Реферат Тақырыбы: «Екпе ормандарға топырақ дайындау.»



бет2/3
Дата13.10.2022
өлшемі271,95 Kb.
#42965
түріРеферат
1   2   3
Негізгі бөлім
Топырақтану ғылымының негізін қалаған орыстың дарынды табиғаттанушы ғалымы В. В. Докучаев (1846-1903) болды. Докучаевқа дейін топырақ агрономия мен геологияның бір саласы ретінде зерттеліп келді. Сондықтан алдымен оған дейінгі топырақты зерттеуге байланысты көзқарастарға қысқаша тоқталып өтейік. Батыс еуропалық агромəденихимиктер мен агрогеологтардың топырақ туралы зерттеулері. Адам баласының əр түрлі құрылыстар салып, егін егіп, өнім алған жер бетіндегі тіршілігі мыңдаған жылдарға созылғаны мəлім. Алайда топырақ туралы ғылыми түсінік көпке дейін қалыптаса қойған жоқ. Егіншілікпен адам баласы ондаған ғасыр айналысып келгенімен, тек XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде ғана егіншілік туралы ғылым – агрономия дүниеге келді. Бұл кез дүниежүзінде феодалдық өндірістік қатынастың капиталистік өндірістік қатынаспен ауысу кезеңі еді. Ғылыми агрономиямен алғаш айналысқан Алмания табиғи зерттеушілері болды. XIX ғасырдың басында кейбір жүргізген тəжірибе жұмыстарына сүйене отырып, неміс ғалымы А. Тэер өсімдіктердің органикалық заттармен қоректенуі теориясын ұсынды. Осыған байланысты ірі химиктер И. Берцелиус, К. Шпренгель, т.б. топырақтың қара шіріндісі – гумуспен айналысты. Олар топырақ шіріндісінің күрделі екенін жəне органикалық заттардың бірнеше топтарынан тұрып, əр түрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен ерекшеленетінін анықтады (Д. С. Орлов, 1974). Алайда кейінгі зерттеулер гумус қоректік қасиеттерге ие болғанымен, негізгі мəселе тек қана гумуста емес екенін көрсетті. 1-сурет. В. В. Докучаев (1846-1903) 8 Сонымен, А. Тэердің өсімдіктердің органикалық қоректену теориясы енді өсімдіктердің минералдық қоректену теориясымен алмасты. Соңғы теорияның авторы неміс оқымыстысы Ю. Либих болатын. 1840 жылы оның «Химияны егіншілік пен физиологияда пайдалану» деген енбегі жарық көрді. Осыдан кейін бұл теорияны колдаушылар көбейіп, агромəденихимия егіншілікке қарай бет бұрды. Көптеген ауылшаруашылығы тəжірибе станцияларында тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде тəжірибелер өріс алып, оның əсерлері анықталды. Топырақтың жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлері анықталды. Топырақтанудың алғашқы бұл бағытын негіздеушілер батыстың ірі оқымыстылары А. Тэер, Ю. Либих (неміс химиктері), М. Бертолло, Ж. Бусенго (француз химиктері) болды. Бұлар топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол минералдық жəне органикалық заттардың қосындысынан тұрады деп пайымдады. Топырақ қабатын олар тек жыртылған қабатпен шектеді. Топырақтарды олар сапасы жағынан жақсыға, ортаға, жаманға, бидайға, сұлыға, картопқа, т.б. жарамды деп бөлді. Осы кездерде жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз агрономия мен топырақтанудың геология бағыты да өріс алды. Оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары Ф. Фаллу, Ф. Рихтгофен еді. Олар топырақ деген түсінікке жер бетінің үгілу қабатын жатқызды. Мұны орманшылар қолдай кетті. Əсіресе, қоштаушылардың бірі неміс оқымыстысы, профессор Е. Раманн болды. Ол Алманияда орман топырақтануын дамытты. Алғашында топырақты тек геологиялық дене деп келген бұлар кейінірек топырақ құрамындағы органикалық заттарды, топырақтың агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Сонымен, топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты. Бұл бағыт тек Батыс Еуропада ғана емес, сонымен қатар терістік Америка, Аустралия, Жаңа Зеландияда, т.б. өріс алды.Топырақ – табиғат туындысы, табиғи əрі тарихи дене. Бір кездерде Жер беті қазіргі Ай планетасының ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз, ауасыз, тіршіліксіз тып-типыл, мүлгіген дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда тығыз қатты тау жыныстарынан тұрды. Бұл тау жыныстары алғаш өздері пайда бола бастасымен-ақ, үздіксіз үгітілу құбылыстарына ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныстарына айналуы керек. Жер бетіндегі қатайған тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар бойы үздіксіз əсерінен бірте-бірте қирап, бұзылып, қопсыған жыныстарға айналды. Бұл құбылысты геологияда үгітілу деп атайды. Үгітілу құбылысы тарихи топырақ түзілуінен бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың түзілуіне жағдай жасады. Табиғат күштерінің, əсіресе, температураның, судың, желдің, күн сəулесінің, көшпелі мұздардың топыраққа əсері ерекше. Үгітілудің физикалық, химиялық жəне биологиялық түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық жолмен үгітілуі деп оның химиялық құрамы өзгермей, тек əртүрлі механикалық бөлшектерге бөлінуін айтады. Физикалық үгілулерге қатысатын негізгі күштер – температура, жел күші, тасқын сулар мен көшпелі мұздар. Физикалық үгітілудің қарапайым мысалын келтірейік. Мəселен, əртүрлі температура əсерінен тау жынысында жарылған сызат пайда болды делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де əлгі сызат үлкен жарыққа айна- 25 лып, қатты тау жынысын əрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда жиіжиі жауған жаңбырдан немесе қар қабаттарының көктемде бір мезгілде тез еруінен сел тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен тіпті, ірі-ірі тастар да допша домалайды. Бір-біріне соғылған тастар жаңғақша шағылып, майда жыныстарға айналады. Химиялық үгітілу – тау жыныстары құрамындағы əртүрлі тұздардың немесе басқа қосылыстардың суда, қышқыл мен сілтіде еруінен жəне ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын құбылыс. Мұның нəтижесінде химиялық құрамы жағынан жаңадан минералдық заттар пайда болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік қасиетіне, өзіндік салмағына қарай əр жерлерге түрліше шөгеді. Физикалық жəне химиялық үгітілу процестері, əдетте, қосарласа жүреді. Бұлардың өту жылдамдығы табиғи ортаның климат жағдайларына тікелей байланысты. Алайда, əр аймақтың климат жағдайларына қарай оның бір түрі екіншісіне қарағанда, басым болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, əрі күні жылы тропиктерде химиялық үгітілу құбылысы белсендірек өтеді. Ал ауа райы аса суық тундра немесе күні аса ыстық, ылғалы өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгітілу құбылыстары басымырақ жүреді. Физикалық жəне химиялық үгілулердің нəтижесінде таулар бұзылып, шыңдар мүжіледі. Құм мен балшық суға жуылып-шайылып, су күшінің кемуіне жəне жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді. Жел күшімен ауаға ұшады, шашырайды. Бұл ғасырлар бойы үздіксіз құбылысты ештеңе де тоқтата алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан, қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске түседі. Ескі дəуірде тірі жəндіктер мен өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда болмады. Физикалық үгітілу болсын, химиялық үгітілу болсын өзінше топырақ түзе алмайды. Топырақ түзілу құбылысы – физикалық та емес, химиялық та емес, биологиялық құбылыс екен. Үгітілу нəтижесінде қатты тау жыныстарынан қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда болады. Əдетте, физикалық жəне химиялық үгітілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге қоректік минерал заттар ауқымды геологиялық заттар айналымына түседі, де əртүрлі су ағыстарымен, өзендерге, 26 теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айналады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер қоныстана бастаған уақыттан бастап, олардың денесіне керекті заттар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің нəтижесінде көлемді геологиялық айналымға келіп түседі, яғни ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айналымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан, бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен, құрамында коректік заттары жоқ тау жынысы тірі организмдер мекендегеннен кейін қоректік биофильді минералды жəне органикалық азотты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз тау жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды. Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы – топырақ түзілу құбылысының бастамасы. Қопсыған тау жынысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық, химиялық үгітілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын тездетеді. Ең негізгісі – өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне жинап, ал күн сəулесінің күшімен жапырақтары арқылы (фотосинтез) көптеген органикалық заттар түзіп, Жер бетіне, өзінің тамырлары тараған Жер қабатына, олардың қорларын жинайды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп алғашқы топырақ шіріндісін (гумусты) түзеді. Бұл құбылыс – топырақ түзілуінің алғышарты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет