Реферат тақырыбы: Әл Фарабидің рухани мұрасы жайлы Курс: 3 ит группа Орындаған: Әсілбекова Г



бет3/4
Дата27.12.2022
өлшемі27,53 Kb.
#60002
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Рефарат Әл-Фарабидің рухани мұрасы

ІІІ.Қорытынды

Қорыта келе Әл-Фараби нысанын зерттеген ғалымдардың пікірінше: «Әл-Фараби – өз заманының және өз дәуірінің өкілі ретінде адамзаттың көптеген салаларында іргелі проблемалар туралы айтқан әмбебап ойшыл», - дейді. Әлем мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған Фараби мұрасын жинап, жүйелеп, зерттеп, ұлт мүддесі үшін Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен жасалған «Мәдени мұра» бағдарламасы шеңберіндегі шығыстың ғұлама ойшылы Әл-Фарабидің 10 томдық еңбектері, ғылыми трактаттары және кітапхана қорындағы философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономияға байланысты 193 дана кітапты оқырмандар назарына ұсынылды. Ұлы ойшылдың кейбір идеялары келешек ұрпақтарға арнап айтылғандай терең қасиетті мағынаға ие, қазіргі адамзаттың өмір шындығына сәйкес келеді. Бүгінгі күні әлемде орын алып жатқан жаһандық келіспеушіліктерге байланысты «Тек кемел ақыл-ой ғана, адамдар арасындағы жанжалдың (соғыстың) мағынасыздығын көрсетедіжәне олар ең жоғарғы ізгілікке жету үшін бір келісімге келуі тиіс», - деген пайғамбарлық тұжырымдарды иеленеді. Әл-Фарабидің еңбектеріндегі көрегендігі қазіргі таңдағы терең тұжырымдамалық маңыздарды растайды. Сондықтан ол әлемдік өркениет пен мәдениеттің тарихында терең із қалдырған ойшылдардың арасында лайықты орын алады.


Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып фило¬софия мен ғылымның барлық тараулары бойынша калам тартып аса ірі жетістіктерге жетті. Ол ғылымның түрлі салалары бойынша 150-ге тарта ірілі-ұсақты еңбек жазған Фараби, әсіресе, философия ғылымын көп зерттеген. Оның философиялық еңбектерінің басым көпшілігі грек ойшылдарының, әсіресе Аристотельдің мұрасын зерттеуге арналған. Фараби Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика". "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика" т.б. бірсыпыра философиялық және логикалық шығармаларына түсініктемелер жазған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет