін ойлауды пайдалануда жанды ояту” деп түсінді. Кішкентай балалардың ішкі негізі Платон айтуынша, эмоциялар болып табылады деді.
Ол тәрбие құралы ретінде ойындарға сонымен қатар әдеби шығармаларды, мифтерді балаларға оқу және айтып беруге ерекше мән берді.
Көптеген шығармалардың авторы ретінде Платон тәрбие мәселелеріне ерекше мән берді. Тәрбиені ұйымдастыруда өзінің көзқарастар жүйесін “Мемлекет” және “Заңдар” сияқты трактаттарында қарастырды.
“Мемлекет” атты еңбегінде Платон кішкентай жас кезінен бастап балаларға қоғамдық тәрбие беру идеясын ұсынды және ооны ұйымдастырудың белгілі жүйесін қарастырды.
3 жастан 6 жасқа дейін барлық балаларды мемлекеттің тағайындаған тәрбиешілердің басшылығымен алаңдарда ойын ұйымдастыруға ерекше мән берді. Кішкентай балаларды тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде ойынның ролін жоғары бағалады.
7 жастан 12 жасқа дейін балалар мемлекеттік мектепке барады, онда оқуға, жазуға, сынауға, саз өнеріне және ән-күйге үйренеді. 12 жастан 16 жасқа дейін дене тәрбиесімен жан-жақты айналысатын мектепке – полестраға қатысады. Онда гимнастикалық жаттығулармен айналысады.
16 жастан бастап ғылым негіздерін арифметикалы, геометрияны, астрономияны, практикалық мақсатта оқып-үйренеді. 18 жастан 20 жасқа дейін эфебияда аранулы әскери-дене даярлығын алады. 20 жастан бастап, ақыл-ой сабақтарына ешқандай қабілеттілік аңғартпаған жастар әскер қатарына алынады. Ал жастардың аз ғана бөлігі, қабілеттілері 30 жасқа дейін білім берудің жоғары үшінші сатысына өтеді, онда философияны, арифметиканы, геометрияны, астрономияны және саз теориясын философиялық-теориялық негізде оқып-үйренеді. Олар мемлекеттік қызметке даярланады. Ерекше дарындылық аңғартқан кейбіреулері философиялық білімін тағы да 5 жыл жалғастырады (35 жасқа дейін) одан кейін 35 тен 50 жасқа дейін мемлекет басқару ісімен айналысады.
Платонның тәрбие жүйесі дене тәрбиесіне деген жеккөрушілікке негізделеді, құлдардың балаларына білім алуға тыйым салынады.
Бірақ, Платон мектепке дейінгі тәрбие туралы, тәрбиенің бірізді мемлекеттік жүйесі туралы, жағымды үлгі-өнеге арқылы тәрбиелеу талаптарын және т.б. ұсынды.
Аристотельдің педагогикалық теориясы.
Аристотель (384-322 жж.б.э.д), Платонның шәкірті, көрнекті философ-идеалист және ертеден Грецияның ғұлама ғалымы. Ал Платонның шәкірті бола отырып, өз ұстазының көзқарасымен келіспеді. Аристотель Платонның екі түрлі ерекше дүние туралы ілімін сынға алады: идеялар дүниесі және құбылыстар дүниесі. Аристотель дүниенің бірлігін мойындады, заттар идеяларын заттардың өзінен бөлуге болмайды. Кез-келген зат материямен түрдің бірлігі болып табылады.
Аристотель өзінің даму туралы теориясына сүйене отырып, жанның 3 түрі туралы айтты: тағамда және көбеюде байқалатын өсімдік түрі; түйсіктерде және қажеттілікте байқалатын жануар түрі; ойлау және таным тән ақыл-ой түрі жатады.
Жанның 3 түріне сәйкес олардың әрқайсысы ерекше әсер етуді қажет етеді. Аристотель тәрбиенің 3 түрін бөліп көрсетті – дене, адамгершілік және ақыл тәрбиесі.
Аристотель адамда тәні мен жаны болатындығы, материя мен түр сияқты бөлінбей өмір сүреді. Тәрбиенің мақсаты табиғатпен тығыз байланысты жанның барлық жақтарын үйлесімді дамыту. Аристотель баланың табиғатына сәйкес дене, адамгершілік, ақыл-ойтәрбиесін ұйымдастыру, сонымен қатар балалардың 1 жас ерекшеліктерін ескеріп атқаруды ұсынды.
Аристотель педагогикалық ой-пікірдің тарихында алғаш рет балаларды жас кезеңдерге бөлуді ұсынды. Балалардың өмірін үш кезеңге бөліп қарастырды:
1) туғаннан бастап, 7 жасқа дейін кезең; 2) 7 жастан 14 жасқа дейін; 3) 14 жастан 28 жасқа дейін. Аристотельдің пікірінше, бұл жас кезеңдері табиғатына сәйкес келеді.
Аристотель жанұя тәрбиесіне ерекше мән берді. Ал 7 жасқа дейін балалар жанұяда тәрбиеленуі тиіс дей келіп, өзінің табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасына сүйенеді.
7 жастан бастап балалар мемлекеттік мектептерге барады (ерлер сияқты әйелдерге ондай білім берудің қажеттілігі жоқ екендігін Аристотель атап көрсетті). Аристотель мектептер мемлекеттік болу керек, жеке меншік болмау қажет, себебі бала тәрбиелеу ісі мемлекеттің қамқорлығында екендігін атап өтті. Мектептерде дене тәрбиесіне ерекше мән берілді, басқа мектептерде балалар оқуға, жазуға, санауға, сурет салуға және саз өнеріне оңай үйренеді. Ал одан жоғары жас кезеңінде жастар әдебиетті, тарихты, философияны, математиканы, астрономияны оқып-үйренеді. Аристотель эстетикалық және адамгершілік тәрбиесінің құралы ретінде саз өнеріне ерекше мән берді.
Аристотель бойынша, балаларды адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік мінез-құлықтағы жаттығуларға негізделеді – қажетті әрекеттері жиі қайталау. Балалардың адамгершілік тәрбиесімен негізінен ата-аналар айналысуы қажет.
Өзінің педагогикалық теориясын дамыта отырып, Аристотель құлиеленуші аристократияның өкілі ретінде ерікті туған азаматтарды тәрбиелеу туралы, құл иеленуші мемлекет туралы қамқорлық жасағаны белгілі.
Аристотельдің көзқарасы антигнал педагогикаға және педагогика ғылымының кейінгі дамуына ерекше ықпал етті.

Цицеронның педагогикалық идеялары, құнды пікірлері


Цицерон өзін грек философиялық теориясы мен Рим саяси (шешендік) теориясын адамы, “татуластырушы”, “тәртіп сақтаушы және қамқоршы” адамның үлгісі деп есептеді. Философиялық идеалы — теориялық скептицизмді практикалық стоицизммен біріктіру, шешендік идеалы — “молшылық”, тыңдаушыны қызықтыра да, сендіре де, еліктіре де алатын барлық құралдарды меңгерген. Цицерон шығармаларынан (үзінділерді есептемегенде) сотта сөйлеген 58 сөзі, шешендік өнер, саясат, практик. философия, теор. философия жөнінде 19 трактаты, аса маңызды психол. құжат, латын ауызекі тілінің ескерткіші және Римдегі азамат соғысы дәуірі туралы деректеме болып табылатын 800-ден астам хаты сақталған.

Сенеканың педагогикалық идеялары, құнды пікірлері


Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордуба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – римдік философ, мемлекет қайраткері. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Кейіннен императордың қаїарына ұшырап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен. Өз дәуірінің шиеленісті мәселелерін бейнелеген Сенека ілімі өте қайшылықты болды. Грек философтарының ізімен, яғни дүниені материалдық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикетика-ғибраттық мәселелермен шұғылданды. Егер олардың шешімдері дұрыс табылса, оның сөзімен айтқанда, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жетеді. Ол өзінің негізінен индивидуалистік этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстыруға тырысты. Сенека этикасы кейінен христиандық идеологияның дүниеге келуіне үлкен ықпалын тигізді.

Плутархтың педагогикалық идеялары, құнды пікірлері


Плутарх (Plutarchоs) (шамамен б.з. 46, Херонея қ. Беотия — 127) — ежелгі грек жазушысы, тарихшы. Римде философиядан дәріс оқып, Херонеяда философия мектебінде ұстаздық етті. Ежелден сақталған мәліметтерге қарағанда Плутарх артына 200-ден астам туынды қалдырған. Оның ішінде “Моральдар” деген жалпы атпен шыққан ғылыми еңбегінде адам мінез-құлқына, қасиеттеріне (махаббат, достық, ашу-ыза, сараңдық, қараулық) талдау жасайды. Плутархтың “Аристофанды Менандрмен салыстыру”, “Жасөспірімнің алар тәлімі”, “Гесиодке түсініктеме”, “Гомерді зерттеу” сияқты әдеби тақырыптарға арналған шығармалары бар. Ежелгі Грекия мен Римнің аса көрнекті қайраткерлерінің өмір жолын баяндайтын “Салыстырмалы өмір жолы” (50 өмірбаян) атты тарихи, көркем өмірбаяндар кітабы — тек ежелгі дүние ғана емес, күллі әлемдік әдебиеттің ең бағалы ескерткіштерінің бірі.
Квинтилианның педагогикалық көзқарасы.
Марк Фабий Квинтилиан – белгілі Рим шешені және педагог, Римдегі ең таңдаулы шешендік мектептердің бірінің негізін салушы, көп кешікпей оның есімі кеңінен таныла бастады және мемлекеттік болды.
Өз мектебінің тәжірибесі және античный дүниенің педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері негізінде Квинтилиан “Шешеннің тәрбиесі туралы” алғашқы арнаулы педагогикалық еңбекті жазды, онда кейбір жалпы педагогикалық мәселелер сөз болды.
Квинтилиан адам табиғатының оның дамуындағы ролі туралы мәселені түсінуге өз үлесін қосты. Ол адамның табиғи көрсеткіштеріне үлкен мән берді, балалардың табиғи қабілеттерін өте жоғары бағалады, ерте жас кезінің өзінде қабілеттіліктердің дәрежесін анықтауға болатындығына ешқандай күмән келтірмеді (кішкентай балалардың ойының алғашқы белгілері – есі, тез және дәл қабылдауы және қабылдағанды ұзақ сақтау, балада еліктеуге ұмтылудың ерте дамуы) сонымен қатар тәрбие арқылы көп нәрсеге қол жеткізуге болатындығын түсінді.
Квинтилиан Рим қоғамының билігінің жоғары деңгейіндегі жанұя тәрбиесін сынға алды, балалардың жағымсыз адамгершілік қасеиттерін және үлкендердің жағымсыз мінез-құлқын қатты сынаған болатынды, жеке тұлғаның қалыптасуында балалардың жас ерекшеліктерін бағаламағаны үшін ата-аналарға ескерту жасады.
5-тен 7 жасқа дейін Квинтилиан Аристотель сияқты мектепке даярлыққа ерекше мән берді. Оның айтуынша, балалар 7 жасқа дейін екі тілді меңгеруге тиісті – ана тілін және грек тілін, әуелі грек тілін содан кейін ана тілін. Квинтилиан балаларды мадақтап отыруға кеңес берді, өз құрбыларымен бірге оларды жарысқа шақырып отыруға, марапаттардың қажеттігін айтты.
Рим педагогі балалардың сауаттылығын дамыту үшін оқытуға әдістемелік кеңестер беріп отырды. Ол оқыту үрлісін көрнекті құралдар арқылы өткізуге ерекше мән берді, оқытуда біржүйелік және бірізділік қағидаларды сақтап отыруға құнды кеңестер берді.
Квинтилиан болашақ шешенге дамыған ес, көркем сөз, жақсы дауыс ырғағы және интонация, мәнерлі сөз, мимика қажет деген болатынды.
Шешенді тәрбиелеудің негізгі құралы Квинтилиан өлеңдерді жаттау екенін, оның адамгершілікке тәрбиелеуге көмектесетіндігіне тоқталды. Логикалық ойлауды, ойдың бір жүйелігін, бірізділігін тәрбиелеу мақсатында ол математиканы оқытудың қажеттігіне тоқталды, оқытуды теориялық үйретуге, еліктеуге және жаттығуларға негіздей отырып, құру керектігіне мән берді.
Педагогикалық ой-аікірдің даму тарихында Квитилиан дидактика мен әдістеменің негізін қалаған, мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеудің талаптарын біржүйеге келтірген алғашқы арнаулы педагогикалық еңбектің авторы ретінде ерекше орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет